15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Animal types
БҚО облысы Орал қаласы
№49 ЖОББ мектебі
Реферат
Тақырыбы:
«Туған өлкем-Оралым»
Тексерген: Балнұр Ерсайынқызы
Орындаған: Асанова А.Ж 6б оқушысы
Орал 2019 жыл
Орал
– Қазақстанның көне қаласы, Батыс
Қазақстан облысының әкімшілік орталығы.
Қала
Каспий теңізіне құятын Жайық өзенінің
оң жағалауында орналасқан, үш жағынан
Жайықтың, Шағанның суларымен қоршалған.
Жалпы аумағы 700 ш.ш. құрайды. Қаланың аты
әлденеше рет өзгерді. Қазақтар "Теке",
"Орал" десе, ал орыстар - "Яицкий
городок", "Уральск" деп атаған.
1775
жылы Пугачев көтерілісін халықтың
жадынан мүлдем шығарып, ұмыттыру
мақсатында патшайым өзінің жарлығымен
"Яицкий городок" атауын "Уральск"
деп өзгертті.
Ежелгі ғасырларда
қала маңында көшпелі тайпалар - исседондар,
сарматтар мекендеген. Орта ғасырда осы
тұстан Шығыстан Батысқа қарай ең қысқа
сауда жолы төселді.
Қала төңірегінде
әр кезеңде мекендеген халықтардан,
тайпалардан түрлі қалашықтар, тастан
жасалынған мүсіндер, арба дөңгелегінің
іздері, саз балшықтан жасалынған
ыдыс-аяқтар секілді естеліктер қалған.
Соңғы жылдары қала аймағынан табылған
археологиялық қазба-ларға қарағанда,
бұл жерде XIII ғасырда негізі қаланған,
Алтын Орданың өркендеуі кезінде қала
болды деген жорамал бар. Орта ғасырлық
қаланың негізгі тұрғындары - кіші жуз
қазақтарының ең жақын тегі болып
есептелетін ноғай-алшындар болған.Тарихи
мәліметтерге қарағанда: ноғай-алшындардың
басшысы Ормамбет бухар жаугер-шілігінен
қорғану үшін 1598 жылы орыстарға мықты
қалашық-қамал салдырып, артынан өз
қалауынша бұздырып тастаған. Қалада
Алтын Орда, ноғай-алшындардың тіршілігімен
байланыстыратын жерлер бар. Бұндай
жерлерге Хан тоғайы және Басқақ көпірі
жатады (Басқақ - Алтын Орда ханының
наместнигісалық жинаушысы). Хан тоғайы
ерте заманнан қыпшақ хандарының жазғы
көшпелі орны және жазғы тұрағы болып
келді. Бұл жерде мұсылман ғұламасы
жерленгендіктен қасиетті орын болып
саналады. Маңызды оқиғалар кезінде
түркі тілдес халықтардың өкілдері осы
жерге жиналып, халық тағдыры, бейбітшілік
және туыстық мәселелерін шешкен.
Тоғайда
қазақ хандарын таққа отырғызу рәсімдері
жүргізілген. 1812 жылы осында Ішкі Орданың
сұлтаны Бөкей хан болып сайланып, ақ
киізге отырғызылды, ал 1824 жылы оның
мұрагері Жәңгірді хан тағына отырғызу
рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
1613
жылдары Яик казактары бұрын мекен еткен
Кирсановкий Яр деген жерден Шағанның
Жайық өзеніне құяр жағалауына көшті.
Олар тұрғызған қаланың ескі бөлігі
"Курени" деп аталады. Бұл түрік
сөздері "курие", "кора" - лагерь,
қоршау, стан деген мағынаны
білдіреді.
Куренимен қатарласып
татар слободасы орналасқан ("татар"
- моңғол-түрік тайпаларының жиынтық
аты), онда көне ағаш мешіт болған.
1821
жылы Жәңгір ханның ісін қолдаушы, атақты
саудагер Қарауыл Қожа Бабажанов қалада
өз қаржысына мешіт салдырды. Жылдан
жылға қала өсіп өркендеді.
XIX
ғ. Орал жаңа көрініс қабылдады: кішкентай
тар көшелердің орнына кең, түзу көшелер
пайда болды. XIX ғасырдың екінші жартысынан
бастап Орал қаласы Орал казак әскерінің
"астанасы" деген атаудан мүлдем
арылып, әкімшілік, сауда-өнеркәсіптік
және аймақтағы тұрғындардың мәдени
орталығына айналды. Білім ошақтары
жетіліп, кіпапханалар, музейлер, театрлар
ашылды, газет және журналдар шығарыла
бастады.
1920 жылы Казақ АССР-нің
жариялануымен Орал - Қазақстанның Батыс
бөлігіндегі әкімшілік орталығы болды.
Қаланың тамаша тартымды сәулеті бар.
Қаланың
көне сәулетімен танысқанда, мұсылмандық
Шығыс рухында саланған түрлі бағыттағы
құрылыстарды кездестіруге болады.
Бұрынғы
орыс-қазақ кәсіптік мектебінің
(қазақтардың қаражаттарына салынған)
ғимараты (қазіргі облыстық тарихи-өлкетану
музейі орналасқан) өзіндік ерекшелігімен
көзге түседі. Бұл сәулет ескерткіші
мавритандық стильге жатады. Саудагер
Каревтің үиі (қазіргі кітапхана және
филормония), Ванюшиннің үйі (қазіргі
№38 қалалық мектеп) еуразиялық стильде
салынған.
Орталық даңғылда орналасқан
Михаил-Архангель соборы қаланың баға
жетпес көне ескерткіші боп саналады.
Жалпы
қала құрылысының қызу қарқынмен дамуы
XX ғасырдың 70-80 жылдарына келеді. Бұндай
өнеркәсіптік, транспорттық және тұрғын
үй құрылыстарының дамуын қала тарихы
білген жоқ, қала өсіп және кеңейе түсті.
Қысқа мерзім ішінде қаланың әрбір үшінші
тұрғыны өзінің үй-тұрмыс жағдайын
жақсартты, 125 сауда кәсіпорындары, 30
мектеп, 3 мәдениет сарайы және бірнеше
ірі өнеркәсіптік нысандар салынды.
Орал
әдемі үйлермен, магистральді жолдармен,
жылдар бойы сақталып келе жатқан
тарихи-сәулет ескерткіштерімен
Қазақстанның Батыс аймағындағы сәнді
қақпасына айналды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік
алғаннан бері Орал көшелері жарқырай
тазарып, жаңа әсем үйлер, бостандық пен
тә-уелсіздік жолында өмірлерін қиған
қайраткерлерінің есімдерін есте сақтау
мақсатында тұрғызылған тарихи ескерткіштер
пайда болды. Көшелер
мен алаңдар империялық, тоталитарлық
топонимдерден арылды. Қаланың ерекше
жағрапиялық жағдайы оның Шығыс пен
Батыстың түрлі әтностарының мәдениетін
біріктіруіде.
Орал
- студенттер қаласы. Лицейлер, колледждер,
техникумдар, университеттер әр жыл
сайын жаңа талапкерлерді қабылдап,
жоғары білімді кадрлар дайындайды.
Осында дүниеге келіп немесе қала
тарихымен, мәдениетімен тағдырлары
етене араласып кеткен, Орал қаласының
атағын шығарған ұлы есімдерді атауға
болады.
Қиын ғасырлардың қыл
бұрауы осында анық сезіледі. Азап шеккен
орыс шаруалары көтерілісіне Кіші жүз
қазақтары қолдау көрсетті. XVIII ғ. қазақ
халқының данышпан ұлы Сырым батырдың
бастауымен қазақ сарбаздары ұлт-азаттық
көтеріліске шықты. 1905 жылы Орал қаласында
өткен жалпы қазақтың съезі қазақ халқының
саяси тұрғыдан сана-сезімін оятты,
"Алаш" саяси партиясын құру идеясы
осында қолға алынды. Махамбет, Курмангазы,
Дәулеткерей, Мұхит сынды тұлғалар қазақ
халқының рухани және мәдени өрлеуіне
дем берді. Олардың есімдері Жайық
қаласының тарихында алтын әріптермен
жазылды. Калалықтар Орал шаһарының
өсіп-өркендеуіне еңбектерін арнаған
есімдерді әрқашан мақтап тұтады. Жалынды
ақын Пушкин қалаға қонақ болып келіп,
өзінің мәңгі өлмейтін өлеңдерімен халық
жадында сақталды. "Оралға келсең
барлығы да жаңа, әрі қызықты, келген
қонақты төселген кілем мен жайылған
көрпенің үстіне отырғызып, қонақасы
жегізіп, қымыз ішпейінше еш жібермейді,"-
деп орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой да
таңғала жазған. Ашық та зерек В.Даль
қазақтардың өміріне ет жақын араласып,
тұрмысын, салтдәстүрін терең таныған.
Белгілі жазушы В. Короленко шексіз қазақ
даласына қарап: "Казақтар құс секілді
бағытты біледі. Қазақ халқы өте
кеңпейілді"- деп айтып кеткен.
Ұлы
М.Шолохов халқымызды қадір тұтып
"...Жайықта мен қазақпын..."- деп
жырлаған. Жұбан Молдағалиев: «...Жайық
бұрынғы өзен емес, Орал да қалашық емес,
кала. Ұлы Құрманғазының күйлері сияқты,
Жайық та өзінің сарынды жай ағысымен
жүйткіп жатыр», — деп жыр жырлады.
Орал
тарихшылардың этнографтардың,
суретшілердің, ғалымдардың, ақын-жазушылардың
қызығушылығын әлі де туғызып келеді.
Кім бұл жерде бір рет болса, сол мәңгі
ұмытылмас әсерде болып тағы да қайтып
оралып бір көруді аңсап жүреді...
Ата-бабаларымыз
бен қазіргі ұрпақтардың жасампаз ерен
еңбектері арқасында қаламыз дамып,
көркейіп келеді. Оның өткені мен болашағы
көз тартады, айландырады.
Сүйікті
қаламызға қош келдіңіз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген