400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анасының ақылын тындаған ботақан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдырған» балабақшасы

Келісілді:_________ Бекітемін:__________

Әдіскер:Дементьева Н.А. Меңгеруші:Салиева Қ.С.











Кіріктірілген оқу қызметі:

Театрландырылған қойылым. Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Анасының ақылын тыңдаған ботақан.» ертегісі.



Ортаңғы «Қарлығаш» тобы













Тәрбиеші: Жанузақова А Т







2017-2018 оқу жылы

Кіріктірілген ашық оқу қызметі.

Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар».

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық».

Бөлімі: Көркем әдебиет, мүсіндеу.

Тақырыбы: «Анасының ақылын тыңдаған ботақан» ертегісі.

Мақсаты: .Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу тілін дамытуға және драмалауға,рөлдерді сомдай білуге үйрету.

Ермексазды үзіп алу және жағу әдістерін пайдалануды қалыптастыру.

Ұқыптылық пен тазалыққа,адалдыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: бота –верблюженок; балапан-цепленок;

Сөздік жұмыс: ботақан.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы






Сәлемдесу.

-Сәлеметсіздерме? Здравствуйте.

Шаттық шеңбері

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Судай мөлдір,таза көңілмен.

Бүгінгі күнді бастаймыз!


-Балалар жаңбыр жылдың қай мезгілінде көп жаңбыр жауады?

-Көктем

мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдер?

-Жаңбыр бұл көктемнің алғашқы тамшылары.

Алғашқы тамшыдан су пайда болады.

Судан өзен мен көлдер пайда болады,сусыз адамдар өмір сүре алмайды.

Су адамға,жан-жануарларға, өсімдіктерге керек.


-Сәлемдеседі.


Балалар шаттық шеңберін іс-қимылмен орындайды.



-Көктемде көп жаңбыр жауады




Жаңбыр пайдалы.





Сусыз адамдар,өсімдіктер,жан-жануарлар өмір сүре алмайды.

Ізденуші-ұйымдастырушы
































































































































































Кіріспе әңгіме

-Балалар, ертегі деген не?

-Не үшін ертегі деп айтамыз?

-Балалар сендерге «Анасының ақылын тыңдаған ботақан» ертегісін оқып бергеміз,бүгін сол ертегіні сахналап берейік.

Бүгін бізге қай ертегінің бас кейіпкерлері қонаққа келді, төмен қараңдаршы. (үстел үстінде түйе мен ботақанның әңгімесін драмалау.)

-Бұл ертегіні бәрімізде білеміз, есімізге түсіріп көрейікші.

Билингвальды компонент:

бота –верблюженок; балапан-цепленок;

Сөздік жұмыс:ботақан

Дидактикалық ойын: «Жартысын тап»

Тәрбиеші:

-Енді балалар ертегіні есімізге түсіріп көрейікші. Ертеде бір түйе мен ботақан өмір сүріпті.

Түйе:Түйе,түйе,түйемін,

Жануармын киелі.

Қара көзің мөлдіреп,

Жібек жүнің үлбіреп.

Қарасам көз тоймайды.

Ботаым мен саған достан басқаның бәрін бердім,енді өзің сияқты адал дос тап дейді.

Сөйтіп бота өзіне ұқсайтын ,жағымды үні бар дос іздеп шығады.

Бота:Бота,бота,ботамын,

Ақылды боп атандым.

Бө-ө-ө!Мен дос іздеп жүрмін.

Қозы:Мә-ә-ә-ә!

Лақ:бә-ә-ә!

Кел ,бәріміз дос болайық!(Айналып секіреді)

Бота; Жо-жоқ, сендер сияқты дос емес.

Қозы, лақ; Мүмкін күшік дос болар.( Бота күшікке келеді)

Бота; Бө-ө-ө-ө!Мен дос іздеп жүрмін.

Күшік;Әуп-әуп!

Мен күшікпін саққұлақ,

Кел,екеуміз дос болайық!( Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ ,сен сияқты дос емес.

Күшік: Мүмкін мысық дос болар(Бота мысыққа келеді)

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Мысық: Мияу-мияу!

Мен кәдімгі мысықпын,

Кел екеуміз дос болайық!(Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Мысық: Мүмкін әтеш дос болар( Бота әтешке келеді)

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Әтеш:Ку-ка-ре-ку!

Бұрап қойған сағаттай

Айғайлаймын таң атпай.

Кел, екеуміз дос болайық!(Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Әтеш: Мүмкін балапан дос болар(Бота балапанға келеді)

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Балапан: Мен әдемі балапан

Жем шоқиық, ойнайық!(Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Балапан: Мүмкін бұзау дос болар.(Бота бұзауға келеді)

Бота:Бө-ө-ө,мен дос іздеп жүрмін.

Бұзау: Әлі-ақ өсіп, толамын,

Дәу тайынша боламын.

Кел, екеуміз дос болайық!(Айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

.( Бота араға келеді.Ара ызылдап гүлдерге қонып жүреді)

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Ара: З-з-з-з-з!

Ұшып келсем қасыңа,

Менен босқа шошыма.

Гүл терейік , бал жинайық!(Айналып секіреді)

Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады Бота; Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

.Басы салбырап, дос таба алмай, өз анасына келеді.

Түйе: Дос таптың ба, боташым?

Бота: Жоқ анашым, сенбесеңіз көктегі Күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.

Түйе: Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым.Досты жан тазалығымен таңдау керек.

Бота қуанып, адал достары қозыны,күшікті, мысықты, әтешті, балапанды, бұзауды,араны ертіп келіпті.Содан бері бота адал достарымен тату өмір сүріпті.

Сергіту жаттығуы

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Қуыр,қуыр,қуырмаш,

Әжең келсе есік аш.

Дидактикалық ойын: «Не нені жақсы көреді?»

Мақсаты:жануарлардың нені жақсы көретінін балалар табуы керек .

-Енді біз ботамызға арнап жантақ жасап берейік.

Жасау жолдарын балаларға түсіндіру.

-Көмек қажет болған балаларға көмектесу.

Жақсы рөлде ойнаған балаларға,әдемі пластилинография жасаған балаларды мақтау,мадақтау.





-Ертегіде жан-жануарлар сөйлейді.






Балалар тәрбиешімен қайталайды.



.

бота –верблюженок; балапан-цепленок;



Ойынды балалар қызығушылықпен жақсы ойнады.














-Балалар мұқият тыңдайды.





-Сау бол!







Айналып секіреді.










-Жоқ болмайды.








-Балалар әр сөзді қайталап, оны қимыл-қозғалыспен көрсетеді.






















-Бұзау: Мүмкін ара дос болар.






Ұшып келсем қасыңа,

Менен босқа шошыма.




















Өлең жолдарын қайталап,қимылдармен көрсетті.



Ойынға қызығушылықпен қатысты.




Балалар дұрыс жасауға талпынды.




Балалар ботаға көмектескендеріне қуанды.


-Ал енді балалар балаларға риза болып рақмет айтып сыйлығын береді.

-Балаларға рақмет айтып қоштасады.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: Жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра біледі.

Игереді: Аңдарды ажыратуды үйренеді.

Қолданады: ермексазды жағу әдісі арқылы қолдана алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі