400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

«Анашым қуанышым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналган көмекші ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 15 «Балбөбек» бөбекжайы.











«Анашым қуанышым»

(ертеңгілік)



Ортаңғы «Балапан» тобы.

Тәрбиеші: Г Әбуова.











2018-2019 оқу жылы.





Тақырыбы: Анашым қуанышым.

Мақсаты: Ана бала қуанышы,анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру.Анаға деген бала махаббатын ояту.Анасын сүю арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ертеңгілік барысы:

Жүргізуші:

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Қош келдіңіздер! Аяулы аналар,қызғалдақ қыздар,қадірлі ұстаздар!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі «Анашым қуанышым» -атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.Қошеметпен балаларды шақырайық.

(Балалар орындарына келіп тұрады)

Хормен:

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге,бас иеміз біз.

Тәрбиеші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық,

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Хор: «Анашым»

Жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын бүлдіршіндеріміздің аналарға арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

1.Хамза

Жеңге,апа, тәтені. 4. Жанел

Жақсы көрем апамды,

Жүремін бірге ылғи еріп.

Қарындас пен әпкені Тауға мені апарды,

Құттықтаймыз мейрамымен, Талай қайттық гүл теріп.

Ақылшы ,дана әжені. 5. Рамазан

Алтын апам ол менің,

2 Нұрәділ.

Жанымызды жайнатқан, Мені жақсы көреді.

Сіздерсіз ғой аналар Үйретеді өлеңін,

Зор денсаулық мол бақыт Ертегі айтып береді.

Тілейміз,біз балалар. 6. Саят

Өзің мені өсірген,

3. Дінмұхаммед

Сенен өскен балалар, Айналайын ақ әжем.

Сенен өскен даналар, Тентек болсам кешірген,

Құттықтаймыз мейрамымен, Ауырмашы әй әжем.

Құрметті аналар.

Жүргізуші:

Қариясы бар үйдің қазынасы бар –деп бекер айтылмаған.Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Ән: «Әжемнің шайы». Орындайтындар:Жанел,Замира.

8. Нұрия

Жарқын жүзді жан анам 4 Бақдәулет

.Ана-өмір жырағы, Сендей болса бар адам

Ана-өмір бұлағы. Шаттық кетпес баладан.

Бесігімнің жыр әні, 12. Айшабибі

Ана біздің күніміз.

Жүрегімде тұрады. Ана біздің гүліміз

9 Нұрай

.Шай қайнатып барейін, Ұландарды қуантып

Шекер салып жан әжем Ұзақ өмір сүріңіз.

Өзім құйып берейін, 13. Аяна

Ақ сүтін берген анашым,

Балдай тәтті жан әжем. Ақылды менің данашым.

10. Мейірім

Сенен өскен балалар, Өзіңдей жанды әлемнен,

Батырлар мен даналар. Қайдан табамын анашым.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

Жүргізуші:

Үкілі камшат,бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі,қимылсыз билеп.

Иықтан шашып,төгіліп жерге,

Күмісті шашбау,жарасып белге.-демекші,ендігі кезекті биші қыздарымыздың «Жаңбыр» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Дүние ойдан шығалы,

Өзімді-өзім ұмытып,

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып,-дей отырып,ендігі кезекті әнге берейік.

Ән: Мамамның мерекесі. Орындайтындар: Нұрсезім және Ұлжан.



14 Дамели

Менің анам ардақты

Алтыннан да салмақты,

11 Бексұлтан

.Ақ қабақты анашым, Жақсы көріп баласын

Күн сәулелі анашым, Мәпелейді анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін қанеки көңіл-күйлер,

Алдарыңызда қазіргі қазақ биі,

Таң қалдырып қанеки би билеңдер,-демекші ендігі кезекте

«Айгөлек» биін қабыл алыңыздар.

Ойын: «Қыздарға гүл сыйлау»

Ойын шарты: Екі-екі қыз жігіт болып екі жұп ортаға шығып музыка ырғағымен вальс биін билейді.би тоқтаған кезде ортада ұстол үстінде тұрған гүлді жүгіріп барып,екі ұлдың біреуі алып би билеген қызға береді. Ойын екірет қайталанады.

Ән «Ақ мамам» Орындайтын:Бағдәулет.

Бишілер бар біздерде қыздар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін,

Таң қалдырып қанеки би билеші.

Қол соғып,демеу берсе көрермендер.

Би: «Күн» биін қабыл алыңыздар.

Ата- анамен ойын. «Өтінемін»

Қатысушылар ортаға жарты шеңбер жасап тұрады.

-Құрметті ата-аналар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

-Рахмет,өтінемін,т.б.

-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын,егер мен «өтінемін»деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам,сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

-Секіріңдер.

-Өтінемін,алақанмен қол шапалақтаңыздар.

-Оң аяқтарыңызды көтеріңіздер.

-Өтінемін бір-біріңізді құшақтаңыздар.

-Көздеріңді жұмыңдар.

-Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар.

-Өтінемін,музыка ырғағымен билеңіздер.

-Өтінемін сіздерге үлкен рахмет,орындарыңызға жайғасыңыздар.



Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай бүлдіршініміздің орындауында «Ақ мамам»әнін,қабыл алыңыздар

Ән «Ақ мамам»

Орындайтындар: Айбар,Ақжібек,Айтөре.

Жан анам құттықтаймын мереке күніңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен,

Өрлесін елдің берген бақыт,бағы,

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен,-деп ендігі кезекте «Аман болшы анашым» әні қабыл алыңыздар.

Хор: «Аман болшы анашым».

Ана дейміз бәрімізде аңқықылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ-дей отырып бүгінгі «Анашым қуанышым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Ардақты аналар,әжелер,бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттық нұры кетпесін.

Сау саламатта болыңыздар!





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
724
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі