Күні: 21.01.2021ж
Білім беру саласы:
Қатынас
Бөлімі: Тіл
дамыту
Тақырыбы: Жабайы аңдардың қысқы
тіршілігі
Мақсаты:
Білімділік: Орманда мекен ететін аңдар туралы
әңгімелеу. Балаларды жабайы аңдармен және олардың қысқы
тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік
беру
Дамытушылық: сұрақтарға жауап
алу арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, тіл
байлығын кеңейту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны сүюге,
мейірімділікке баулу. Жабайы аңдарға қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.
Қолданылытын көрнекі
құралдар: жабайы аңдардың, қыс
мезгілінің сурет
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
әңгімелеу
Блингвалды
компонент: қоян-заяц,
аю-медведь, қасқыр-волк,
түлкі-лиса, тиін-белка
Шаттық
шеңбері
Қуан, шаттан,
алақай!
Қуанатын күн
бүгін.
Қайырлы таң қайырлы
күн,
Күліп шықты күн
бүгін.
Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Бүгінгі көңіл күйлерің
қалай?
Артикуляциялық жаттығулар
жасату
Тәтті тосап, қоршау, піл
тұмсығы, тарақ, футбол, ат шауып келеді
Балаларға сұрақтар
қою
-
Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Қыс мезгілінде неше ай
бар?
-
Қыс мезгілінде табиғатта
қандай өзгерістер болады?
-
Аспаннан нелер
жауады?
Тыныс алу жаттығуын
жасату
Олай болса, балалар, алдымызда
тұрған қар ұлпаларын алып тыныс алу жаттығуын
жасаймыз.
Негізгі
кезең
Бүгінгі оқу қызметімізде
«Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі» туралы әңгімелейтін
боламыз.
Жабайы аңдар орманды,
кейбіреуі тауды мекендейді. Өз азығын өзі тауып жейді. Ол күннің
суығында да, ыстығында да далда жүріп өмір сүреді. Жануарлардың
бәрін қыстың суығынан олардың өздерінің терісі – үлпілдеген
жүндері, індері мен апандары қорғайды.Табиғатта жабайы аңдардың
түрілері көп.
-
Балалар қандай аңдарды
білеміз?
-
Жарайсыңдар, балалар, өте
дұрыс айтасыңдар.
-
Балалар мен сендермен бір ойын
ойнағым келіп тұр менімен бірге ойнайсыңдар
ма?
«Жасырын
сурет» ойынын
ойнаймыз.
Бізге қажетті суреттерді қар
басып, жасырып қалыпты. Қардан тазалау үшін жұмбақтарды шешіп
көрейік.
-
Сылдырдан
қорқады,
Шошынып жортады.
(Қоян-заяц)
Қоян – шөп қоректі жануар.
Оның денесі иілгіш, қарғуға – секіруге икемді, құйрығы қысқа. Ұзын
құлақтары дыбысты жақсы естиді. Қыста оның сұр жүнінің орнына
қардай аппақ жүн өседі. Қоян шөппен және сәбізді кеміріп
қоректенеді. Қоянның баласын – көжек дейді. Қоянды үйде де ұстауға
болады. Жануарлардың бәрін қыстың суығынан олардың өздерінің терісі
– үлпілдеген жүндері, індері мен апандары
қорғайды.
-
Қорбаң, қорбаң
етеді,
Орман оның
мекені
Тәтті балға тойып
ап,
Қыста ұйқыға
кетеді.
Бұл не?
(аю-медведь)
Аю – үлкен, маймақ, қорбаң-қорбаң етіп
жүреді. Аю қыс мезгілінде қалың ұйқыға кетеді. Ол қысқы ұзақ
ұйқы алдында шамадан тыс қоректеніп, денесіне май жинайды. Аю
ұйықтап жатқанда кішкентай қонжықтарын дүниеге
әкеледі.
-
Сұр
түсті
Ақсиған көп тісті.
(Қасқыр-волк)
Қасқыр – күшті, батыр, жыртқыш
аң. Үлпілдіген құйрығы мен аяқтары ұзын. Қасқырдың терісі ашық, сұр
түспен қара түске дейін болады. Себебі, ол кез келген жыртқыш аңдар
сияқты әлсіз, өзінен кіші жануарларға шабуыл жасап қоректенеді.
Қасқырдың баласы бөлтірік деп аталады.
-
Өзі айлакер, өзі
қу
Жүрген жері айқай шу.
(түлкі-лиса)
Түлкі – қасқырға ұқсайды,
бірақ денесі қасқырдан кішілеу. Мұрыны өте иісшіл, құлағы жақсы
естиді, көзі қырағы. Ол қар астындағы тышқандарды, құстарды аулап
жейді. Оның баласы – мыршай деп аталады.
Жануарлардың бәрін қыстың
суығынан олардың өздерінің терісі – үлпілдеген жүндері, індері мен
апандары қорғайды.
-
Секең, секең
етеді,
Орман оның
мекені.
Отырғанда
шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді.
(Тиін-белка)
Тиін ағаштың қуысында
мекендейді. Тиін жаздай жидектерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды
жинап және шырша бүрінімен қоректенеді. Қыс бойы сол азығын қорек
етеді.
-
Көп, көп
ине,
Бір сабағы жоқ
ине,
Іс тікпейді
әрине,
Бұл не?
(Кірпі)
Кірпі де қыс бойы аю сияқты
інінде ұйықтайды.
Кірпіге үстіндегі инелері не
үшін керек деп ойлайсыңдар? Сыртқы жауларынан қорғану үшін.
Кішкентай тікенектері көп, сақтанғанда жиырылып
қалады.
Жарайсыңдар, балалар, өте
дұрыс айтасыңдар
Дидактикалық ойын: «Қорегін
тап».
Ойын
шарты: Аңдарды атап, қорегін сызықтар
арқылы тауып көрсетеді.
Сергіту
сәті
«Аяқпенен топ,
топ,топ»
Тіл ұстарту
жаттығуы
Ян - ян – ян – секендеген
қоян
Ю - ю - ю – қорбандаған
аю.
Кі - кі - кі – бұл айлакер
түлкі.
Қыр - қыр - қыр – бұл көкжал
қасқыр.
Дидактикалық ойын:
«Аңдардың көлеңкесін тап» ойыны.
Ойын
шарты: Аңдардың көлеңкелерін
сәйкестендіріп қою.
«Сөйлемді
аяқта»
Ең айлакер
аң…
Ең қорқақ
аң…
Балды жақсы көретін
аң…
Үстінде тікенегі
бар...
Жаңғақты жақсы көретін
аң...
Қорытынды:
-
Бүгін біз, балалар, не туралы
әңгімеледік?
-
Қандай аңдармен
таныстық?
-
Бүгінгі тіл дамыту оқу қызметі
сендерге ұнады ма?
Оқу қызметіне жақсы қатысып
отырған балаларды мадақтап, мақтау.
Күтілетін
нәтиже:
Ұғады: Жабайы аңдардың қысқы
тіршілігін;
Түсінеді: Аңдарға қамқорлықпен
қарау керек екенін. Ойын барысындағы белсенді
болуды;
Қолданады: Табиғаттағы рөлі
мен маңызын.