Анашым-қорғаушы періштем
Жүргізуші: -Сәлеметсіздер ме қымбатты аналар! Бүгінгі кереметтей аналар мерекесінде бәріңізді бір сөзбен «аналар» десек әбестігі болмас. Көктем мезгілімен бірге келетін 8-наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, отбасылырыңызға бақыт тілейміз. «Бәтерек»-тобындағы кішкентай бүлдіршіндеріңіздің өздеріңізге арнап дайындаған «Анашым-қорғаушы періштем» деп аталған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Ашық аспан көгінде,
Періште баллар бас қосты.
Мереке екен бүгінде
Анасымен қауышар
Туылатын сәт жетті.
Перде ашылады, 5 періште балалар отырады:
1-бала: -Туылатын күн бүгін
Ашамыз дүние есігін.
Кім қандай ана таңдайды,
Тербетететін бесігін.
2-бала: -Менің анам мейірімді болса екен.
3-бала: -Ал менің анам сұлу, нәзік болса екен.
4-бала: -Менің анам мені қатты жақсы көрсе екен.
5-бала: -Мен де сондай ана қалаймын.
1-бала: -Ал ендеше аналар
Сәт жетті сізбен қауышар.
Біз сіздерге ұшамыз
Дүние есігін ашамыз.
Үнтаспадан: Туылайын деп жатқан періште сәби ала тағаладан сұраған екен: -Мені бүгін «туылысың» дейсің. Бірақ мен кішкентаймын ғой. Ол дүниеде қалай өмір сүремін?
Алла тағалам періште сәбиге: -«Сен уайымдама, сенің қасыңда қорғаушы періштең болады»-деген екен.
Періште сәби: -Мен оны қайдан табамын?
Алла тағалам: -Ол періште сені күтіп алып, ыстық алақанымен аялап өсіретін болады!
Сәби: -Ал оның есімі кім? Шатастырып алмаймын ба?
Алла тағала: -Ол кісінің есімі маңызды емес. Бастысы сен оны «Ана» деп атайтын боласың.
Әдемі әуенмен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: -Ияяя балалар, қонақтар біз қандай бақыттымыз, баймыз. Бәріміздің аяулы анамыз бар. Анамызды қатты қатты жақсы көреміз, бас иеміз.
Ән: «Ана»
Тақпақтар:
Кәусар.
Өмірге бізді келтіріп
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын
Ешқашан да қимаған
Көрмесін қайғы балалар
Аман болсын аналар!
Қ. Айша.
Ана- бақыт, ана-гүл
Ана –қуаныш, ана-жыр.
Азиз.
Мәпелеп өсірген
Қатемді кешірген
Тәрбиелеп оқытқан
Білім берген несібем.
Жігер.
Ақ сүтіңді ақтармын
Ізгілікті сақтармын
Сенен алған өнегем
Ақиқатты жақтармын.
Ерсұлтан
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
А.Нұрислам.
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз баланың
«Ана» деп айтар лебізі.
Би: «Анамызға көмек»
Есік қағылады: Қырсық пен Бұзық келеді.
Алдадық, алдадық.
Амина: -Апайларың кетті бұл жерден.
Айғаным: -Мен, қырсықпын! Ешкімнің тілін алмаймын.
Амина: -Ал мен бұзықпын. Ойыншықтарды шашып тастаймын. ОООО қандай әдемі көйлек. Утренник біткен соң маған бересің, түсіндің ба?
Айғаным: -Ал сіздер, маған әдемі көйлек әпересіздер ме?
Амина: -Ал маған торт керек. Үлкеееенн дәмді торт.
Әпересіздер мееее?
Ата аналар: -Жо-о-оқ.
Бұзық пен Қырсық: -Керек те емес.
Амина: -Ал сендер неге жиналып алғансыңдар?
Балалар: -Мерекеге
Айғаным:-Қандай мереке?
Балалар:-Аналар мерекесі.
Амина:- Аааа бізге айтпауларың керек еді. Енді мерекенің быт-шытын шығарамыз.
Айғаным : -Сенбейсіздер ме?
Біз сіздерге ұнадық па?
Ата аналар: -Жо-о-оқ.
Амина: -Балаларыңыз ше?
Ата аналар: -Ияяя. Олар өте ақылды.
Амина: -Қазір тексереміз. Балалар аналарың оятса оянбайсыңдар ғой я?
Балалар: -Оянамыз.
Айғаным:- Таңертең жуынбайсыңдар ғой я?
Балалар:-Жуынамыз.
Амина: -Аналарыңа көмектеспейсіңдер ғой я?
Балалар: -Көмектесеміз.
Бұзық пен Қырсық: Ашуланады.
Амина: –Біз сенбейміз сендерге. Өтірік айтасыңдар. Сондықтан сендердің аналарыңды сиқырлап кетеміз.
Айғаным:-Күлкілерін ұрлап етеміз.
Екеуі бірге: -Аналарды отырған,
Қаламаймыз күлгенін.
Күлкілерін жинап ап,
Алысқа алып кетеміз.
Жүргізуші: -Ой балалар мұнда не болып кетті? Аналарымыз неге ашуланып отыр?
Марем: -Сіз жоқта Бұзық пен Қырсық аналарымыздың күлкісін ұрлап кетті.
Жүргізуші:-Енді не істейміз? Сиқыршы шақырамыз ба? Ааа таптым. Бізге Көңілшек көмектесе алады. Ол үшін «Көңілшек»-деп дауыстап шақырайық.
Балалар: Көңілшек, көңілшек, көңілшек.
Көңілшек:-Сәлеметсіздер ме достар, қонақтар. Мені неге шақырғандарыңды білемін.
Марем: -Аналарымыз ешқашан мұңаймаса екен.
Көңілшек: -Аналар мұңаймау үшін, балалары қуанту керек. Өз өнерлерін көрсету керек.
Телефон үні естіледі.
Ало ияя қазір барамын. Тағы да мұңайған адамдар бар дейді. Мен сонда барайын. Сау болыңдар.
Жүргізуші: - Ал онда не тұрыс балалар, аналарымыздың көңілін көтерейік.
Би: «Отбасы»
Тақпақтар:
Д. Нұрислам.
Сыйлаймын мен жырымды
Сізге арнап жаттаған
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын ақ анам.
Алинұр.
Анашым анам, Ризамын саған
ТіліңдІ алам, Ақылды болам.
Диера
Менің анам ақ анам
Жұмсағанда тіл алам.
Ойыншыққа толтырды
Айналайын ақ мамам.
Ахмет.
Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күншуақ
Бізге қымбат анамыз
Адият
Сыйлаймын мен әнімді
Сізге арнап жаттаған
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын, ақ анам
Т.Айша
Анам менің- өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін
Гүлзат
Мерекені қарсы алып
Мәз болғанда барша жұрт
Гүл ұсынып қыздарға
Береміз біз аналарға ән салып
Айжұлдыз
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз- балалар
Амина
Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын, ақ анам
Менің анам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Ән: «Мамин праздник»
Көктем ханшайымы келеді: -Сәлеметсіздер ме.
Даланы гүлге ораймын
Көңілді күй де сыйлаймын.
Өнерлерің қандай тамаша,
Қарап тұрып тоймаймын.
Жүргізуші: -Қош келдің ару Көктем. Гүлдерің қандай әдемі. Өздері жайқалып билегілері келіп тұрған секілді.
Би: «Гүлдер»
Тақпақтар
Акбаршах
Көктем болды, алақай
Қуанар барлық балақай
Көктемде жаңбыр болады
Бақшаға гүлдер толады
Тамила
Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді
Айғаным
Аяулы анашым-ардағым
Жанымда жүрші әрдайым
Құлпырған гүлімдей жайнай бер
Әнімді мен саған арнадым.
Айару
Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай сізді жақсы көрем деп
Ақырын құлағыңа сыбырлайын
Ажарай
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем апамды.
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы көрем әжемді
Марям
Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күнненде.
Құттықтаймын анашым
8-ші наурызбен.
Диана
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым.
Елнұр
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Арсланбек
Анаң болса қасыңда,
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Ән: «Наурыз көктем»
Би: «Латина»
Көктем ханшайымы: -Жарайсыңдар балалар! Мені басқа балалар да күтіп отыр. Қош сау болыңдар.
Жүргізуші: -Көктем келді жайқалып
Жақсылығы байқалып.
Көңілденсін аналар,
Бақытты болсын балалар.
Би: «Көңілді би»
Қымбатты аналар балалардың әзірлеген өнерлері ұнады деген ойдамыз. Біздің мақсатымыз сіздердің көңілдеріңізді көтеру болатын. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. Назарларыңызға рахмет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз