Материалдар / Әңгіме сабақ. "Жамбыл әлемі" 5-6 сыныптар аралығында

Әңгіме сабақ. "Жамбыл әлемі" 5-6 сыныптар аралығында

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ақынның өмірі мен шығармалары туралы оқушылармен әңгімелесе отырып, тіл дамыту, ой өрісін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2022
334
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Кітапханашы Кенжебекова Ж.С.


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл әлемі

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ақынның өмірі мен шығармалары туралы оқушылармен әңгімелесе отырып, тіл дамыту, ой өрісін кеңейту.

Сабақтың міндеті: Туған елін сүюге, ақын – жазушылар шығармаларын оқып, үлгі тұтуға, оларды қастерлеп, мақтаныш етуге тәрбиелеу. Сұлулық пен әдемілікке тәрбиелеу. Поэзия, сөз өнері, көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі, көрмесі: Буклеттер, Жамбыл шығармалары, газет, журнал материалдары, портреттер, Жамбылдың атақты адамдармен түскен суреттері.

Кіріспе сөз:

Кітапханашы:Біз бүгін Жамбыл баба өмірі мен шығармашылығын әңгіме ете отырып, Ұлы ақынның өлеңдері, дастандары мен айтыстарына тоқталамыз. Осы біздің кішкентай кітапханамызда бүгін бір сәт болса да Жамбыл бізбен бірге, өйткені оның өмірге келу тарихынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі өмірін әңгіме етпекпіз. Сондықтан да қарт баба рухы бізбен бірге.

1 жүргізуші: Жамбыл туған мекен бұрынғы Әулиеатаның маңайы. Шу өңірі. Тегі – кедей – шаруа, жасында діни мектеп есігін ашқанымен, шала молданың шатпағына шыдамаған Жамбыл оқуды тастап кетеді.

Талантты жас Жамбыл, оқу оқып, білім ала алмаса да, қаршадайынан өлең –жырға, шешендік сөзге әуестеніп, өзінің суырып салма ақындық өнерге икемділігін таныта бастайды.

2 жүргізуші: Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері негізінен адамдар жөнінде, олардың іс – әрекеттері мен түрліше ауыл оқиғалары жайында болатын.

Жас ақынның алғашқы өлеңдері бүкіл Жетісу өңіріне даңқы жайылған Сүйінбай ақынға ұнайды. Жас ақынның талантын байқап Сүйінбай Аронұлы оған мынадай кеңес береді: «Балам, өлеңің жүректің терең түкіпірінен жарып шығатын болсын. Жырларың жекелеген адамдарға ғана емес, бүкіл халыққа жағатын болсын. Сенің өлеңдерің адамдарға ақиқат пен әділдікті айтатын болсын. Жырларың ел ішінде кең жайылып, ауыздан – ауызға таратылып жүрсін»

2 жүргізуші: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың өлеңдеріне кезек береміз.

1 оқушы:

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей көк найзалы жау торыған

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан



2 оқушы:

Оқымаймын молдадан

Не оқытпақшы ол маған?

Бала келсе сабаққа

Жем дәметкен дорбадан

Ақ сәлдесін төңкеріп,

Көзін жұмып теңселіп,

Күн ұзынға боздаған


1 жүргізуші: Жамбыл айтыскер ақын,суырыпсалма ақынның кімдермен айтысқанын анықтап алайық.

Айтыстар: «Жамбыл және Айкүміс», «Жамбыл және Бақтыбай», «Жамбыл-Бөлтірік», «Жамбыл-Құлманбет», «Жамбыл-Шашубай», «Жамбыл -Досмағамбет», «Жамбыл-Сарыбас», т.б.

Жамбыл айтыс кезінде көптеген ақындарды жеңіп отырған. Қарапайым халық атынан сөйлейді, оның ой – пікірлері мен арман – тілектерін білдіреді.

Қазақ кедейлері мен шаруаларының аянышты ауыр тұрмысы, олардың үстем тап өкілдері тарапынан езіліп, азап шегуі Жамбылдың жанына қатты батады. Ол өзінің алдына еңбекші халыққа қызмет етуді, олардың арман-тілектерін жырлауды асыл мқрат, қасиетті парыз етіп қояды.

2 жүргізуші: Жамбыл әлемінің бір беті, оның жыршылық мектебі. Ол «Көрұғлын» дастанын он бес күн жырлаған, .. Мың бір түнді үш күн, үш түн жырлаған. Сонымен бірге, қырғыздың «Манасын», «Қыз Жібек» жырын, «Шахнаманы» Жамбыл жатқа айтып жырлаған.

Күні-түні қисса айтын, шежіре шертуден жамбыл алдына қара салмаған алғыр, шешен, өткірлігімен, сөзінің салмақтылығымен ерекше болған жыршы.

1 жүргізуші: Ендігі кезекті Жамбылдың дастандарына береміз.

3 оқушы:

Ақ көбекке орнанып,

Толқыны тоқсан бұралып,

Арықтай аққан арналы,

Жамбыл бір жыр жырласын,

Жұрт хикая тыңдасын,

Өтеген батыр туралы.


4 оқушы:

Көзіңді ашып тағы бір

Өтеген, өзің қарашы!

Осындай ең байлықтың,

Иесі –қазақ баласы!

Қоныс таппай – сен кеткен,

Біздің елдің даласы!


5 оқушы:

Домбыраны қолға алып,

Ойланып қатты толғанып,

Тыңдауға халық келгенде

«Көрұғлыны» қозғалық


6 оқушы:

Ұстамақ болды батырлар

Көрұғлы салды ойранды

Быт-шыт қылып қиратып,

Ашты қатты майданды

Болмаған соң айырды,

Көрұғлыдай батырды.

Үш жылда барып қосылды,

Адамдарға ақылды!...

2 жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жылдарында шығарған өлеңдері Жамбылдың шарықтап шыққан биік бір бекесі. «Ленинградтық өрендерім», «Москва», «Отан өмірі» атты өлеңдері майданның алғы шебіндегі совет жауынгерлерін ерлік күреске рухтандырған ұран болды, сол кезде олар ауыздан –ауызға таралып жатты.

7 оқушы:

Ленинградтық өренім!

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін,

Жасағым жоқ өмірді.

Жау соққанын көргелі,

Төккенім жоқ терімді

Шер қылғалы кеудені,

Жасалған жоқ салтанат

Жаудың болуға ермегі,

Жауда қалып Ленинград

Жаралған жоқ көнгелі!

Қазақстан жерінен

Тұтанғандай ел кегі

Жолды кернеп қол кетті

Сендерге дем бергелі,

Нева алабын қорыңдар

Ленинград ерлері

Ұрпаққа үлгі болыңдар

Заманымның өрнегі!


8 оқушы: «Әкеме»

Батаңды маған бер, әке,

Тіліме менің ер, әке.

Жапаның ұлы ақын боп,

Жақсы істепті дер әке!

Домбыра алып сөйлейін,

Күнде жасап мереке.

Мерекелі болған соң,

Елде болар береке.

Ұрлық түбі –қорлық деп,

Болармыз құр келеке.


9 оқушы: «Жол үстінде»

Ақмырзаның баласы

Ежелден едік сырдесте

Атым арық, қарашы,

Амалым жоқ мінбеске.


Жол үстінде болдырып,

Ант еткендей жүрмеске.

Айдалаға қондырып,

Кетер мекен бір кеште.


Сырдесте адам осыны,

Айттырмай-ақ білмес пе!

Кеусенім деп тарыдан

Берсе қайтар бір десте?!


10 оқушы оқушы:

Қазақта Жамбыл сен едің,

Шалықтап жатқан көл едің.

Өлеңі оттай лаулаған,

Тасып бір өткен сел едің.





1 жүргізуші:

«Жамбыл тағдыры –қазақ халқының тағдыры. Жамбылды қазақ халқынан, қазақ халқын Жамбылдан айырып алу мүмкін емес», - деген Шәкен Айманов.

Кітапханашы:

Жыры да дария – Жамбылым

Сыры да дария – Жамбылым

Қаратау сынды қазынаң

Шежіре қария – Жамбылым

Сөзі де батыр – Жамбылым

Өзі де батыр – Жамбылым

Алатау сынды айбарым

Арқалы ақын – Жамбылым

Өлеңге ұста – Жамбылым

Айтқаны нұсқа – Жамбылым

Айналған соғыс жылдары

Қырандай құсқа – Жамбылым

Қылышы елдің – Жамбылым

Ырысы елдің – Жамбылым

Ақындар ардақ шақырған

Тынысы жердің – Жамбылым.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ