Материалдар / Анашым сені жақсы көремін
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Анашым сені жақсы көремін

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз аналар мерекесіне арналған тәрбие сағаты жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
59
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы : Анашым

Тәрбие сағатының мақсаты. Аналарға сый,құрмет көрсету.

Тәрбие сағатының басталуы:

Ана туралы монолог аудиомен жіберіледі.

Ортаға оқушылар шығады. Ән «Ана деп ән саламын» Абай орындайды.

1-оқушы . Дінмұхаммед
«Бар жақсылық, күллі әлемге тараған
Аналардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Ардақты аналарға арналған.

2- оқушы: Cезім

Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

3- оқушы: Ботакөз

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

4-оқушы: Нұрасыл

Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,

Мен де анамды жақсы көрем, себебі!

Білесің бе, бұл əлемге адамдар,

Ана жайлы айту үшін келеді!

5-оқушы: Нұрлыбек

Аналарды сүйеміз! 

Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

Жүргізуші: Алпамыс

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардаң туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар!

-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі «Мен сені жақсы көремін,Анашым!» атты өздеріңізге арнаған кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Алпамыс

Құлақтан кіріп бойды алар

                     Әсем әнмен тәтті күй

                     Жүрекке жылы ой салар            

                     Әнді сүйсең менше сүй деп, Абай атамыз жырлағандай келесі кезекте

Ән: «Ана мен сәби» орындайтын Құрмашева Ақкүміс пен Ботакөз

Жүргізуші: Алпамыс

Ана мені дүниеге әкелген

Ақ сүтіңнен нәр алып-ақ өсіп ем,

Балалықпен қанша тентек болсамда

Мейіріммен барлығында кешірген.

Айымсың ғой, күнімсің ғой жан анам,

Ақ тілекті біздер үшін арнаған.

Ренжітіп, мұңайтпаймын ешқашан.

Қадіріңді ұмытпаймын анашым.

Ендеше осы асыл аналарымызға арналған оқушылардың тақпақтарына кезек берейік:

6 оқушы. Әмина

Жанымызды жайнатқан

              Сіздерсіз ғой аналар

              Зор денсаулық,мол бақыт

              Тілейді барша балалар

 7 оқушы. Ернұр

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың

             Ана деген- қайнар ыстық бұлағың

             Ана деген- өмірдегі қамқорың

             Ана деген-сүйенерің,жан құрбым

 8 оқушы. Кәусар

Құлпырған гүлдей

                Көктемгі күндей

                Жылылық маған

                Төгесің үзбей

  Сауле шашқан әсем күндей

              Көтерілсін көңіліңіз            

               Жарқыраған қызыл гүлдей

               Болсын әсем өміріңіз

9 оқушы. Ал Азим

Қадірлі аналар көңілі

               Көктемдей жайнап гүл ашсын

               Бақытқа толып өмірі

               Шаттыққа шаттық ұлассын

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

              Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз

               Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

               Бұл өмірде күліп қана жүріңіз 

10- оқушы: Мүсілима

Ана деген асыл жандар,болаттай

                 Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

                 О,адамдар ,қадірлей біл ананы

                  Жат қылыққа  ақыл ойды талатпай

10 оқушы. Асма

Ақ әжемді арқашан

                Сыйлап жақсы көремін

                Қуантайын деп оны

                 Өлең айтып беремін

  Өзің мені өсірген

                Айналайын ақ әжем

                Тентек болсам кешірген

                 Балдай тәтті бал әжем

11 оқушы. Данияр

Әже деген көп шығар

            Әжемдей менің жоқ шығар

             Мейірімді бұл кісі

             Қандай ғажап күлкісі

Тірегі болып жанында

              Бірге еріп жүремін

              Жанашырым жанымда

              Тек әжем деп білемін

              Жүрегімде тұрады

  Жүргізуші: Алпамыс

Ән «Әжемнің шәйі» орындайтын Алпамыс

   Жүргізуші: Алпамыс               

Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын бәйшешек гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Талшыбықтай бұралған

Қыздарымыз қарап тұрмасын

Би:  « Қуыршақ »  Қыздар 

Жүргізуші:  Алпамыс

Шалқып тасып әніміз

                    Жадырасын жанымыз

                     Ана сені құттықтап

                     әндетеміз бәріміз

 Ән: « Біз бақытты баламыз» Нұржан , Жасмин, Айдын  

Жүргізуші:Алпамыс

О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған

                     Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман

                     Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң

                     Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң

Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды  сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.

  Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.

                                 Ана- біздің гүліміз

                                 Ұландарды қуантып

                                 Ұзақ өмір сүріңіз

Би: « Ана жүрегі »

Мұғалім: Құрманай Бақтиярқызының

Ана туралы
Ана - шырақ, ұрпағымен жағылған,
Өз анасын бар періште сағынған.
Құдіретін сезінгендер бас иіп,
Ана деген үш әріпке табынған.

Аман болса ана деген ардағың,
Күндей болып нұрланады жан - жағың.
Қуаныш пен бар қайғысын өмірдің
Ана ғана көтереді салмағын.


Ана деген жылағанды жұбатқан,
Ана мөлдір жаралғандай бұлақтан,
Қорған болып аймаласа перзентін,
Тәңірінен амандығын сұратқан.

Ана ғана шын ұғынған жаныңды,
Ана берген жүректерге жалынды.
Қарызыңнан құтылмайсың мәңгілік,
Аналардан аямаңдар барыңды.



Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген,
Ана ғана өткізеді өткелден.
Жадыратса жаздай етіп жаныңды,
Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен.

Ана болса, жүзіп өтер кемең бар,
Анаң болса, қартаймайсың деген бар.
Тірі кезде қадірлесең анаңды,
Шын өкініш жауламайды санаңды.

Аналардың бар тамырын идірген,
Ана ғана ұрпағыңды сүйдірген.
Алла өзі жаратқанда ананы
Пенделердің жерге басын идірген.

Ұзақ өмір жасай берсін аналар,
Аналарын қадірлесін балалар.
Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,
Аман болсын ақ жаулықты аналар.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!