400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аңдар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілдік қатынас дағдыларын дамыту . Балалардың ой- өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған іс әрекет: Қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту,математика негіздері.

Білім беру саласы: Таным, коммуникация, шығармашылық.

Тобы: Құлпынай МАД топ

Тақырыбы: “Аңдар әлемі”

Мақсаты: 1. Балалардың тілдік қатынас дағдыларын дамыту .

  1. Балалардың ой- өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу.

Міндеттері:Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа , бірлесіп жұмыс істей білу, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, жануарларға қамқорлық, мейірімділік сезімдерін ояту, қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойың, әңгімелеу. Жұмбақ шешу.

Қолданылған материалдар: Ұн, тұз, су, фонарик, сандар, аңдардың іздері, суреттері,проектор, қрян, аю,қасқыр, түлкі киімдері.

Барысы: Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті ән-ұранмен басталады.

Тәрбиеші: Балалар шаттық шеңберге тұрып бір-бірімізбен сәлемдесейік.

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де - сіз

Бәріңізді құрметтеп,

Бас иеміз біз! ( иіліп амандасады) Балалар,бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін, мен сіздерге сұрақ қоямын. Сол сұраққа жауап берсеңдер, қонақтың, кім екенін білесіңдер.

-Жұма сайын біз, яғни аналарымыз ,апаларымыз не пісіріп таратады?

- Балалар атасы мен әжесінен қашып келе жатқан қай ертегінің кейіпкері екен? Балалар: бауырсақ. Дұрыс балалар, жарайсындар.

Проектордан жасанды интеллект бауырсақ шығып балалармен амандасады

-Бауырсақ: Саламатсыздарма, балалар!

Балалалар: Саламатсыңба, бауырсақ!

Тәрбиеші: Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен,сен неге ата, әжесінен қашып келе жатырсын?

- Бауырсақ: Менің достарым, мен нан түрлерін іздеп келемін.

Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа, көмектесемізбе!

Балалар: Иа, көмектесеміз.

Балалар: Бауырсақ, біз нанның барлық түрін қастерлеп, қадірлейміз. Сен бізбен дос боласыңба бауырсақ?

Бауырсақ: Ендеше менің сендерге қоятын шартым бар, менімен бірге ойын ойнайық «Адасқан сандар» деп аталады. Бірақ балалар мен сандарды дұрыс ажырата алмаймын. Сендер маған көмектесесіндер ме?

Балалар: (Балалар сандарды тура және кері санап, ретімен орналастырады).

Балалар: Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен ата, әжесінен қашып келе жатыр, бізден көмек сұрай келіпті, кәне көмектесеміз бе?

Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық. (Сол кезде алдымыздан қоян шығады).

- Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

- Бауырсақ: - жемеші мені.

- Қоян: - сендер онда менің тапсырмамды орындандар.

- Бауырсақ: жарайды.

- Қоян: сендер маған бұл жерде тұрған қандай аңдардың іздері екенін айтып тапсандар, мен бауырсақты босатамын.

Топқа бөлу

Тәрбиеші: Ендеше балалар! Бауырсаққа жылдам, тезірек көмектесу үшін екіге бөлінейік.

Алдарыңыздағы жарықтықты бір-бірлеп алыңыздар, содаң -соң фонарикті қосып, жарықтықтың ішіндегі суретті фонарик арқылы қарап, топқа бөлінеміз.

Бізде екі топ болады: Жануарлар және бауырсақ тобы. Бауырсақ суреті шыққан балалар бауырсақ тобына, жануарлар шыққан балалар жануарлар тобына қосылады.

Бірінші топ: жануарлардың көлеңкесін табады.

Екінші топ: мына тұрған қай жануардың ізі екенін табады.

Балалар тапсырманы орындап болған соң, қоян балаларға рахметін айтады.

Қоян: Рахмет!(балдармен,бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады)

- Қасқыр: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

- Бауырсақ: - жемеші мені.

- Қасқыр : - сендер онда менің тапсырмамды орындаңдар, сендерге қояр сұрағым бар. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.

- Бауырсақ: жарайды.

- Біз қай елде тұрамыз? ҚР елбасы кім? Қай қалада тұрасыз? Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Апта күндерін ата?

- Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Хромтау қаласыннда орналасқанбыз

Бір жылда төрт мезгіл бар.

Қазір жылдың қыс мезгілі.

Бір аптада жеті күн бар.

Қасқыр: Рахмет! жарайды. !(балдармен, бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан аю шығады).

- Аю: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

- Бауырсақ: - жемеші мені.

- Аю: - онда маған бір сергіту сәтін жасап беріңіздер.

- Аю: Егер орындасандар мен сендерді босатамын.

Сергіту сәті.


Аю: Рахмет! жарайды. !(балдармен,бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан түлкі шығады).

- Түлкі: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

- Бауырсақ: - жемеші мені.

- Түлкі: онда маған бауырсақтың жасалу жолын көрсетіңіздер.

Зерттеушілік эксперимент

Бауырсақтың жасалу жолын көрсетеді. Балалар қарап зерттеп, үйренеді.

Бауырсақ: Рахмет балалар! Мен сендерге риза болдым. Сендер өте ақылды, тапқыр екенсіндер. Мен сендермен дос боламын. Мені атам мен әжем іздеп жатқан болар. Мен сендермен қоштасамын. Қош сау болыңдар, балалар!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
137
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі