
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Тақырыбы: «Аңдардың күзгі тіршілігі»
Мақсаты: Аңдардың күзгі тіршілігімен, жануарлар тіршілігіндегі
маусымдық өзгерістерінің ауа райының және өсімдіктер
тіршілігінде болатын өзгерістермен, аңдардың түлеуі, азық қоры
сияқты нақты мағлұмат беру , ұғымдарын кеңейту,толықтыру.
Жұмбақтар шешу арқылы ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын
дамыту.
Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Сана сезімге түрткі
болатын,жетелей-
тін бөлім
Балалар қолымыздағы әдемі
жұмсақ ойыншықтар арқылы бір
- бірімізге жылы лебізімізді
білдірейік:
- Мен саған тиіннің ақкөңілдігін
тілеймін.
- Мен саған түлкінің әдемілігін
тілеймін.
- Мен саған қоянның
жүйріктігін тілеймін.
- Мен саған қасқырдың
батылдығын тілеймін.
Ұйымдастыру
нәтиже бөлімі
Жарайсыңдар балалар.
Мына жұмбақты ойлап
тапсаңдар, бүгін не жайында
әңгімелейтінімізді білесіңдер?
Қандай аң? тауып көр:
- Ең айлакер аң…
- Ең қорқақ аң…
- Балды жақсы көретін аң …
- Үстінде тікенегі бар...
- кішкентай, сары...
- жыртқыш, сұр, орманда тұрады;
- Аң патшасы...
Жарайсыңдар балалар!
-Бұлардың барлығын бір сөзбен,
қалай айтамыз?
-Неге жабайы аңдар деп
айтамыз?
(Слайдтан аңдардың
суреттерін дауыстарын
көрсету,естіру.)
Борсық – Терісі бағалы.
Майының емдік қасиеті
Балалар жұмбақтарды шешеді.
Түлкі
Қоян
Аю
Кірпі
Тиін
Қасқыр
Арыстан
Жабайы аңдар деп айтамыз.
Өйткені олар орманда өмір
сүреді.

бар.Терісінен қысқа жылы бас
киім тігеді.
Бунақденелілермен,өсімдіктер
мен,оның тамырларымен,
жаңғақтармен қоректенеді.
Борсық қорек талғамайды.
Борсық жазда және күзде
денесіне май жинайды.Суық
түсісімен ініне кіріп, онда
көктемге дейін ұйықтайды.
Саршұнақ - Кеміруші азу тісі
жақсы жетілген.Оларды
кеміруші сүтқоректілер деп
атайды.Олар балаларын сүтпен
асырайды.Олар арпа,бидай
дәндерін індеріне тасып,қысқа
азық қорын жинайды.Қыста
індеріне жинаған азықтарын жеп
жатады.
Қасқыр-әлі жететін аңдармен
қоректенеді. Жортып жүріп
тамағын тауып жейді.Аю мен
салыстырғанда ұйқыға
кетпейді.Ет қоректі.
Аю- Аю қорек таңдамайды.
Құмырсқаны,балды,жемістерді,
шөпті қорек етеді.Аю апанына
құрғақ жапырақтар мен
бұтақтарды төсейді.Сонан кейін
қысқы ұйқыға жетеді.
Кірпі-оның үсті тікенді,бауыры
ақ,аяқтары қысқа болады.Бірақ
өте тез жүгіреді. Ол
жәндіктермен,саңырауқұлақтар-
мен,жеміс-жидектермен
қоректенеді.Жыланды да ұстап
жейді. Кірпі құрғақ
жапырақтарды оңаша жерге
тасиды.Сол жапырақтардың
ішіне жасырынады.Кірпі,аю,
және борсық қысқы ұйқыға
дайындалады.
Күзде аңдардың ескі жүні түседі.
Оның орнына қалың жүн
шығады.Мұны «түлеу» деп
Тиін- қыста өзі жинаған
саңырауқұлақтар, жаңғақтармен
қоректенеді.
Түлкі- қар астындағы
тышқандармен қоректенеді.
Қоян- ағаштардың қабығын
кеміреді.
Сергіту сәті:
Кі-кі бұлаңдайды түлкі
Ю-ю қорбаңдайды аю.
Ян-ян секірді қоян,
Ыр-ыр ырылдайды қасқыр.

атайды.Жылы жүн аңдарды
суықтан қорғайды.Түлеу кезінде
кейбір аңдардың жүнінің түсі
өзгереді.Қоянның жүні ағарады,
түлкінің жүні жирен түске
айналады.
-Жабайы аңдардың балаларын
ата.
«Үшіншісі артық»ойыны
Мақсаты:Ойлауды,заттарды
белгілері бойынша топтастыра
білуді дамыту.
Тәрбиеші сөздер тобын айтады,
мысалы-арыстан,қарға,түлкі.
Бала ойша жылдам осы үш сөзді
талдап,бұл үш сөз тірі табиғатқа
жататынын анықтауы
керек,бірақ арыстан мен түлкі –
аңдар,ал қарға- құс, демек ол
артық.
Балалар аңдардың балаларын
айтады.
-Қасқырдың баласы- бөлтірік,
-Аюдың баласы- қонжық,
-Түлкінікі- жәутік.
-Қоянның баласы- көжек.
- Арыстанның баласы-абдан.
-Жолбарыс-шөнжік.
-Барыс –алан.
Жолбарыс,аю,сауысқан.
Арыстан,тоқылдақ,кірпі.
Саршұнақ,қасқыр,аққу.
Рефлекстік нәтиже
бөлімі
«Аңдар қалай дыбыстайды?»
Қасқыр — ұлиды.
Түлкі — шәуілдейді.
Арыстан - ақырады.
Жолбарыс - күркілдейді.
Аю-өкіреді.
Саршұнақ- сақылдайды.
Сұрақтарға жауаптарын айтады.