400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық кескіндерді салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:28.01.2019

Сынып:10а


Мектеп:Кішішыған орта мектебі МДШОКММ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық кескіндерді салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық кескіндерді салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату туралы жалпы түсінік алады

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерін біледі

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.


Бағалау критерийлері

Программа атауын білу, программа меню жолдарын талқылау.


Тілдік мақсаттар


Оқушылыр орындай алады:

өздерінің практикалық жұмыс нәтижелерін ауызша жинақтай алады

Пәндік лексика және терминология

  • Flash MX, анемация, фигура

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

видеожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сәлімдесу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Суреттер арқылы топқа бөлу.

Ойлан, топтас, пәкірлес

Біз тәуелсіз мемлекет, егемен ел болғаннан бері білімі мен білігі ұштасқан зияткер ұлт болуға, жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеруге талпыныс жасай бастадық. Құрметті оқушылар, біздің ендігі оқып-үйренетін тақырыбымыз-анимация және мультипликация. Бәріміз де бұл ұғымдардан жалпылай хабардармыз. Дегенмен де бұлар қалай және қашан пайда болғанын біле бермейміз. Сондықтан анимация мен мультипликацияның шығу тарихымен танысайық.

Мультипликация термині латынның multiplication сөзінен аударғанда «үлкею», көбею, «еселене түсу», ал ағылшын тілінде – «жандандыру» деген мағынаны білдіреді.

Бұл – суреттердің, қуыршықтардың қозғалыс кездерінің фазаларын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсетуден туатын кино өнерінің бір түрі. Мысалы, бір ғана аттын қозғалысын жасау үшін бірнеше кадрлы сурет керек. Сондай-ақ доптын секіруі.

Мультипликациялық кино ісінің белгілі 3 тәсілі бар: Бірінші-суреттер (графикалық мультипликация); екінші-қуыршықтар (көлемді мультипликация); үшінші-жалпақ, жұқа қуыршақтар (жазық пішінге салып қию) пішінінде пайдаланылады.

Мультипликациятарихына көз салсақ, оның іргетасы ағайынды Льюмерлердің кино өнерін тудырған техникалық жаңалығынан да бұрын қаланды. Алғаш суретке жан бітірген Бельгиялық физик-Жозеф Плато (1832 жыл), және австриялық профессор-геометр Симон Фон Штампфер болды. Олар бірнеше сурет жапсырылған дискіні жылдам айналдыру арқылы, қолын сілтеп жүгіріп бара жатқан адам бейнесін жасады. Бұл технологияның суреттермен байланысты дамуы киноаппараттын жасалуына ықпал етті. Ал 1877 жылы француз суретшісі әрі инженері Эмиль Рейно траксиноскоп арқылы суреттін қимылын ұзартты. Онда музыка және әнмен сүйемелденген түрлі түсті бейнелі бірнеше комедиялық лента, 15-20 минутқа созылды. Америкалық Джон Стюарт Блэктон мен Уинзор Маккей, француздық карикатура суретшісі-Эмиль Коль, т.б. мультипликациялық киноның көш басшысы болып саналды(1906-1908 жж.). Олар суреттерді кадрлер бөлшектеп, бөліп түсірудің жаңа жолдарын пайдаланып, мәнерлі қозғалысқа келтіріп, оларға жан бітірудің құпияларын ашты. Мультипликациялық киноның негізін салушылардың бірі, әйгілі Микки Маус атты мультфильмнің авторы-Уолт Дисней. Оның әйгілі Освольд (қоян), Микки Маус (тышқан), Дональд (үйрек), т.б. кейіпкерлері дүниежүзі көрермендерінің көнілінен шықты.

20-шы ғасырда «Союзмультфильм» (1936 жылы құрылған) студиосынан жарық көрген фильмдер мультипликациялық кино ісін дамытты. В.М. Котеночкиннің «Тұра тұр, бәлем!»(Ну, погоди!) көп сериялы фильмі, режиссер В.Поповтың «Простоквашинадан шыққан үшеу», т.б. фильмдерін миллиондаған жас көрермендер тамашалады.

Ал, Қазақ мультипликация өнерінің тұңғыш мультфильмі-1967 жылы жарыққа шыққан, ертегі негізінде түсірілген, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі. Сценарийдің авторы, режиссері және суретшісі-Әмен Қайдаров. Фильм 1968 жылы Ленинградта өткен Бүкілодақтық фестивальде екінші жүлдеге ие болып, әлем елдерінің экрандарында көрсетілді. 1975 жылы Нью-Йоркте өткен мультипликациялық фильдердің I халықаралық фестивалінде «Қола Праксинаскоп»жүлдесін иеленді.

Қайдаров түсірген: «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр-құрылысшы» атты фильмдер қазақ мультипликациясының жетістіктері болды.

Режиссер-суретшілер: Ж.Дәненов пен Ұ.Қыстауовтың «Алпамыс батыр», «Айдаһар аралы», Е. Әбдірахмановтың «Тапқыштар», «Бозторғай», Б.Омаровтың «Үш шебер» «Қаңбақ шал», Т.Мұқанованың «Жібек шашақ», «Қайшы», Қ.Сейденовтың «Тігінші мен ай», «Қадырдың бақыты» атты мультфильмдері- қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармалар.

Анимация («animation» латынның «anima»-«жан» деген сөзінен шыққан)-қозғалыстың әртүрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.




Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.









Сабақтың ортасы

8 минут




1 минут





5 минут



3 минут

16 минут


Macromedia Flash Maker бағдарламасының құрылымы.

Macromedia Flash MХ – көрнекті интерактивті мультимедиялық көрмелер, веб-сайт түрлі аниамациялық құжаттар құруға мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама. Flash-те құрылған құжаттың кеңейтілуі *.fla(Flash құжаты) және *swf(Small Web-File- кіші Web файл) типті болып келеді.

  1. Бекіту кезеңі

Тәжірибелік жұмыс

  1. Қорытынды кезең

Бақылау сұрақтары

  1. Анимация дегеніміз не?

  2. Мультипликация дегеніміз не?

  3. Шығу тарихын қысқаша айтыңдар!

  4. Уолт Дисней деген кім?

  5. Анимация құратын қандай бағдарлама орталары бар?

  6. Macromedia Flash MХ бағдарламасында құжатты қалай сақтаймыз?

  7. Бағдарламаның интерфейсі қандай құрылымдардан тұрады?





Сергіту сәті

Сұрақ парақшалары.







Оқулық, дәптерлер.







Ойын ойнайық.

Сабақтың соңы

2 минут


Сабақты қорытындылау және рефлексия.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

Стикерге екі «+» белгісін қойыңыз, жанына сабақта ұнаған екі нәрсені жазыңыз.

Төменге «?» белгісін қойыңыз, бұған қиындық туғызған бір нәрсені жазыңыз.

  1. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу. Macromedia Flash MХ бағдарламасында басқа да түрлі суреттер құрастыру.

  1. Бағалау кезеңі

Тест сұрақтарының кілті

1

2

3

4

5

Е

В

Е

В

А


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі