400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әңгімені құрастыру және ойлау операцияларын құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы педагогтың түзете дамыту сабағына келетін оқушының күнделікі сабағының ҚМЖ сы
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

___________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)


Дамыту сабағының жоспары

2-тоқсан


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

(болған жағдайда):

А. Оналбаева

Күні:

17.11.25

Сынып:2

Қатысушылар саны:1

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Әңгіме құрастыру және ойлау операцияларын дамыту

Сабақтың мақсаты:


  • Сурет бойынша әңгіме құрастыру;

  • Оқиғаның ретін анықтау;

  • Себеп–салдарлық байланысты түсіну;

  • Өз ойын ауызша және жазбаша түрде білдіру.

     

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

2. Қызығушылықты ояту әдісі

Ойын: «Тыңда да орында»
Нұсқау:
Арнайы педагог айтады:
– Қолыңды шапалақта!
– Екі рет аяқпен топ-топ!
– Бас бармағыңды көтер!
– Қолыңды жүрегіңе қой!

Оқушылар сәлемдеседі. Оқу орнын, оқу құралдарын дайындайды.

Оқушылар тапсырманы орындайды.

Ауызша мадақтама айту: «Тамаша» «Жарайсың»

«Сенің қолынан келеді»

Әр жауап сайын оқушыны мадақтау

Жұмыс дәптері, қалам,

түрлі-түсті қарындаш, оқулықтар. Тақта магниті.

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

33 мин

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: «Әңгіме құрастыру және ойлау операцияларын дамыту»

Сабақ мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабақта сендер суреттер арқылы әңгіме құрастыруды, оқиғаның басталуы, дамуы және аяқталуын анықтауды және себеп пен салдар арасындағы байланысты түсінуді үйренесіңдер.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі, тыңдайды, әңгімеге қатысады.







«Керемет!», «Өте жақсы!»

Интерактивті тақта, плакаттар



Жаңаны тану әдісі. «Сұрақ қою және талқылау» тәсілі

Арнайы Арнайы педагог:
– Қараңдаршы, мен сендерге үш сурет әкелдім. (Гүл отырғызған бала, су құйып тұрған бала, өскен гүл.)
– Бірінші суретте не болып жатыр?
– Бала не істеп жатыр?
– Ол неге су құйып тұр?
– Соңғы суретте не болды?
– Бұл оқиғада не өзгерді?

Түсіндіру:
Әңгіме – байланысты оқиғалар тізбегі. Әр оқиғаның өз басталуы, дамуы және соңы болады.
Мысалы:
Бала гүл отырғызды → гүлге су құйды → гүл өсті.

Арнайы педагог сөзі:
– Міне, біз бір-бірімен байланысқан үш сөйлемнен әңгіме құрастырдық.

Сұрақтарға жауап береді, суреттерге қарап ойларын айтады, сөйлем құрастырады.















Сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтау

.Жарайсың! Осы бағытыңнан тайма!

Интерактивті тақта, презентация немесе компьютер, ноутбук




Жаңаны қолдану тәсілі

1-тапсырма. «Ретін тап!»

Көрнекілік: 3 сурет (бала гүл отырғызады → су құяды → гүл өседі).
Нұсқау: Суреттерді дұрыс реттікпен орналастыр.

2-тапсырма. «Не болды?»

Көрнекілік: Сол суреттер.
Нұсқау: Арнайы педагог сұрайды:
– Неліктен гүл өсті?
– Егер су құймаса не болар еді?

3-тапсырма. «Сөйлемді толықтыр»

Бала орманға ______.
– Ол тиінге ______.
– Тиін қуанып ______.
Нұсқау: Бос орынға тиісті сөздерді қойып оқы.

4-тапсырма. «Кім не істеді?»

Көрнекілік: Кейіпкер мен әрекет карточкалары (мысалы: бала – жаңғақ берді, тиін – алды, құс – ұшты).
Нұсқау: Дұрыс жұптарды сәйкестендір.


5-тапсырма. «Әңгіме тізбегі»

Көрнекілік: 4 бос шеңбер (оқиға кезеңдері).
Нұсқау: Балалар төрт кезеңге сурет немесе қысқаша сөз жазады:

Басталуы → 2. Дамуы → 3. Шарықтау → 4. Аяқталу

6-тапсырма. Дәптермен жұмыс

Көрнекілік: Жұмыс дәптері (берілген сурет және бос жолдар).
Нұсқау: Суретке қарап 3 сөйлем жаз.

1-ші тапсырма бойынша: Суреттерді ретімен орналастырды

Әр суретке қысқаша сөйлем айтты



2-ші тапсырма бойынша: Себеп пен салдарды анықтады. Өз ойын түсінікті жеткізді




3-ші тапсырма бойынша: Сөздерді дұрыс қойды

Сөйлем мағынасы толық



4-ші тапсырма бойынша: Кейіпкер мен іс-әрекетті дұрыс сәйкестендірді





5-ші тапсырма бойынша: Әңгіме құрылымын дұрыс орналастырды

Тізбекті түсіндіре алды



6-шы тапсырма бойынша: 3 сөйлем жазды

Сөйлемдер логикалық реттілікте


Керемет сөйлем құрдың!”






Тамаша жауап!”








Өте жақсы ой қостың!”






Жақсы жоспар құрдың!”












Жазуың ұқыпты!”

1-тапсырма

2-тапсырма



3-тапсырма

Карточкалар (жартылай жазылған сөйлемдер):







4-ші тапсырма




6-шы тапсырма



Жаңа сабақты бекіту

Топтық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі

Бекіту сұрақтары:

  1. Әңгімеде кімдер болды?

  2. Оқиға қайда өтті?

  3. Кейіпкерлер не істеді?

  4. Сен бұл әңгіменің соңын қалай өзгертер едің?

Сұрақтарға жауап берді

Өз пікірін білдірді

Тамаша!


Сабақтың соңы

Рефлексия

5 мин

Рефлексия. Кері байланыс.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.


Смайлдер

Үйге тапсырма

«Менің сүйікті жануарым» тақырыбына сурет салып, ол туралы 2–3 сөйлем жаз.

Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.

Жарайсың!

Дәптер, қалам






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18.11.2025
35
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі