400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аң стилі туралы.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақтан шыққан тұңғыш суретші кім?» - деген сұраққа әркім әртүрлі жауап береді. Біреулер – Шоқан Уалиханов дейді, біреулер – Әбілхан Қастеев дейді. Ол – дұрыс. Алайда сурет өнері қазақ жерінде сонау есте жоқ ескі заманнан бері болған. Бәлкім, бұл оймен сіз де келісерсіз?
Материалдың қысқаша нұсқасы

А ты-жөні: Бахтиярқызы Айдана

Туған жылы, айы, күні: 08.03.2007 жылы

7 «ә» сынып оқушысы

«М.Горький атындағы ЖОМ» КММ

Мекен-жайы: Түркістан облысы, Шардара қ ,

Төлеқұлов көшесі 1-6

Телефоны: 8 707 416 30 59





Аң стилі

«Қазақтан шыққан тұңғыш суретші кім?» - деген сұраққа әркім әртүрлі жауап береді. Біреулер – Шоқан Уалиханов дейді, біреулер – Әбілхан Қастеев дейді. Ол – дұрыс. Алайда сурет өнері қазақ жерінде сонау есте жоқ ескі заманнан бері болған. Бәлкім, бұл оймен сіз де келісерсіз?

Қазақстан тарихы сабағында мұғалім бізге тастағы тарихи таңбалар туралы мәлімет берді. Тастағы таңбаларға қарап бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын білуге болады екен. Бұл – менің қызығушылығымды туғызып, өз бетімше ізденуіме себеп болды. Қазақстанның әр жерінен табылған таңбалы тастарда таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың суреттері қашалып салынған екен. Сондай ақ ат, өгіз және түйе жегілген жауынгерлік қос аяқты арбалар бейнеленген тастар, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы бейнеленген тастар, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген тастар да кездеседі екен. Сол тастарды ішіндегі ең әдемі бейнеленгені - қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті. Осылайша таңбалы тастардағы суреттер бізідің ата-бабаларымыздың ежелгі тұрмысы туралы, аңшылық кәсібі туралы хабар береді. Сондай-ақ суреттерді бейнелей алғандығын көрсетеді. Әсіресе жануарлар мен аңдардың суреттерін салуда шебер болған.

Осыдан екі жыл бұрын Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайында болуға мүмкіндік алдым. Бұл жерден Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі тарихын көре аласыз. Ел тарихы туралы сан рет естігенше, бабалар жүрген жолды бір рет көзбен көру - ғанибет екен. Маған алтындар залындағы 1969 -ыншы жылы Алматыға таяу Есік қорғаны қазбаларынан табылған атақты «Алтын адам» экспонаты қатты ұнады. Екінші алтындар залынан Қазақстан аумағында табылған жеті алтын жауынгерді көруге болады. Экскурсия жетекшілері олардың киімдері мен уақ-түйек әшекейлерін сипаттап, мән-мағынасын түсіндірді. Осы жерде мен "аң стилінде" жасалған əшекей бұйымдарды , таңбалы тасты көрдім. Алтын адамның үстінде төрт мыңға жуық "аң стилінде" жасалған алтын əшекейлер бар. Барыс, бұлан, түрлі құстардың бейнесі анық көрінеді. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Сондай керемет! Мұны көргенде менің кеудемді қуаныш пен мақтаныш сезімі кернеді.

«Аң стилі» сақтардың шығармашылық ерекшеліктері мен рухани байлықтарын көрсетеді. Сонымен қатар, сақ шеберлерінің асқан шеберлікпен металды өңдеудегі құйылмалы әдіс, қалыптау, нақыштау, соғу, металмен жалату, бедерлеу әдістерін қолдана білгендігін дәлелдейді.

Археологиялық қазбалар нәтижесінде «Аң стилінде» жасалған мәлін бейнесіндегі, бүркіт түріндегі әшекей-қаптырмалар, қасқыр түріндегі әшекейлер, «Бұғылар» деп аталатын құйма әшекейлер көптеп табылған екен. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы құрылып, қазіргі таңда Қазақстан тарихын зерттеуге үлкен мән беріліп жатыр.

Бірде ауылда тұратын нағашы əжемнің үйіне қыдырып бардым. Әжем қазақы салт дәстүрлерді жетік білетін, аңыз, ертегілерді көп білетін, әңгіменің майын тамызып тұрып айтатын шешен кісі. Әжемнің бөлмесінде бояуы әлі де қанық ескі кілем болатын. Кілемге зер салып қарасам, асқан бір шеберлікпен өрнектелген екен. Қазақша оюларымен қатар гүлдер мен жапырақтар, құстар мен аң бейнелерін байқауға болады . Мүйіздері бұталар сияқты бұғы да, қызыл, жасыл, сары түсті тотықұс та ерекше тоқылған. Əжемнен сұрасам, төкінінен келген көне жәдігер екен. Қос аққудың бейнесі ойылып жасалған ескі сандық, қабырғаға ілінген атамның үкілі домбырасы, қамшысы, тәспісі, жалпы әжемнің бөлмесіндегі әрбір зат маған көненің көзіндей боп көрінген. Сонда маған төрт түлік мал өсірумен айналысқан ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болған екен ғой деген ой келді. Үй жиһаздары мен ыдыстарына, кілем, киіз, текеметтеріне де ою-өрнек, аң-құс бейнелерін салған. Осылайша сұлулыққа ұмтылған.

Ұрпақтар сабақтастығы деген осы шығар?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
1405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі