Материалдар / Әндер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әндер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әндер жинағы. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ құрылымындағы топпен ән айту барысында оқушылар мен мұғалімдер үшін өте тиімді материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2022
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Әндер жинағы










































Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй...

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй!...

Абай

Ән – поэзиялық мәтін мен жеңіл, тез жатталатын әуенді біріктіретін вокалды музыканың ең қарапайым және кең таралған түрі. Ән жанр, орындау үлгісі және т.б. белгілері бойынша ерекшеленеді.

Ән мен музыка арқылы эмоциялық күйді балаға да түсінікті болатындай етіп жеткізуге болады. Осы қалыпта берілген ақпараті бала санасында қалыптасып, оның дамуына жағымды ықпал етеді.

Әнмен бірге қуануға, жабырқауға болады, жаңа түсініктер білуге, ойлануға, өмірге қуануға, шығармашылыққа, өнерге деген қызығушылық тудыруға болады.

Ән оқушылардың эстетикалық тәрбие алуына, ұжымның ынтымақтастығына, әр баланың шығармашылық қабілеттерінің толық ашылуына ықпал етеді. Ән арқылы сабақ барысында қолайлы психологиялық ахуал орнатылып, сезімдік тонус пен пәнге деген қызығушылық жоғарылайды. Көптеген оқу курстарында оқытуды әсерлі ету мақсатында ән материалы қолданылады.

Балаларға арналған әндердің тәрбиелік мәні жоғары, олар мейірімділікке, сүйіспеншілікке, адалдыққа үйретеді, балаларды жақсылық пен жамандық сияқты түсініктермен таныстырып, оларды ажырата алуға септігін тигізеді.

Балаларға арналған әндер бала тұлғасының қалыптасуында негіз болып табылатын рухани құндылықтарды қарапайым, түсінікті тілмен жеткізудің тәсілі болып табылады. Балаларға арналған әндер арқылы бала өте күрделі заттарды қуаныш, жабырқау, сүйіспеншілік, қамқорлық, адалдық т.с.с сияқты сезімдер арқылы түсінеді.

Өзін-өзі тану пәнінің «Ән шырқайық!» атты әдістемелік тәсілдерінде ән орындалады.


БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Сөзі Ж.Тұрбековтікі

Әні Ә.Еспаевтікі

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл бақшада сайрандап, өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын.

Білім шыңын өрлейміз, басып алға,

Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Бостандық туы желбіреп қолымызда.

БАЛДЫРҒАН ӘНІ

Сөзі Н.Жанаевтікі

Әні Б.Дәлденбаевтікі

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз.

Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Болсын кіші бойымыз,

Биікке ұшу – ойымыз.

Біз бақытты балдырған,

Тойға ұласқан тойымыз.


ОЙЫНШЫҚТАР

Сөзі Н.Әлімқұловтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.


Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен қуыршақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?!

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.

ӨСІП КЕЛЕ ЖАТЫРМЫН

Сөзі Т. Айбергеновтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі

Кеудесінде таулардың,

Кемесінде арманның.

Жалау етіп ерлікті,

Ескек етіп ерлікті,

Өсіп келе жатырмын.

Адал терім әрдайым

Моншақтатып маңдайым.

Соқсын дауыл, соқпасын,

Қиындықтың көк тасын,

Өсіп келе жатырмын.

Кейде күнмен теңесем,

Таласып мен күнмен өсем.

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған еліммен

Өсіп келе жатырмын.



БАЛДЫРҒАНДАР ӘНІ

Сөзі О.Әубәкіровтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.

Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз.

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.

Қайырмасы:


ЖАС ДӘУІРДІҢ ТҮЛЕГІМІЗ


Сөзі Е.Өтетілеуовтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі


Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.


Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)


Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.


Қайырмасы.

ЖАС ҰЛАНДАР МАРШЫ


Сөзі Б.Тәжібаевтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі


Біз – бейбіт ел ұланы,

Өнер, білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман,

Күлім қағып тұрады.


Қайырмасы:

Б

2 рет

із – батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады.


Тербетіліп алтын дән,

Теңіздейін толқыған.

Даламызда тасқындап,

Еңбек күйі шалқыған.


Қайырмасы.

Күш-қайратын қаулаған,

Келешекке арнаған.

Алтын айдын төріне

Көгілдір ту қадаған.


Қайырмасы.


КӨКЕШІМ


Сөзі Ә.Асылбектікі

Әні М. Омаровтікі


Көкесі: Айналайын, бөпешім,

Ән салады көкешің.

Есейгенде ер жетіп,

Кім болады екенсің?


Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,

Тәнті балғын бөпешің.

Әсерлі де әуенді

Әнге құмар етесің.


Бірге: Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.


Көкесі: Айналайын, бөпешім,

Ән салады көкешің.

Жалғастырсаң жолымды,

Жарық күнім екенсің.


Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,

Тәнті балғын бөпешің.

Әнші балапаныңды,

Шын мақтаныш етесің.


Бірге: Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.

Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.


КЕЛШІ, КЕЛШІ, БАЛАШЫМ


Сөзі Қ.Ыдырысовтікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі


Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.


Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар – көңілің,

Ақ болар деп ойладым


Қуанышым – арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде,

Болмаған деп санаймыз.


Жалғыз дара – өзіңсің,

Атасының көзісің

Әжесінің сөзісің,

Мен барымды аяман.

ӘНШІ БАЛАПАН


Сөзі Қ.Қазыбекұлынікі

Әні М.Омаровтікі


Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Ата салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің,

Жеткізетін өздерің!


Қайырмасы:

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.


Әділқазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Алады сол сыйлықты.

Алады сол сыйлықты.


Қайырмасы.

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ӘНІ


Сөзі мен әні Х. Кәкімжанованікі


Біздің балғын балалар,

Ән салады, қараңдар.

Тәртіпті, үлгілі,

Ұқыпты ол әр күні.


Қайырмасы:

Аһа-һа, Аһа-һа,

Ән саламыз шырқата.

Аһа-һа, Аһа-һа,

Би билейміз шаттана.


Қол қусырып көңілсіз,

Әсте жалғыз тұрмаймыз.

Бақытты, шаттықты

Әнге қосып жырлаймыз.

Анам тамақ пісірсе,

Біз де үлкен кісіше,

Көмекке барамыз,

Еңбек сүйгіш баламыз.


Қайырмасы.


Отан-біздің күніміз,

Біз Отанның гүліміз.

Бағында бақыттың

Шырқа әнін шаттықтың.


Қайырмасы.


БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ЖЫРЫ


Сөзі Ә. Ахметовтікі

Әні Л. Хамидидікі


Қарай-қарай келемін Алатауға,

Асқар шыңы ұқсаған ақ отауға.

Баурайында құлпырған жасыл шалғын,

Жұпар шашқан гүлдері таң атарда.


Қайырмасы:

Көкте алтын күніміз,

Шұғылалы нұры біз.

Асқар шыңнан асады,

Асқақтаған жырымыз.


Таудан төмен қараймын таң атарда,

Аясында күміс көл кең даланың.

Сусылдаған самалдай қанаттарда,

Кең даланың еркесі мен боламын!


Аспан ашық, арайлы таң атарда,

Көк жүзіне көз тіге мен қарадым.

Әлемді адам өзіне қаратады,

Көк жүзінің еркесі мен боламын!


БАЛА ТІЛЕГІ

Сөзі С.Молдасанұлынікі

Әні Ф. Жолдасованікі

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет.)


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан- байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет.)


Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет.)


БІЗ – ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ

Сөзі Ә. Дүйсенбиевтікі

Әні Б.Ғизатовтікі

Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен

Біз – өмірдің гүліміз.


Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз


БІЗДІҢ ӘН

Сөзі С. Жиенбаевтікі

Әні Б. Ғизатовтікі

Үйренсең нотаны,

Ән де саласың,

Барлығын оп-оңай жаттап аласың.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.

Шырқалсын әрқашан,

Әсем ән ғана.

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.

Күлімдеп қарасын

Аспан алабы.

Біз де әнге бөлейік

Туған даланы.

Сен де қосыл, жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.

АЙГӨЛЕК

Сөзі Н. Баймұхамедовтікі

Әні Б.Байқадамовтікі

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында.

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында.

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?


Қайырмасы:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған ке зімде,

Би билеймін дөңгелеп


Ақыл сөздің ұстазы –

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.

Қайырмасы.

КҮНІМ БӨБЕГІМ

Сөзі Ф.Оңғарсынованікі

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!