Анашымның мерекесі!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анашымның мерекесі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға көктем туралы мағлұмат беру, 8 наурыз бүкіл дүниежүзілік мейрам екенін түсіндіру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрмет ерекше екенін ұғындыру, ана мен баланың арасын дағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету, ертегі қойылымы, ма қал - мәтел, өлең, ән айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,

Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы

168 орта мекетбінің жанындағы

«Ақниет» шағын орталығының тәрбиешісі

Карарова Жулдызай Балтакожаевна



«Анашымның мерекесі!»


Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларға көктем туралы мағлұмат беру, 8 наурыз бүкіл дүниежүзілік мейрам екенін түсіндіру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрмет ерекше екенін ұғындыру, ана мен баланың арасын дағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету, ертегі қойылымы, ма қал - мәтел, өлең, ән айту.
Көктем мезгілінің құбылыстарын, анаға қалай көмектесетіндері туралы өз ойларын жеткізу арқылы байланыстырып сөйлеуге талпындыру, сөздік қорын жетілдіру, ойын арқылы ой - өрісін дамыту, қолайлы ортаұйымдастыру арқылы қызығушылығын,белсенділігін арттыру, көңіл - күйлерін көтеру.
Тәрбиелік: Отбасына, туыстарына мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамын көтеру, әдемілікті сезіне білуге үйрету.
Керекті құралдар: Ертегі декорациясы, үйшік, ағаштар, «Ыдыс - аяқтар» дамытушы ойын ортасы, кейіпкер костюмдері, гүлдер түрлі - түсті.

 Аяулы Ана! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!



Өмірдің әр қырынан іздеп арай,

Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.

Алпыстың асуынан еркін асып,

Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!

«Жеті лақ» ертегісі қойылымы.
Рольдерде: Ешкі ана- Дария
Қасқыр–Айтқазы

Жеті лақ: -Медина,Жансая,Айару,Мерей,Айару,Інжу,Инабат.

Аю- Арон.
Балалар сазды әуенмен залға кіреді.





Тәрбиеші:Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық,
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары



Ана деген тіршілікте пана болып,
Әрбір үйде жұлдыз боп жанады.
Құтты болсын, 8 - наурыз мерекеңіз
Үйіңізде болсын бақыт берекеңіз!
Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілемін,
Дән боп жерге себілемін.
Жаңбыр болып жауамын да,
Нұр боп көктен төгілемін.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын
.
Тәрбиеші:Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші:Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Ән: «Көктем»

Барлығы:Көктем келді шуақты, Балаларды қуантты. Алақай-ау, алақай! Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.
Тақпақтар ана туралы:
Мерей: Ананың біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз,
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!










Мақсат:Мерекесі бүгін
Алтын анамның,
Сыйлайыншыгүлін,
Жарқын даламның.
Ермұхаммед:Күлімдеген көзі,
Күннің нұрындай,
Ұлым деген сөзі,
Ақын жырындай.

Ән:»Ақ мамам!»
Нұрмұхаммед: Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!
Жансая: Айналайын анашым - әлемдегі жан асыл,
Болса маған не керек, бәрін іздеп табасың,
Айналайын анашым - асқар таудай панасың,
Күн көзіндей күлімдеп, құшағыңа аласың.
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ару көктем: Менің алып келген әдемі гүлдерім бар.Егерде сендер менің тапсырмаларымды орындасаңдар, сол гүлдерді сендерге сыйлаймын.

1- тапсырма:

«Анаға лебіз білдіру»
2- тапсырма:

«Суреттерге әңгіме құрастырыңдар»
Слайд.
Көрініс: «Үш ана»Ән: «Әжетайым»Інжу:

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген маматайым
Сәлем айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Айару.Р: 8 - наурызкелді,
Шаттықсезім ап келді.
Қуаныштыкүндерде,
Құттықтаймызсіздерді

Арон:Құрт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт Көрімдігін асырсын










Инабат:Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

Би: «Гүлдер»
Әликош:Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
Расул:Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.

Би: «Жігіттер»
Алмат:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған,
Бақыты үшін балаңның,
Аман сау бол, ақ мамам!
Битөре: Аялапалақан,
Әлпештепөсірген.
Аяулыжананам,
Қатемдікешірген.

Би: «Ковбойлар»
Би: «Испан»Ән:

«Құттықтаймын, мама!»

Би: «Менің кішкентай әлемім!»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2017
709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі