400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аңызға толы сұлу Көкше. Сан есімді қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар орындай алады: • Мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді,сұрақтарға жауап бере алады. • Мәтін құрылымын сақтай отырып, өз ойын жүйелі түрде баяндай алады . • Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс аңызға толы сұлу Көкше туралы сипаттап не суреттеп жаза алады. • Сан есімнің мағыналық түрлерін біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: • Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармадағы кейіпкерлерді, белгілі бір мекен мен оқиғаны салыстыра отырып суреттейді. • Сан есімнің мағыналық түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін біледі. Кейбір оқушылар орындай алады: • Демалыс орындарына байланысты таныстырылым құрастыра алады. • Сан есімнің мағынасына, құрамына қарай топтастырып, негізгі ойды жинақтап, қорытындылай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

5.10.5 Саяхат және демалыс

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар: 0

Сабақтың

тақырыбы:

Аңызға толы сұлу Көкше. Сан есімді қайталау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Ж4 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.

5.ӘТН4. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді,сұрақтарға жауап бере алады.

  • Мәтін құрылымын сақтай отырып, өз ойын жүйелі түрде баяндай алады .

  • Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс аңызға толы сұлу Көкше туралы сипаттап не суреттеп жаза алады.

  • Сан есімнің мағыналық түрлерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармадағы кейіпкерлерді, белгілі бір мекен мен оқиғаны салыстыра отырып суреттейді.

  • Сан есімнің мағыналық түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Демалыс орындарына байланысты таныстырылым құрастыра алады.

  • Сан есімнің мағынасына, құрамына қарай топтастырып, негізгі ойды жинақтап, қорытындылай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Табиғаты ерекше әсем қала Көкшетаудағы аңызға айналған таулар жайындағы ақпараттармен танысады.

Сан есімді мағынасына ,құамына қарай ажыратып, тұлғалық талдау жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Бурабай табиғаты,Шортанды шоқылары ,Мысыр пирамидалары, Қаздауысты Қазыбек,Төле би,Көкше ,Бурабай, Жұмбақтас

800-ге тарта , 159,932 гектар,305 түрі, екі желі, сегіз ноқта т.б.


Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Бурабай табиғаты,Шортанды шоқылары ,Мысыр пирамидалары,

Көкше ,Бурабай ,Жұмбақтас,Оқжетпес,Ұйықтап жатқан батыр.



Талқылауға арналған сұрақтар:

Неге сұлу Көкше жері аңызға айналған деп ойлайсың?

Аңыз әңгімелердің шығу тарихы жайлы не білесің?

Сан есімдер мағынасына, құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Бурабай жері ерекше екенін айта аласыз ба?

Сан есімнің мағыналық түрлерінің әртүрлі екенін айта аласыз ба?


Бағалау критерийлері

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс аңызға толы сұлу Көкше туралы сипаттап не суреттеп жазады.

Мәтін мазмұнындағы ақпараттарды анықтай алады.

Сан есімді мағынасына , құрамына қарай ажыратып, тұлғалық талдау жасайды.


Алдыңғы оқу

4-сынып, Ана тілі.

Көкше аңыздары туралы мәліметтер таныс.

Сан есім туралы біледі,оның құрамдық, мағыналық түрлерін ажырата алады.

Сан есімдер туралы жалпы ұғымдары бар.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Тарих, География

Құндылықтарға баулу

Туған жердің әсем табиғатын аялау, дәріптеу.

Тарихтың ,мәдениет пен тілдің біртұтастығын сақтау.

Топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты,жауапкершілікті сезіну.

Жоспар

Жоспарлан ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

20 минут













3мин





























10мин






































7мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесемін.

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.

3. «Керемет бақ» әдісі арқылы сыныпта психологиялық ахуал туғызу.

Қазір барлығымыз да көзімізді жұмамыз. Көзді жұмып жақсы нәрселер ойлаңыздар. Бақта келе жатырмыз деп есептеңіз. Алдыңызда әдемі сізге ұнаған демалыс орындары тұр деп ойлаңыз.

Бұл демалыс орындары сіздерге таныс па?

Слайдтан суреттерді көрсетіп қоямын.

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы үш топқа Қазақстанның көрікті жерлері мен демалыс орындары бейнеленген қима қағаздарды ортаға тастаймын. Қима қағаздарды топтастыру арқылы, сыныпты үш топқа бөлемін.

І топ - Оқжетпес

ІІ топ - Жұмбақтас

ІІІ топ - Ұйықтап жатқан батыр


Сұлу Көкше жері туралы қандай аңыз әңгімелер білесіңдер?

«Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы оқушылардың пікірін тыңдаймын.

Топтық жұмыс

1- тапсырма

Мәтін мазмұнымен танысып әр топ көркемдегіш құралдарды пайдаланып,мекен мен оқиғаны салыстыра отырып 7 сөйлемнен тұратын эссе жазу.

Аңыз әңгімелердің шығу тарихы туралы 3 топқа мәтін таратып беремін .

Мәтін мазмұнымен танысып, әр топ 7 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

Кіріспе . 1 сөйлем

Негізгі бөлім . 4 сөйлем.

Қорытынды бөлім. 2 сөйлемнен тұрады.

Эссенің жазылу құрылымын жазып тақтаға іліп қоямын.

Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтарқою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Бағалау критерииі

  • Тақырыпқа сай оқиғаны сипаттап жазады

Эссе құрылымын сақтайды


Бағалау критерииі

Тақырыпқа сай оқиғаны сипаттап жазады

Эссе құрылымын сақтайды

Кері байланыс: Көкше аңыздары туралы мәліметтер түсінікті ме?


2-тапсырма

Сан есімнің мағыналық түрлерін қатыстыра отырып таныстырылым құрастыр.

Бағалау критерийі

Сурет бойынша демалыс орындары жайлы таныстырылым құрады.

Сан есімнің мағыналық түрлері мен жасалу жолдарына қарай қолданады.

Дескриптор

Табиғат көрінісін бейнелейді.

Демалыс орнының адам денсаулығына пайдалы жақтарын дәлелдейді.

Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата алады

Қалыптастырушы бағалау :«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы балалар бір-бірін бағалайды










АКТ






Суреттері бар қима қағаздар


























































Сабақтың ортасы

15минут



























































5 мин

















5мин















5 мин



1-тапсырма. Сыныптық жұмыс

Мәтінді барлық оқушылар толық оқиды.«Қос жазба күнделігі» әдісі бойынша жұптаса отырып, оқулықпен жұмыс жасайды, өз ойларын тұжырымдайды.Ең маңыздысын «Түртіп алу» әдісі арқылы топта талдау,


І топ. Мәтіннен жер-су аттарын теріп жазады.


ІІ топ. Дара және күрделі сан есімдерді анықтайды.


ІІІ топ. Цифрмен берілген сан есімдерді әріппен жазу.


Кері байланыс: Мәтін мазмұнын түсіндіңдер ме?

Қалыптастырушы бағалау: «Стикердегі диалог» әдісімен бағалайды. Оқушылар әр топтың жұмысын талқылап,стикерлерге өз пікірлерін жазып өзара бірін- бірі бағалайды.


2-тапсырмада

Жұптық жұмыс

«Ойлан/ жұптас/ талқыла» әдісі арқылы жұмбақтарды шешіңдер. Сан есімдерді тауып, оларды мағыналық топтарына қарай бөліп жазыңдар.

Кері байланыс: Сан есім дегеніміз не? Сан есімдер мағынасына, құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Сан есімнің емлесі қандай?

Қалыптастырушы бағалау: « Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады



3-тапсырма.

Дәптермен жұмыс

Жеке жұмыс

Кестеде берілген қысқаша ақпаратқа қарап сан есімнің мағыналық топтарын «Кім жылдам» әдісі арқылы орындайды.

1

-ау(-еу) жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалады.

...

2

Белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен айтатын сөздер.

...

3

-ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады.

...

4

Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді.

...

5

Белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалады

...

6

-дан (-ден, -тан,-тен) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады.

...


Кері байланыс:

«ПОПС формуласы» әдісі

1.«Менің ойымша...»

2. «Себебі мен оны былай түсіндіремін...»

3. «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

4. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Қалыптастырушы бағалау:

Әр дұрыс жауап айтқан оқушыға смайлик жабыстырып отырамын.







Оқулық





























Оқулық

















Смайлик






Сабақтың соңы

5 минут


3 мин







2 мин

Кері байланыс: «Маған үш зат айт» әдісі


Біз бүгін оқып үйрендік.


Біз жақсы жасай алдық.

Топ өте жақсы жасай алды.






Үйге тапсырма беру.

Оқулықтағы 4 -тапсырманы орындау.

Мәтінді оқып, ішінен жинақтық сан есім жасай алатын сөздерді табыңдар.



Кері байланыс парағы









Қосымша ақпарат

Саралау.

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық сақтау.

АКТ-мен байланыс.


Жеке жұмыс: «Кім жылдам» әдісі арқылы оқушылардың алдыңғы білімін жинақтай отырып, ашық сұрақтарға жауап бере алатын, тілдік дағдылары қалыптасқан, белсенді оқу үдерісінде өзіндік уәжі бар дара тұлғаның өз ойын еркін айтуға қалыптастырады.

«ПОПС формуласы» әдісі арқылы

оқушылардың не білетіндігін

1.«Менің ойымша...»

2. «Себебі мен оны былай түсіндіремін...»

3. «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

4. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» деп

сыныптағы оқушылардың барлығы өздеріне кері байланыс береді.

Топтық жұмыс: Сұлу Көкше жері туралы қандай аңыз әңгімелер білесіңдер? деп «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы оқушылардың пікірін тыңдап, мәтін мазмұнымен танысып, әр топ 7 сөйлемнен тұратын эссе жазу арқылы

ойларын еркін және сауатты жеткізу дағдысы және топтық, жұптық жұмыстар арқылы сыныпта белсенді оқу ортасы қалыптасады.


Жеке жұмыс: .«Қос жазба күнделігі» әдісі бойынша жұптаса оқулықпен жұмыс жасайды, өз ойларын тұжырымдайды.Ең маңыздысын «Түртіп алу» әдісі арқылы топта талдап, бүгінгі алған білімдерін тиянақтайды. Оқушыларды шапшаңдыққа дағдыландырады.

Жеке жұмыс: « Маған үш зат айт» кері байланысы оқушының білім алуын, шешім қабылдай білуін, бәсекелестікке түсе білу дағдысын қалыптастырады.


1. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.

2. Смайликтер, «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»,

әдістері арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі бағалауы, жұптың, топтың бағалауында оқушылардың оқу жетістіктері айқын байқалады.


Қауіпсіздік ережесін сақтау.

АКТ- мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады.

Уақыт бөлінісін сақтай отырып, оқушының физиологиялық, психологиялық даму ерекшелігін ескере отырып,тапсырманы шиыршық қағидатына сай аламын,яғни қарапайымнан күрделіге көшу принцпін сақтау.

Ресурстар.

Жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Керемет бақ» әдісі арқылы сыныпта психологиялық ахуал туғызу.


Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері өз дәрежесінде орындалды. Мақсатқа сай берілген тапсырмаларды оқушылар белсенді орындап отырды. Сабақ жоспарланған мақсатына жетті. Оқушылар «Аңызға толы сұлу Көкше» мәтінінің негізгі идеясын таныды.Сабақ жақсы деңгейде, ұйымшылдықпен өтті. Оқушылар мәтінді оқи отырып, өмірде туған жерін қадірлеуге түсінді, мақсатқа жету жолында ізденді және жұмыс барысында бір-бірінің жұмысын саралады. Уақыт тиімді пайдаланылды. Сан есімді мағынасына, құрамына қарай ажыратып, тұлғалық талдау жасады.



2.Бүгін оқушылар не үйренді?

Туған жеріміздің табиғатына құрметпен қарауды, табиғаты ерекше әсем қала Көкшетаудағы аңызға айналған таулар жайындағы аңыз әңгімелерге мән беріп қарауды, сын тұрғысынан ойлауды, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезінуді, өмір бойы оқуға дайын болуды, бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Сабақта оқу мақсатына сәйкес жоспарланған тапсырмалар өз деңгейінде өтті. Белсенді оқу ортасы қалыптасты. Ынтымақтаса жұмыс істеу қабілеті байқалды. Жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптасты.

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Оқушыға меңгертуге арналған тапсырмалар нақты және жүйелі болды. Жұптық, топтық жұмыстар барысында берілген тапсырмалар тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым саралап оқыту тәсіліне сай әрекетінің дағдылары қалыптасты, ашық сұрақтар арқылы болжау, талдау жасалды.

5.Уақытты қалай пайдаландым?

Уақыт тиімді пайдаланылды. Топтық жұмыстар тиімді жүзеге асырылды.

6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?




Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты. (оқытуды да,оқуды да есепке алыңыз)

1. «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы оқушылардың пікірін тыңдау.

2. ПОПС формуласы» әдісі арқылы кері байланыс беру.

3. Топтық жұмыс.

4. Ресурстардың тиімділігі.


Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

  1. Қалыптастырушы бағалауды жетілдіру.

  2. Топта , жұпта тиімді жұмыс жасау.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Оқушының ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған күрделі тапсырмалар түрін жетілдіру.

2.





Бағалау парағы

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс аңызға толы сұлу Көкше туралы сипаттап не суреттеп жаза алады.



  1. Тақырыпқа сай оқиғаны сипаттап жазады.

  2. Эссе құрылымын сақтайды.



Мәтіннен сан есімдердің құрамына қарай бөліну ерекшелігін біледі.

1.Сан есімнің құрамына қарай бөлінуін біледі.

2. Сан есімнің емлелік ережесін біледі.


 











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1880
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі