400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Әңгіме оқимын

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама Миға шабуыл әдісі Адасқан әріптерден сөз құра ойыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 25.04.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Емешекова С

Сынып 1 «В»

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Пәні: Сауат ашу

21 - сабақ

ҰМЖ-дың бөлімі

Тағам және сусын

Сабақтың тақырыбы

Әңгіме оқимын Сөйлем.1-5 жаттығулар

Оқу мақсаттары

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).

1.1.9.1Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу , түсіну, қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы біледі: Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазуды.. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндай алады.

Көптеген оқушылар біледі: Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжай алады.

Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).

Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстауды біледі.

Кейбір оқушылар : Өз ойын еркін жеткізе алады.

Бағалау критерийлері

1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды.

2. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

3. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды.

4. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап береді.(мұғалімнің көмегімен).

5.Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстайды.

Дескриптор

*** МК оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды.

*** Каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

*** Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды.

***Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтайды.

***Диалог құрады

Тілдік мақсат

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады .Қойылған сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып, кері байланыс жасай алады. Негізгі сөздер мен тіркестер : Мәтін. Сыныптағы диалог \жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: қазақ тілі

Талқылауға арналған тармақтар: Ұлттық тағамдар

Жазылым бойынша ұсыныстар: Нан- ардақты, асыл ас,

Аттамас одан кәрі жас.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.Ұлттық тағамдарды дәріптеу арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтарды дарыту.

Пән аралық байланыстар

Өмірмен байланыс

АКТ қолдану

ноутбук

Алдыңғы меңгерілген

білім

Сөздерді оқи алады, жаза алады

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Психологиялық дайындық

Шеңбер болып тұрайық,

Күн нен жылу алайық.

Досымызға сыйлайық

Жақсы тілек айтайық,

Бір, екі, үш, төрт,

Орнымызды табайық.

Сыныпты 1,2,3,4 деп санау арқылы топқа бөлу

Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

33 минут


Топтық жұмыс











Тыңдалым











Ұжымдық жұмыс






Айтылым






жазылым






Жұптық жұмыс


Ойлан, тап










Кері байланыс

«Миға шабуыл» әдісі

«Адасқан сөздерден сөйлем құра» ойын

1) Жүргізеді ,машинаны, жүргізуші.

2)Қазады, шахтёр, көмірді.

3)Жөндейді, монтёр, электрді.

4)Домбыра, Мұрат,тартады.

Сөйлемнің ережесін сұраймын.


Есіңе сақта !

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлемнен соң нүкте қойылады (.), не сұрақ(?) белгісі қойылады, не леп(!) белгісі қойылады. Мысалдар келтіреді.


1- жаттығу Мәтінді тыңда.

Күн айғай -шумен басталды.Қызы кәмпит жегісі келді.Ал, анасы:

-Алдымен ботқа немесе сүт ішіп,нан жейсің,-деді.

Нан мен сүт жаман !- деді қызы.

-Қызым- ау, ботқа мен нан дәнді дақылдан жасалған.Оларды Жер -Ана өсірді, - деп түсіндірді анасы.

-Ф-ф-у,нанды ма?Кәмпит тәтті, ал нанда түк дәм жоқ.

Анасы ашуланып, кетіп қалды.Біраз уақыт өткен соң,қыздың қарны ашты.Ол.......

***Мәтінді ары қарай жалғастырып көр.

Өз ойыңмен бөліс

Сергіту сәті

2 мин


2- жаттығу Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаз.


Қарақұмық - адам ағзасы үшін пайдалы тағам.

Одан ботқа пісіруге болады.Дәнінен май алынады.


***Әр сөйлемде неше сөз бар екенін айт.

***Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы тауып көр.


3- жаттығу Көркем жаз.


Нан - ардақты, асыл ас.

Аттамас одан кәрі - жас.


4- жаттығу Диалог құрау.

Бірің даяшы ,бірің тапсырыс беруші болып сөйлесіңдер.

5- жаттығу

1- ет,қызанақ 2- бұрыш,ет, 3- ірімшік,қияр

Дәптермен жұмыс кезінде

- Жазу кезінде кеудені тік көтеріп, дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.

- Жазу кезінде генетикалық және ритмикалық әдістерді қолдану

.

Постер қорғау

Біз бүгін не білдік? «Жетістік сатысы» әдісі бойынша кері байланыс беру.


Алфавит, буындар кестесі, суреттер.




Балалар әлемі сайтынан алынған жұмбақтар.


Жұмбақтар жинағы




Әдептілікке байланысты мақал мәтелдер.






Нан суреті


Бауырсақ ертегісі






















51 - бет сурет


маркер ,ақ қағаз,

Жетістік сатысы

стикерлер

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

Бағдаршам түсі арқылы бағалаймын.

Бағдаршам

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қаламмен, қарындашпен,қайшымен,сызғышпен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін айтамын.Сыныпта партаның үстіне шығуға, терезе жақтауына асылып ойнауға және электр жүйелеріне жақындамауды түсіндру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары\оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе неліктен?

Сабақта сралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқу болды,неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2:Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақ нәтижесіне көңіл бөлу.

2:Рефлексия.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік\ қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
1149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі