Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

анатомия және Физиология

Материал туралы қысқаша түсінік
«Анатомия және физиология» тақырыбындағы таңдау курстың мазмұны пәннің тарауларымен тікелей байланысты. адам пішіні мен құрылысын, оның даму заңдылықтарына сәйкес, сыртқы және ішкі ортаның әсері мен атқаратын қызыметі арасындағы байланысты түсінуге көмектеседі Оқу құралы 10-сыныптың білім алушыларына арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
«М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ №86 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ » ШЖҚКК
Г.К.Азимбаева
«АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯ»

Жалпы білім беретін мектептің
таңдау курсына арналған
оқу құралы
10-сынып


Астана қаласы, 2023 жыл


Page 2

Астана қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №86 мектеп-
гимназиясының» әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралды, қалалық
Астана қаласы әкімдігінің Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кеңесінде қаралып,
қалалық Сараптамалық кеңеске ұсынылды (хаттама № , .01.2023)
Пікір жазғандар: Тосмағанбетова К.С. - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доцент м.а. РhD
Наганова Н.С – Астана қаласы №86 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі,
педагог-зерттеуші
Құрастырушы: Азимбаева Гаухар Кураловна
«АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯ» жалпы білім беретін мектептің 10
сыныбына арналған оқу құралы. Астана: 2023.127 бет.
Аңдатпа
Анатомия және физиология » тақырыбындағы қолданбалы
курстың мазмұны пәннің тарауларымен тікелей байланысты. адам
пішіні мен құрылысын, оның даму заңдылықтарына сәйкес, сыртқы
және ішкі ортаның әсері мен атқаратын қызыметі арасындағы
байланысты түсінуге көмектеседі Оқу құралы 10-сыныптың білім
алушыларына арналады.


Page 3

Алғы сөз
Адам анатомиясы — адам денесінің құрылысын зерттейтін және осы
құрылымның қызмет пен қоршаған ортамен байланысты заңдылықтарын
зерттейтін ғылым. Адам анатомиясы білім алушыларға дене шынықтыру
және спорт саласындағы, жоғары оқу орындарының оқу процесінде және
одан кейінгі кәсіптік қызметте қажетті білім жиынтығын алуға мүмкіндік
береді.
Бұл курс қазіргі заманғы түсінік тұрғысынан өмірлік циклдің әртүрлі
деңгейлеріндегі өмірдің негізгі сипаттамаларын ұсынады. Медициналық
биология пәндері жүйесіндегі биологияның жағдайы мен міндеттері
нақтыланды. Білім алушыларға медицина мен биология арасындағы
маңызды байланыстарды көрсетеді. Медициналық коледждерге және
жоғарғы медициналық оқу орындарына түсуге дайындау үшін де
пайдалануға болады.
Анатомия және физиология медицина ғылымының негізгі пәндері болып
табылады, олар адам ағзасының құрылымы мен қызметін зерттейді. Бұл екі
білім саласы бір-бірімен тығыз байланысты және дененің барлық
жүйелерінің жұмысын түсіну үшін қажетті негіз береді. Анатомия адам
ағзасындағы мүшелер мен тіндердің құрылымын зерттейді. Ол олардың
морфологиясын, орналасуын, пішінін және қарым-қатынасын сипаттайды.
Анатомия мүшелерді макроскопиялық зерттеуді (олардың сыртқы түрі мен
өзара орналасуын) және тіндерді (жасуша құрылымы мен олардың
функцияларын) микроскопиялық зерттеуді қамтиды. Физиология өз кезегінде
ағзаның мүшелері мен жүйелерінің жұмысын, сондай-ақ олардың жұмысын
реттеуді зерттейді. Ол ағзаның өмірлік маңызды функцияларын қалай
орындайтынын және бұл процестердің бір-бірімен қалай әрекеттесетінін
түсіндіреді. Физиология тепе-теңдікті сақтау және дененің дұрыс жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін дененің әртүрлі құрылымдарының қалай жұмыс
істейтінін анықтайды.
Әр сабақ соңында кері байланыс алынады.
Не үйрендім?
Не түйдім?
Қалай қолданамын?


Page 4

Шартты белгілер:
Сабақ реті
Оқылым тапсырмасы
Тест тапсырмалары


Page 5

1-сабақ. Кipicпе. Анатомия жайында түсінік
Мақсаты: Анатомия жайында түciнік беру
Бағалау критерийі: Анатомия жайында түciнік береді.
Анатомия (грекше «anatome» – кесу, сою, бөлшектеу) – ағза мен мүшелердің
пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. Физиология (грекше «physіs» –
табиғат, «logos» – ғылым) – мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін
(тіршілік әрекетін) зерттейтін ғылым. Гигиена (грекше «hygіeіnos» – дені сау)
адам денесінің дұрыс қалыптасуына және денсаулығын сақтауға қажетті
жағдайларды зерттейді. Анатомия мен физиология ғылымдарының қысқаша
даму тарихы. Анатомия көптеген пәндердің негізгі. Гистология, цитология,
әмбриология, физиология, психология, антропология, салыстырмалы
анатомия, генетика анатомия пәніне тығыз байланысты.
Адам анатомиясы туралы қызықты деректер
1.Сүйектің саны —206
2.Бұлшық еттер саны — 639
3.Бүйрек саны — 2
4. Сүт тістерінің саны -20
5.Қабырғалардың саны — 24 (12 жұп)
6.Жүрек қақпақшаларының саны — 4
7.Ең үлкен артерия —Қолқа
8.Қалыпты қан қысымы — 120 / 80 mmHg
9.Қанның Ph —7.4
10. Омыртқалардың саны — 33
11.Мойын омыртқаларының саны — 7


Page 6

12.Ортаңғы құлақтың сүйектерінің саны — 6
13. Бет сүйектерінің саны — 14
14.Бас сүйектерінің саны —22
15. Кеудедегі сүйектер саны —25
16.Қол сүйектерінің саны — 6
17.Қолдың бұлшық еттерінің саны — 72
18. Жүрек насостарының саны — 2
19. Ең үлкен мүше —Тері
20. Ең үлкен без —Бауыр
21. Ең үлкен жасуша —Әйелдің аналық безі
22.Ең кішкентай жасуша — Еркек гаметасы
23. Ең кішкентай сүйек — Тобық
24.Ең алғашқы трансплантацияланған мүше — Бүйрек
25.Аш ішектің орташа ұзындығы — 7м
26.Тоқ ішектің орташа ұзындығы — 1,5м
27. Жаңа туған нәрестенің орташа салмағы — 2,6 кг
Не үйрендім?
Не түйдім?
Қалай қолданамын?
2-сабақ. Анатомия мен физиология ғылымдарының даму
тарихы.
Мақсаты: Біздің заманымызға дейінгі кезеңде анатомияның дамуы
Бағалау критерийі: Біздің заманымызға дейінгі кезеңде анатомияның
даму тарихын біледі
Анатомия мен физиологияның дамуына әр елдің ғалымдары зерттеулер
жүргізіп, үлкен үлес қоскан. Өте ертеден-ақ әр түрлі төжірибелер жасау
арқылы адам ағзасының құрылысы мен кызметін терең зерттеп білген.


Page 7


Гиппократ (ж.с.д. (жыл санауға дейінгі) шамамен 460-370) –көне Грецияда
медицина саласын жан-жакты зерттеген ғалым Адам денесінің құрылысына
көптеген бақылаулар жасап, оныжинақтап, бір жүйеге келтірген. Әсіресе
адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бірімен-бірінің жіктер
арқылы байланысатындығын толық сипаттаған. Омыртқалар мен қабыр-
ғалардын, бұлшық-еттердің, ірі қантамырларының кұрылысын зерттеген.
Гиппократ - анатомия ғылымының дамуына кезінде үлкен үлес қосқан
ғалым. [1].
   Клавдий Гален -(шамамен 130- 200) Гиппократтан
кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік
анатом және физиолог ғалым. Өзінің оқыған
дәрістерінде маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған.
Себебі ол кезде адам мәйітімен жұмыс істеуге рұқсат
етілмеген. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын
толық сипаттап берген. Дәнекер ұлпасы, бұлшықеттер,
жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын
зерттеген. Ішкі мүшелер мен сүйек қабығын, сіңірлерді
де сипаттаған. «Адам дене бөліктерінің міндеттері
туралы» атты еңбегінде анатомиялық тұрғыдан өзінің пікірін білдіріп,
мүшелердің анатомиялык құрылымының қызметімен тығыз байланысты
екенін көрсеткен. 
Әбу Насыр әл-Фараби - (870-950) Әбу Насыр Әл-
Фараби (870-950) - Аристотельден кейінгі ойшыл,
данышпан философ. Баяғыда, орта ғасырларда
философиялық және медициналық білім бір-
бірімен тығыз байланысты болды. Оның
еңбектерінен әл-Фарабидің медицина
«Адамзатты табиғат емдейді.
Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» 


Page 8

ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білетіні белгілі. Әл-Фарабидің
өмір сүрген жылдарында жаратылыстанудың ең дамыған салаларының бірі
медицина болды. Ол кезде бұл "емдік дағдылар туралы ғылым"деп аталды.
Ол медицинаның міндеті адам ауруларының себептерін анықтау ғана емес,
сонымен қатар адам денсаулығын сақтау жолдарын, ауруларды жою
жақтарын зерттеу екенін атап өтті [1].
Тәжік дәрігері және философы Әбу Әли Ибн Синаның (шамамен 980-
1037) "анатомия мен физиологияға кіріспе", "Дәрігерлік ғылымның
ережелері" ("Дәрігерлік ғылымның каноны") еңбектері өте құнды. Бұл
еңбектерінде ол анатомия мен физиологияны жүйелеп, оны қосымша
ақпаратпен толықтырды. Кітап Латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет
қайта басылды
Андреас (Андрас) Везалий   (1514-1564)-ғылыми
анатомияның негізін салған ғалым, Италиядағы Падуан
университетінің профессоры. Мәйіттермен жеке бақылаулар
жүргізіп, 7 кітаптан тұратын «Адам денесінің құрылысы
туралы» (1543) еңбек жазған. Бұл еңбегінде ғалым қаңқа,
сіңір, бұлшықеттер, қантамырлар, жүйкелер, ішкі мүшелер,
ми мен сезім мүшелерін жүйелеген.
Уильям Гарвей(1578-1657) - ағылшын дәрігері, анатом. Қанайналымның
тұйык екенін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің
болатынын ашқан ғалым. [1].
Сеченов Иван Михайлович - ойшыл материалист, орыс физиологиялық
мектебінің іргесін қалаушы. Ол табиғаттанудың негізгі
қағидаларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның
психологиялық ішкі мәнін ашты..Иван Михайлович
Сеченовты- физиологияның атасы деп санайды.


Page 9

Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі
тежелу үдерісін ашқан. 1863 жылы «Ми рефлекстері» еңбегін жарыққа
шығарды.
 Атақты ғалым-биолог, Нобель сыйлығының лауреаты Илья Ильич
Мечников(1845-1916) лейкоциттердің (қан жасушасы) бөгде заттарды сіңіріп
қорытуын фагоцитоз деп атады. Қанның лейкоцит жасушаларының қызметін
жан-жақты зерттеген ғалым.Әйгілі орыс ғалымы."Адам табиғаты туралы
этюдтер"деген еңбегінде қартаю және өлу проблемаларын зерттеді.
Иван Петрович Павлов
(1849-1936)физиологияның дамуына үлкен үлес
қосқан ғалым. Адам мен жануарлардың жоғары жүйке
жүйесінің қызметін, қанайналымының реттелуін
зерттеген. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын
тездететін, екіншісі - бәсеңдететін, үшіншісі -
жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің
болатынын дәлелдеді. Асқорыту физиологиясын
зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығы
берілген. Ғалымдардың анатомия мен физиология саласындағы зерттеулері
ғылымның дамуына және медицинамен байланысына зор әсер етті. [1].
Оқылым тапсырмасы:
1.Гиппократтан кейінгі зерттеулер жүргізген римдік анатом.
2. Италиядағы Падуан университетінің профессоры Андреас Везалийдің
негізгі еңбегі қандай?
Не үйрендім?
Не түйдім?


Page 10

Қалай қолданамын?
  3-сабақ. Адам тірі ағзалардың жоғарғы сатысы.
Мақсаты: Адaм анотомиясын зеpттеудiң негiзгi әдicтеpiн cипaттaу
Бағалау критерийі: Адaм анотомиясын зеpттеудiң негiзгi әдicтеpiн
cипaттaйды.
Тірі ағзалардың тарихи дамуында адам жоғары сатыда тұрған тіршілік
иесі. Адамның дене құрылысы және жеке мүшелерінің атқаратын қызметі
басқа ағзаларға ұқсас. Сондықтан да адам тірі ағзалардың құрамды бір бөлігі
деп есептелінеді. Адамның денесі де жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден
құралған. Тірі ағзаларға тән – зат алмасу, тітіркену, өсу, даму және т. б.
қасиеттер адамда да бар. Бірақ адам басқа ағзалардан дене құрылысының
күрделі дамуымен ерекшеленеді. Адамның басқа ағзалардан айырмашылығы
– өзіне тән ақыл-ой, санасының болуы.
 Адам жануарлар дүниесінің жіктелуінде мынадай жүйелік топтарға
жатады:
Адамның шығу тегі және тарихи даму
кезеңдері . Адамның пайда болуы туралы
көптеген көзқарастар бар. Адамның пайда
Хордалылар
типі
Омыртқалылар
тип тармағы
Сүтқоректілер
класына
Ұрықжолдастылар
класс тармағына

Маймылдар
отряды
Адамтектес маймыл
отряд тармағы
Адамдар
тұқымдасы
Адам туысы
Саналы адам түрі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
14.12.2024
294
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12