400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анимация құру. Жобаны жасау кезеңдері 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Анимация құру. Жобаны жасау кезеңдері 5 сынып. Бұл сабақта мұғалім оқушының жұмысын бақылап, қажет болған жағдайда жобаның тақырыбы, мақсаты және өзектілігіне сай бағыт-бағдар беретін болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі 5.4А: Жобаны жасау және қорғау





Дата:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Анимация құру. Жобаны жасау кезеңдері

Осы сабақта жететін мақсаттар (оқу жоспарына сілтеме)

5.3.2.2 алгоритмді табиғи формада беру

Сабақ мақсаттары

  • Алгоритмді жазу жолдарын білу

  • Жобаның тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айқындау

Жетістік критерийлері

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті, егер

Білу және түсіну

алгоритм жазылу түрлерін біледі

жобаны жасау кезеңдерін біледі

Білімді қолдану

жобаны жасау ретін құрастыра алады



Тілдік мақсаттар



Сабақтың тілдік мақсаттары:

жобаны жасауда тиісті терминология мен тілді пайдалана алады


Пәндік лексика және терминология:

алгоритм, табиғи тілде ұсыну, программалау ортасы, жоба, жобаны жасау кезеңдері, жұмыс жоспары


Диалог/жазба жұмыстары үшін пайдалы сөз тіркестері

Алгоритмді …. түрде ұсыну

Мен бұл тақырыпты таңдадым, себебі …

Менің жобамның өзектілігі …

Бұл тапсырманы шешу үшін мен келесі бағдарламаны таңдадым….

Мен келесі жобаны жасау кезеңдерін таңдадым...

Құндылықтар





Бұл сабақта келесі құндылықтар дарытылады: ынтымақтастық, өз бетімен білім алу

Құндылықтарды дарыту жұпта және топта жұмыс жасау арқылы іске асады

Пән-аралық байланыс

Жобаны жасау үшін таңдалған әртүрлі пәндер

Алдынғы білім



Оқушылар осыған дейін біледі: ойын программалау тілі Scratch және Logo программалау тілінде бағдарламалау


Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Оқушылармен амандасамын.Сабаққа назарын аударамын.

Шаттық шеңберге тұрғызамын.

Оқушыларды топқа бөлемін. Оқушылар суреттердің қиындысын қосу арқылы топқа бөлінеді. Мысықтың әртүрлі түсті суреттері шығады (сары, қызғылтсары,қара). Осы суреттен не байқағандары туралы сұрау арқылы тақырып ашылады.

Белсендендіру және сыни ойлауды дамыту

Мұғалім мысалдар келтіреді, оқушылар алгоритм типін анықтайды:

    1. Саңырауқұлақ жинау

    2. Үй тапсырмасын орындау

    3. Жорыққа рюкзак дайындау

(С) Сабақ тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру. Сабақтың міндеттерін бірлесіп анықтау. Яғни алгоритмдерід құру арқылы анимациямен жұмыс жасай алатынымызды түсінеді.







Сабақтың ортасы






Алгоритм жазылу түрлері


(С) Негізгі алгоритмдік құрылымдарды қайталау: сызықтық, тармақталған және цикл. Аталған алгоритмдерді құрастыруда пайдаланылатын кілттік сөздерді айқындау.



Жобаны жасау кезеңдері

(Ж) Scrath ойын бағдарламалау ортасында жасалған мини-жобаны көрсету және талдау: алгоритмдік құрылымдардың жүзеге асуы, анимация, фон қосу/ауыстыру, дыбыс қосу және т.б.

1) Тапсырманы қойылуы

2) Жобаның дизайны

3) Жобаны құрастыру

4) Құжаттарды рәсімдеу

5) Жобаны ұсыну (презентация)



(Ж) Белсенді жұмыс: Екі шеңберде талқылау

Оқушылар екі шеңбер жасайды: бірі – ішкі, екншісі - сыртқы. Белгі бойынша ішкі шеңбердің мүшелері өзінің жобасының тақырыбы, мақсаты, міндеттері және өзектілігі туралы айтады, ал қарама-қарсы тұрған адам өзгеріс енгізуге тілек немесе жобаны жақсарту үшін қандай да бір ұсыныс айта алады, содан соң олардың ролдері ауысады. Белгілі уақыттан соң белгі бойынша сыртқы шеңбер сағат тілі бойынша бір адамға ауысады және алдыңғы әрекет қайталанады.






Оқулық: Информатика 5 класс











презентация

Сабақ соңы

3 мин

Рефлексия (жазбаша)

Бүгінгі сабақта не сәтті болды? Қандай қиындықтар кездесті? Деген сұрақтарымен қағаздар таратылады. Әр оқушы өз ойларын айтады.


Дифференциация – Сіз

оқушыларға көбірек

қолдау көрсету үшін не

істейсіз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай

тапсырма беруді көздеп

отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережесін сақтау

Әрбір оқушы өзінің білімі мен қабілетіне сай жоба таңдайды және жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті мен өзектілігін анықтайды.

Осы сабақта және келесі бірнеше тізбектелген сабақтарда оқушылар өзінің таңдаған жобасы бойынша жұмыс жасайтын болады.

Үлгермей жатқан оқушылар кеңес алу үшін мұғалімнен немесе қабілеті жақсы оқушылардан көмек ала алады.

  • Басқа оқушының жобалық жұмысына кеңес, ұсыныстар беру

  • Бұл сабақта мұғалім оқушының жұмысын бақылап, қажет болған жағдайда жобаның тақырыбы, мақсаты және өзектілігіне сай бағыт-бағдар беретін болады

  • Сабаққа рефлексия

Экранға дейінгі қашықтық пен денені дұрыс ұстауды бақылау



Сабақ ортасында физминутка жасау

Таратпа материал

Алгоритм өрнектелу түрлері


Алгоритм өрнектелу жолдарының ең көп таралған түрлері:

  1. табиғи тілде (табиғи тілде өрнектелуі);

  2. бағдарламалық (бағдарламалау тілінде).


1. Алгоритмнің ауызша тілде өрнектелуі


Ең қарапайым тәсіл – табиғи тілде – яғни алгоритм мұқият сарапталған сөздер мен фразалардан (қайталану, синоним, артық сөзге жол берілмейді) құралады. Математикалық символдар пайдаланылады.

Алгоритмның табиғи тілде жазылуы мәліметтерді өңдеудің кезеңдерін өрнектейді. Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды

Табиғи тілде жазылған алгоритмнің кемшіліктері:

  • қатаң формалданбауы; 

  • жазбалардың көптігі;

  • кейбір нұсқамалардың басқа мағынада түсінуілуі.


Табиғи тілде жазылған алгоритм мысалдары: аспаздық кітабы, теледидар нұсқаулығы


2. Бағдарламалық әдіс – бұл алгоритмнің бағдарламалау тілінде өрнектелуі (компьютерлі бағдарлама түрінде). Бадарлама (Программа) – алгоритмнің тізбектелген оператор-командалар арқылы қандай да бір бағдарламалау тілінде жазылуы.

Мысалы: Logo бағдарламалау тілінде «Тасбақа» орындаушысы арқылы шаршының суретін салу немесе Scratch ойын-бағдарламалау тілінде бағдарлама кодын жазу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі