2024-2025 оқу жылындағы Қарасай ауданы ағылшын
тілі мұғалімдері қауымдастығының жылдық қорытынды
есебі
Қарасай ауданының ағылшын тілі мұғалімдері
қауымдастығы 2024-2025 оқу жылында бекітілген жоспар бойынша
бірқатар маңызды іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асырды. Бұл
іс-шаралар аудан мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға,
заманауи әдіс-тәсілдерді енгізуге және білім сапасын көтеруге
бағытталған тамыз конференциясы өтті.
Жылдың ең маңызды іс-шараларының бірі – тамыз
конференциясы. Бұл конференцияда аудандық әдістемелік орталығының
әдіскері Нұрсапаева М.М. 2024-2025 оқу жылының ерекшеліктеріне
тоқталып, негізгі бағыттарды айқындап берді. Конференцияда келесі
спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті:
-
Нүркеева Айдана –
Ушинский атындағы орта мектептің мұғалімі.
-
Ақерке Есенбекова
– СДУ маманы.
-
Еламанова Әлия –
Абай гимназиясының мұғалімі.
-
Максут Гатиат –
MM Publications маманы.
-
Мисс Інжу –
Қазақ-Британ Халықаралық мектебінің директорының ғылыми-әдістеме
жөніндегі орынбасары.
-
Уәличаева Айгерім
– Көкөзек мектебінің ағылшын тілі пәні
мұғалімі.
-
Аблаева Рабиға – Ұлан орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі - шебер
Спикерлер қазіргі заманға сай оқыту әдістері мен
технологияларды қолдану жөнінде құнды тәжірибелерімен бөлісті. Бұл
конференция мұғалімдерге жаңа оқу жылына дайындықта бағыт-бағдар
беріп, олардың кәсіби дамуына үлес қосты.

Үлгерімі төмен оқушылармен
жұмыс
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау
мақсатында Белинский орта мектебінде
семинар-практикум ұйымдастырылды. Бұл семинар барысында оқушылардың
үлгерімін арттыруға арналған тиімді әдістер, жеке тәсілдер және
мотивация беру жолдары талқыланды.

Жас мамандар арасындағы "Super Star"
байқауы
Жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеру және
олардың шығармашылығын дамыту мақсатында "Ted X" байқауы өткізілді. Байқауды жоғары деңгейде
ұйымдастырғандар – Юсупова Гүлбану және Алпаров Райымбек.
Бұл іс-шара жас педагогтарға өздерінің әлеуеттерін көрсетуге және
жаңа идеялармен алмасуға мүмкіндік берді.
жоі

2024-2025 оқу жылында Қарасай ауданының ағылшын
тілі мұғалімдері бірқатар жетістіктерге жетті. Іс-шаралардың
әрқайсысы мұғалімдердің тәжірибесін арттыруға, оқыту сапасын
жақсартуға және оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталған. Алдағы
оқу жылында да осындай маңызды жобалар мен бастамаларды іске асыру
жоспарланып отыр.
Қауымдастықтың жұмысын жоғары деңгейде
ұйымдастыруға атсалысқан барлық мұғалімдер мен мамандарға
алғысымызды білдіреміз. Аудандық мектептердің жас мамандар жоғары
деңгейде дайындалып, үздік идеяларымен бөлісті.
Аудандық жас маман Камшат
__________________________________________Дарынды бағала таланды
ұстаз аудандық , облыстық кезеңдерінен бас жүлдені иеленіп
республикалық кезеңге жолдама алды.

Сонымен қатар,
ассосация мүшелері аудан тарапынан ұйымдастырылған іс шараларға
белсенді қатысып, өздеріне жүктелген
Тапсырмаларды
жоғары деңгейде атқаруда.
