400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аңдар бізде қонақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасмамандарға арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Таңшолпан» ортаңғы тобы уақыты: 25.04.18. ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Аңдар бізде қонақта»

Мақсаты: Балаларға ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету. Әр кейіпкердің қимылын жасай білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Аңдардың қимылдарын жасату.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, түсіндірме.

Көрнекіліктер: Ойыншықтар, аңдардың суреттері, бетперделер

Билингвалды компонент: Қоян- заяц, аю- медведь, қасқыр- волк, кірпі- ежик

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалыс

— Сәлеметсіңдер ме балалар, қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл- күймен өткізу үшін сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Осы шеңберде бір-бірімізге гүл шоғын сыйлай отырып, жақсы тілек білдірейік.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

Жұмбақтар:
Далада жүр шапқылап
Керемет тым саққұлақ
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)

Қыс бойын жатады
Тәтті ұйқыға батады (аю)

Өзі айлакер, өзі қу
Жүрген жері, айқай шу (түлкі)

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір- біріне жақсы тілектер тілейді




Жұмбақтарды шешеді.


Іздену ұйымдастырушы













Дұрыс айтасыңдар

Енді осы аңдардың жүрістерін қимылмен көрсетейік

Шымыршық
Әй, шымыршық, шымыршық
Аю қалай жүреді
Міне былай-міне былай жүреді
Әй, шымыршық, шымыршық
Түлкі қалай жүреді
Міне былай жүреді
Міне, былай, міне былай жүреді (қоян қалай жүреді көрсету)

Енді есікті тықылдатып қоян кіреді.
Қараңдаршы балалар бізге қонаққа жабайы аң қоян келіпті
— Сәлеметсіңдер ме балалар? Қоян маған құлағыма сыбдырлады. Балалар мен туралы не біледі екен? Соны тыңдауға келдім дейді.
Ойыншық қоянды көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі. Қоян—жабайы аң. Оның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға, секіруге, икемді, құйрығы қысқа. Ұзын құлақтары дыбысты жақсы сезеді. Көзі маңдайына қарай жоғары орналасқан, сондықтан да мойнын бұрмай-ақ маңайын жақсы көреді. Қыста оның сұр жүнінің орнына қардай аппақ жүн өседі. Ол секіріп ойнайды, шөпті, сәбіз жегенді ұнатады.

Тәрбиеші балаларға жұмсақ ойыншық қоянды алып, оны сипап сезу арқылы жылы сөздер айтқызып, сипатқызады. Балалар қоянға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту барысында оның сүйкімділігіне, жүннің жұмсақ, мамықтығына, дене құрылысына назарларын аударады.

Мынау қоян, қоянның түсі ақ, жүні жұмсақ, құлағы ұзын.
Енді балалар мен сендерге ертегілердің суреттерін көрсетемін, ал сендер қандай ертегі екенін айтасыңдар. Өте жақсы балалар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Қоянның құлағы неге ұзын » ертегіміздің кейіпкерлері өздерің боласыңдар.

«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі.
Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырды. Үйін түрлі әдемі гүлдермен безендірді. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырды.
— Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян!-деп, кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
— Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі-деп Түлкі келеді. Ол сәбіз әкелді. Бауырым Қоян, туған күнің құтты болсын!-деп, Қасқыр бір шоқ раушан гүлін ұсынды.
— Аю неге кешікті-деп, төртеуі бір-біріне қарады.
— Біраздан соң соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.
— Туған күнің құтты болсын!-деп, Қоянның құлағын созып тартады. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.
Енді балалар осы ертегімізді сахналайық

— Қоянның туған күніне «Қояндар» биі
— Ал, балалар кім қоян туралы тақпақтар біледі?

Сергіту сәті: «Сұр қоян»
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

Тілді жаттықтыру:
ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян
ю-ю-ю-қорбаңдаған аю
кі-кі-кі-бұл айлакер түлкі
қыр-қыр-қыр-бұл көкжал қасқыр.

«Ақ қоян» қимылды ойыны. Балалар шеңберде тұрып, бір бала қоян болып отырады. Балалар шеңберді айнала жүріп, тақпақ айтады.
Аққоян-ау, аққоян
Орныңнан тұрсаңшы
Бетіңді жусаңшы
Айнаға қарасаңшы шашыңды тарасаңшы
Әй-әй көйлек кисеңші
Біреудің қолын үзсеңші-дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен жүгіріп барып,шеңбердібұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген қолдың оң жағынандағы бала қоян болады.

Сұрақтарға жауап береді

Аңдардың жүрістерін қимылмен көрсетеді.







Қоянмен амандасады.







Қоян туралы білетіндерін айтады.



Тәрбиешіні тыңдайды.





















Ертегіні мұқият тыңдайды









Балалар ертегіні сахналайды.







Қояндар биін билейді.

Қояндар туралы тақпақтар айтады.

Сегіту сәтін орындайды.







Тілдерін жаттықтырады.





Қимылды ойынды ойнайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Немен қоректенеді.

Бүгінгі ұ.о.і.ә де немен таныстық?

Қандай тапсырмаларды орындадық?

Қандай ертегіні сахналадық?

Жақсы балалар, қоян сендерге риза болып жатыр.
Қоян: сендерге көп рахмет. Мен туралы көп біледі екенсіңдер, қуанып тұрмын.

Белсене қатысып отырған балаларды мадақтау.

Қоянмен қоштасу.

Сәбізбен Қоянмен би үйрендік, жұмбақ шештік, ойын ойнадық. «Қоянның құлағы неге ұзын?»

Балалар қоянның риза болғанына қуанады.







Күтілетін нәтиже:

Біледі: Аю, қоян, түлкі, қасқыр-жабайы аңдар

Игереді: Жабайы аңдар орманда тіршілік етеді. Қоян жылдам, сақ, қорқақ.
Меңгереді: Ертегіні сахналауды.






Әдіскер____________ Тәрбиеші:________________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1005
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі