400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әңгімеле

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әңгімелеу..."ашық іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация, Таным

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Әңгімеле...

Мақсаты:

Түрлі заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары болатындығын түсіндіру.

Міндеттері:

а) Педагогтің көрсетуі бойынша ойыншықтарды сипаттап, шағын әңгіме құрауға үйрету.

ә) Хабарлы сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтау; қысқаша әңгіме құрай

білуге үйретуді жалғастыру арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

б) Ойыншықтармен дұрыс ойнай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: үлгі бойынша шағын әңгімелерді бейнелеп айтуды;

түсінеді: «Д» және «т» дыбыстарын анық айтуды;

қолданады: ұқыптылық дағдыларын, өз ойын жеткізуді.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, қуыршақ және мәшине.

Сөздік жұмыс: доп

Билингвалды компонент: доп – мяч – ball.

ҰОҚ барысы::

1. Ұйымдастыру кезеңі

«Бөлмеге саяхат» ойынымен бастап, топ бөлмесіндегі заттарға олардың ішінде

ойыншықтарға назар аударту. Балалар бәрін аралап, мұқият қарап шығып, өз орындарына

келіп отырады.

2.Негізгі кезең

Ойын: «Ойыншық қандай фигураға ұқсайды?» ойынымен жалғастырылып, қарапайым

математикалық түсініктерімен байланыстырыла келе, ойыншықтардың көлемі, түр-түсі,

пішінін анықтап талдау жұмыстары жүргізіледі. (Мәселен, Мен допты көрдім. Оның

пішіні геометриялық фигура – дөңгелекке ұқсайды. Доп тек біреу ғана болған жоқ, олар

көп болды. Түстері әртүрлі. Допты жерге соқсаң, ыршиды).

«Д» дыбысын буын ішінде айыруға берілетін жаттығуы.

Да-да-да – дала.

До-до-до – доп.

Ду-ду-ду – думан.

Дә-дә-дә – дәптер.

Ди-ди-ди – диван.

«Д-т» дыбыстарын сөз ішінде келтіріп айтқызу.31

дүбір-түбір

доп-топ

дұрыс-тұрыс

дара-тара

дос-тос

Балалар өз көрген ойыншықтарын геометриялық фигураға ұқсатып, оның түр-түсіне,

үлкенді-кішілігіне тоқталып өтеді.

«Д» дыбысының да, «т» дыбысының да балаларға дауыссыз дыбысқа жататындығын және

оның кедергіге ұшырап, қысылып шығатындығын түсіндіру.

Дәптермен жұмыс. Сөйлеуді дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау.

Сергіту жаттығуы.

Домала, доп, домала,

Балшыққа тек жолама.

Жек көремін оныңды,

Бүлдіресің қолымды.

Секіріп өт ордан да,

Секіріп өт жолдан да,

Қуса күшік жетпесін,

Мәшине басып кетпесін.

(Ө. Ақыпбеков)

Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.

«Менің сүйікті ойыншықтарым» тақырыбында әңгіме құрау.

Шарты: қуыршақ және мәшине ойыншықтарын алу және олардың бір-бірінен

айырмашылықтарын айта келе, әңгімелеу. (Мысалы: Әкем менің туылған күнімде

қуыршақ сатып әперді. Ал ініме мәшине сатып әперді. Әкем маған қуыршақты көрсеткен

уақытта мен «Алақай!» – деп қатты қуандым. Менің қуыршағымның көйлегі қызыл түсті,

басында әдемі қалпағы, сүйкімді сөмкесі бар т.б.).

3.Қорытынды кезең (рефлексия)

Ойыншықтармен ойнау ережелерін еске түсіріп, ұқыпты қолдануды ұсыну. Балалар

ұсынысты қабылдайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
83
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі