400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аңқау арыстан (ертегі) 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қысқа мерзімді жоспарды жас мамандарға, басқа да ұстаздарға көмек ретінде, үлгі ретінде ұсынылады. Жаңартылаған білім мазмұны бойынша жасалған ашық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: №141 жалпы білім беретін мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нусупбаева Н.С

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті


  • №63 сабақтың тақырыбы

Атадан қалған асыл мұра Аңқау арыстан (ертегі)

Сабақтың оқыту мақсаттары

2.2.4.1. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің, соның ішінде ертегілердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.

Бағалау критерийлеріː

Барлық оқушылар орындай алады: халық ауыз әдебиеті үлгілеріне нелер жататынын атайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады : халық шығармаларының басты белгілерін біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады : ертегілердің түрлерін біледі, оқылған ертегінің қай топқа жататынын анықтайды.

Тілдік мақсатː

Түйінді сөздер мен сөз тіркестеріːмұра,мирас,халық ауыз әдебиеті,қулыққа басады,мұңын шағады.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стиліː конструктивті диалог,лексикалық талдау .

Талқылауға арналған сұрақтарː

-Не үшін тазалық сақтау керек?

-Неге ертегі «Аңқау арыстан» деп аталады?

-Қандай ауызша тараған халық шығармаларының түрлерін білдіңдер?

Алдыңғы оқу

Дені саудың – жаны сау


Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дескриптор

ҚБ

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

Үй жұмысын сұрау және қорытындылау .

-Не үшін тазалық сақтау керек?Суреттегі балаларды сипаттайды

-.Неге бірінші суреттегі бала кір қожалақ?

-Денсаулық мықты болу үшін нені естен шығармау керек?(Қорытындылау)

Сабақтың мақсатымен таныстыру .Күтілетін нәтижені анықтау.

-Қазақ халқының ауыз әдебиетінде көп кездесетін «Ерте ,ерте ,ертеде...»деп басталатын қандай щығарма деп ойлайсыңдар?




Балаларды сипаттайды,қорытынды жасайды



1балл







Сурет


Сабақтың ортасы

30 минут
































Мағынаны ажырату

Білу


1. Оқулықтағы сызбамен жұмыс:

Халық шығармалары:

Ертегілер;

Төрт түлік туралы жырлар;

Аңыздар;

Өтірік өлең;

Мысалдар;

Жұмбақтар;

Жаңылтпаштар;

Мақал-мәтелдер;

Шешендік сөздер.

Барлығына ортақ белгі: ауызша жеткендігі, соған байланысты көп варианттылығы айтылады. Балалардан қандай ертегі, жұмбақ, мақал-мәтелдер т.б. білетіндері сұралады. Ертегінің атынан байқалып тұрғандай ертеде пайда болған халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі екендігі де айтылады.

2. Тыңдалатын ертегінің нелер туралы екендігі жұмбақтарды шешу арқылы табылады:

• Өзi ширақ, өзi қу,

Жүрген жерi айқай-шу (түлкі).

• Бiр аң бар қайраты көп, болған күштi,

Басынан өткiзедi әрбiр iстi (арыстан).

• Әртүрлi, орта бойлы, ұзын құлақ,

Өзiне мiндеттесе, қызмет қылмақ (есек).

Тыңдалым.

«Аңқау арыстан» ертегісі тыңдалады







Интербелсенді тақта немесе плакат



















































Түсіну.

Оқылым.

Ертегіні рөлге бөліп оқу.


Қулығына басады – қулық жасайды, алдайды.

Мұңын шағады – мұңын айтады.

Жерi отты – жерi шөптi.

Ауыр азап шегiп – шаршап, қиналып, титықтап.

Жұғын да жоқ – түк те жоқ.

Сөздерді түсіндіруде бірден мағыналас қатарды айтудың қажеті жоқ. Оқушылардан қалай түсінетіндері сұралады, мәтіннен осы сөздерге қатысты сөйлемдерді табу жұмыстары жүргізіледі.


Қолдану.

Жұптық жұмыс.

№7 тапсырма орындалады. Бүгінгі оқылған ертегі қай топқа жатады? Сызбаны әрі қарай жалғастыр.


Ертегiлер:

Жан-жануарлар туралы ертегiлер:

Мысалы: Аңқау арыстан.

Қиял-ғажайып ертегiлерi:

Шыншыл ертегiлер:

.

Топтық жұмыс.

Әр бағандағы сөздер қай кейіпкерге тиісті екенін айт. Әр бағанда бір сөз артық. Ол – басқа кейіпкердің сөзі, соны тап.

1-топқа: Кез болады. Қулығына басады. Бұл бағандағы берілген сөз тіркестері түлкіге қатысты.

2-топқа: Хал-жайын сұрайды. Шомылып келуге кетеді. Айқай салады. Бұл бағандағы берілген сөз тіркестері арыстанға қатысты.

3-топқа: Мұңын шағады. Бас салады. Соңынан ереді. Бұл бағандағы берілген сөз тіркестері есекке қатысты.







Синтез.

Ой толғау

Жеке жұмыс.

4-тапсырмадағы сызба толтырылады:

кейіпкерлер және олардың басты сипаты.

.

Мәтінді оқиды
























1 балл




Жетістік критерийі: ертегілердің әр түрінің басты белгілерін атай алады. «Аңқау арыстан» ертегісі жан-жануарлар туралы ертегі екендігін біледі













1балл

Жетістік критерийі: әр кейіпкердің сөзін дәл әрі тез тауып айта алады.

Бағалау. ЖК бойынша бағалайды.


1 балл

Жетістік критерийі: оқушылар жауаптарында жоғарыдағы жұмбақтарды пайдаланады.

Бағалау. ЖК бойынша бағаланады

1балл Сызбаны толтырады ,кейіпкерлер

ді сипаттайды



1 балл





Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. Жауапты ред.: С. Бизақов,

Алматы: «Арыс», 2005 ж.







Сабақтың соңы

5 минут

Үйге: №6 тапсырманы орындау. Берілген сурет бойынша әңгіме құрау.

Кері байланыс.

Рефлексия. «ББҮ» кестесі бойынша


Қосымша
мағлұматтар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Жетістік критерийлері арқылы «Жарайсың», «Жақсы» деген қалыптастырушы бағалауларды пайдалану .

Құндылықтарды дарыту:

ынтымақтастық,

құрмет.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, сурет.

АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

Тәрбиелік мәні: әр нәрсенің қадірін білуге, төзімділікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
3737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі