Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әңгімелеу мәтіні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылардың өз-ара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру; Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайтудың жолдарын қарастыру; шәкірттерді өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйрету; ұйымшылдыққа, достыққа, білімді терең меңгертуге ынталандыру. Әдістемелік бағыттар: сұрақ-жауап, талдау, проблемалық ізденіс, салыстыру, ойындар ойнау. Көрнекілігі: мәтін түрлері, суреттер, кестелер. Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 4 «ә» Күні:

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Әңгімелеу мәтіні.

        Мақсаты:  Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылардың өз-ара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру; Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайтудың жолдарын қарастыру; шәкірттерді өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйрету; ұйымшылдыққа, достыққа, білімді терең меңгертуге ынталандыру.

         Әдістемелік бағыттар: сұрақ-жауап, талдау, проблемалық ізденіс, салыстыру, ойындар ойнау.                                              

         Көрнекілігі: мәтін түрлері, суреттер, кестелер.

         Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

Психологиялық сәт:  Ана тілің арың бұл,

                                     Ұятың боп тұр бетте.

                                     Өзге тілдің бәрін біл,

                                     Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Топқа бөліну: Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне қарай 3 топқа бөліну. 

   1 топ: Үнді: л, м, н, ң, р, й,  (у);

   2 топ: Ұяң: б,в, г, ғ, д, ж, з;

   3 топ: Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ,    ц, ч, ш, щ.

   Топ ережесін ұсыну.

Тәртіп сақтау;

Ой қосу;

Біреудің ойын тыңдау;

Ашуға жол бермеу;

Топты қолдап отыру.

(Жұмыс барысында тәртіп бұзған оқушыға ескерту беріліп, жақсы жауап берген оқушының жақсы бағаға ие болатынын хабардар ету.)

ІІ. Білімді тексеру:

Әр түрлі сөйлемдердің ішінен керекті сөйлемдерді таңдап алып, мәтін құрастыру.

Мысалы: Теміржол маңында байқа! Рельстерге отыруға болмайды. Жалбыздан дәрі дәрмек жасалады. Жүріп келе жатқан поездан түсуге, мінуге болмайды.

-Қай сөйлем артық?         

-Сол сөйлемді алып тастасақ, қандай өзгерісті байқаймыз?

-Мәтін деген не?

-Мәтін құрылымын ата?

-Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі, соңы болады.

         Мәтін бөліктері

Басы

Негізгі бөлім

Соңы

 

 

 

 

 

 

 




ІІІ.Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді дәптерге жазу. Көркем жазу жолдарын толтыру.

деседі).

ІV. Мақсат қою кезеңі:

«Хатшы» ойынын ойнау. Мәтіннің түрлерін ажырату.

       Әр топтан бір хатшыдан шығып үш түсті хаттың бірін алып тобына тапсырады.

        Әр хатта жаңадан басталған сөйлем жолдары бар. Оқушылар топ болып сол сөйлемді сұрақ бойынша аяқтап, жазу керек. Соңында ереже шығарады.

1 топ

 2-топ

III-топ

Дәулет мектептен келді. Әжесі аулада жүр екен.

Ол көмек

керек екенін айтты. 

  Біздің ауыл көлдің жанында

орналасқан. Балқаш көлі

Қайнамаған суды ішуге болмайды.

Дәулет не істеді?

Ол қандай көл?

Неліктен?

…     …      …..      ….

Әңгімелеу мәтіні.

…    ….     ….      ……

 Сипаттау мәтіні.

 ……       ……       ……

Пайымдау мәтіні.

 

Ереже шығару:

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?

Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?

Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?

       Мәтін  түрлері

 

 

 

 

Әңгімелеу  мәтіні

Не істеді?

 

Сипаттау мәтіні.

Қандай?

Пайымдау мәтіні.

Неліктен?


Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

6-жаттығу. Әңгімелеу.

-Мәтін не туралы?

-Мәтінге қандай ат қоюға болады?

-Мәтін неше бөліктен тұрады?

-Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудару.

-Әр бөлігіндегі сөйлемге сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін ажырату.

7-жаттығу (ауызша)

Әңгімелеу мәтіні

Басталуы оқиғаның шарықтау шегі қорытынды

оқиғаның басы дамуы оқиға дамуының оқиғаның даму

  шарықтау шегі нәтижесі


8-жаттығу. Жоспар бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырып жазу.

VІ.Сергіту сәті:  

 VII.Қорытынды бойынша түсінгендерін бекіту: Топтық жұмыс:

 Әр топтың хатшылары өз тобына ашық хат әкеледі. Онда бір жануардың суреті бейнеленген тәж болады. Әр топ сол жануарды сипаттап мәтін құрап жазады да қорғайды. «Қандай?» сұрағын ескереді. Суреттер топтық ретке байланысты болмайды.

VIІІ. Қорыту.

-Мәтіннің қандай түрлері болады?

-Мәтіннің қандай бөліктері болады?

-Мәтінді құру үшін не қажет?

      Рефлексия:

                                                     

Үйге тапсырма: 9-жаттығу.29бет

Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен, тақтада және ауызша жаттығу жұмыстарын орындаған оқушыларды бағалап, мадақтау.

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
4155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12