400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ансамбль гармониялық үйлесімділік

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәнінің мұғалімдеріне қажет, сабақты тиімді өткізуге мол көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ансамбль гармониялық үйлесімділік »

Мұғалім: Бұлдырықова Гүлсара Сартайқызы

Тип: Ашық сабақ. «Жас толқын» фольклорлы ансамбльімен өтіледі

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Жаңа сабақ.

  3. Пәнаралық сабақ.

  4. Сергіту сәті.

  5. Үй тапсырмасын тексеру.

  6. Қорытынды.

  7. Үйге тапсырма беру:

  8. Бағалау.

Ансамбль сабағының



Shape2 Shape1

Міндеті

Мақсаты











Ансамбль ойынындағы өзіндік ережелермен таныс болу, сезіну, бірін-бірі тыңдап ойнау.

Тұяқ, саз сырнай, сыбызғы, Дауылпаз, Тоқылдақ, бас домбыра, тригольник, асатаяқ, Сырнай, домбыра, жетіген, шылдырмақ, шертер, қыл қобыз, прима-қобыз, прима, шаңқобыз, дауылпаз, даңғыра.

Ансамбль дегеніміз-Музыкада «Француз-ensemble» бірнеше адамдардың музыкалық шығармаларды бірге отырып ойнауы. Берілген шығармаларды орындағанда, әр түрлі ұлттық аспаптардың бірігуімен және де нұқыл ішекті аспаптардан, және қобыз, сырнай, үрмелі аспаптар, ұрмалы аспаптардан құралған 1-2-3 дауыста жазылған шығармаларды бірігіп оырндалуын айтамыз.

Шығармашылық жолдағы өзінің бірегейлігі мен ерекшелігін айқындау, фольклормен үндес, олсыз елестете алмайтын дәстүрлі және көпке түсінікті бағыттардан сапаға қарай ауысуға деген ұмтылыс, яғни халық аспаптарының шынайылығын көрсету болып табылады.Халықтың жадында жүрген сүйікті ән мен күйлерден бөлек, ансамбль ескі шығармаларды басқа аспаптарға, «қыл-қобыз, домбыра, жетіген, сыбызға, шертер, шаң-қобыз, дауылпаз, прима-қобыз, бас домбыра, саз сырнай, ж.т.с.с.а.» көшіріп нақышына келтіріп, қайта жаңғыртып ойнауға болады.

Ансамбль әуені дегеніміз «Француз тілінде – ensemble-аудармада, бірге, тұтастық» деген ұғымды қамтиды.Бұл ұғым бірнеше мағыналықтарға ие болып әуендерде пайдаланылады. Бұл ұғымның әуендегі мағынасы жинақылық және толықтылық үйлесімі. Нәтижесінде, өнеге этнофолбклорлық ансамбльі құрылып, осы шығармашылық ұжым төңірегінде ұмыт бола бастаған халқымыздың сан алуан көне музыкалық аспаптары қайта қолданысқа ене бастады.Бұл ұзақ уақытты қамтитын жоба ретінде нәтижесінде, облысымыздың барлық музыка және өнер мектептерінде қолдау тауып, жүзеге асырыла бастады. Ансамсбльіміз , осылайша, қазақ фольклорлы мүдделі кең аудиторияға тарту, түрлі құралдар арқылы жұмыс істеп, қызықты және техникалық мінсіз үйлесімін тауып, орындайды.Қазақстандағы қазіргі заманғы фольклор-этнографиялық ансамбльдері «Ғасырлар пернесі», «Сазген», «Адырна», «Тұран» т.б.с.с. Қазіргі кезде фольклорлық ансамбльдердің әр қайсысы қатысуларымен ерекшеленіп, үйлесімділігімен халыққа танылып келеді. «Отырар сазы» деген фольклорлы ансамбльі қазіргі таңда бұл тобымыз оркестрлік мәртебеге ие болды (құрамының көбеюіне байланысты).

Дамытушылық: Оқушының өз бетімен оқып үйренуіне ықпал жасау, музыкалық шығармаларды өзіндік ойнау ерекшеліктеріне қарай талдай білуге үйрету. Ансамбльде шығарманы түсініп, ойнауға баулу.

Тәрбиелік: Күйсандықпен жеке ойнаған кезде жауапкершілікті өзің үшін ғана сезінесің, ал ансамбльмен ойнағанда көпшілік үшін де жауапты боласың.Осы ережелерге бағындыра отырып, тәрбиелеп сабаққа өту.

Сабақтың әдісі: Бір-бірін тыңдай біліп, шығарманы реттік сан бойынша ойнату, көпшілікке бағына білуге баулу.





Ансамбльде орындаушылық дегеніміз- әр оқушы өзінің ойнау ерекшелігін, орындау стилін, техникалық деңгейін басқа оырндаушылардың ойнау ерекшелігімен, техникалық деңгейімен сәйкес қылып, щығарманың орындау жүйесін сақтай отырып, бірдей ойнау деңгейін меңгерту.Ансамбльге арналған шығарм алар орындаушылар санына қарай «дуэт, трио, квартет, квинтет», болып бөлінеді.Ансамбль репертуары оқушылардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, мазмұны қызықты етіліп таңдалуіы керек. Мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс істеп, оның партиясын т ексеріп, апликатура, штрих қою жұмыстарымен айналысып, әр оқушымен ерінбей, талмай жұмыс жасау керек.

Ансамбльдің жеке орындаушыдан және оркестр орындаушысынан айырмашылығы-жеке орындаушының шығармашылық жұмысы тек өзімен ғана жекеше өтіледі.Оркестр отрындаушылары дирижердың басқаруымен жұмыс істейді.Ал, ансамбль оқушылары болса, бірнеше адам бірігіп дирижерсыз ойнайды.Әрбір орындаушының жеке партиясы болғанымен оның мазмұнын түсініп ойнау, шығарманың көркемдік ждағын жлғары деңгейде көрсету, сипатын-стилін беру, музыкалық бейне жасау, бірнеше орындаушының жауапкершілігінде.

Сондықтан әрбір орындаушы өзінің ғана емес, басқа партияларды естіп, түсіне білу керек. Оны , әрине, мұғалім бағыттап, оқушы дайындайды.Сабақты ұйымдастыруда музыкалық материалдық мазмұны, ондағы бөлшектерін дәл көрсетіп, оны бейнелі түрде анық түсіндіру оқушының жүйелі түрде ойлауына сабақтасып жату керек.Ансамбль сабағының өзінде әуелі әр оқушымен жұмыс істеледі. Оның өзі оқушының техникалық мүмкіндігін ашуға, саусақ қойлымын дұрыс таңдауға мүмкіндік жасайды.Ал, топтықұ жұмыс жасау шығарманың жалпы мазмұнын түсінуге, біртұтас күйінде естуге баулыйды.Нота мәтінін қатесіз оқу-дыбыс ұзақтығын және динамикасын дәл орындауға, автордың мақсатын, шығарманың сипатын түсінуге көмегін тигізеді. Ансамбль сабағында шығарманың көркемдік мәнін ашатын тағы да басқа динамикалық көрсеткіштер фермато, глиссандо, портато, рубато т.б. Зачеттар, емтихан тапсыру, концерттер беру- оқу бойындағы сахнада орындаушылық тәжірибесінің қалыптасуына көмектеседі.Ансамбль сабағы оқушылардың бойында ұжымды түрде жұмыс істеудің шарттарын қалыптастырады, музыкалық сауаттылыққа, сахнаға дайындайды, оқушының жалпы дамуына, жан-жақты білім алуына ықпалын тигізеді.

Пәнаралық байланысы: Музыкада, ансамбль, оркестьр архитектураб сәулет, сурет өнерлеріндегі ансамбльдерге қысқаша түсініктер беріп, олардың араларындағы өзара байланыстарына тоқталу.

Бейнелеу өнерінде де ансамбль түсінігі кездеседі. Табиғатта әр түрлі ағаштар мен формасы әр түрлі жапырағы бар ағаштардың сарғаюы керемет ансамбль береді.Олардың түсі әр қалай сарғаюы, біреуі-жасыл, бірі- қызыл , бірі-күлгін болып бояулары үйлесіп құрайды.

Архитектура- «фр. Ensemble-тұтастық», көркемдігі, әсемдігі, сәулетшілік нақышы қоршаған ортамен жарасымды тұтастық тапқан ғимараттар тобы, яғни мүсінші суретшінің қолынан туындаған белгілі бір тақырыпқа арналған шығармашылық жұмысы болып табылады.

Дизайнер өнерінде-«фр. Ensemble-тұтастық, үйлесімділік, жарасымдылық», қазақ киімдеріне арналған шығармашылық жұмыстардың тұтас толықтай топтамасын сән үлгісіндегі –қазақ киімдерінің композициялық шешімдерін ансамбль деп атаймыз.

Ансамбль «фр. Ensembl-бірге» Сәулет өнерінде бір тұтас сәулет композициясын құрайтын ғимараттар тобын орналастырудағы үйлесімді жете ойластырған жарасымдылығы мен тұтастық үйлесімділігі.

Сабақтың көрнекілігі: Күйшілірдің кітаптары, суреттері ілінген буклеттер, ансамбльге арналған түсіндірме суреттер, пайдаланылған әдебиеттер, нақыл сөздер, пән аралық сабақтас суреттер, пайдаланылған аспаптар добрыралар, қобыздар, тоқылдақ, тұяқ, бас домбыра, сырнай, сыбызғы, триугольник, дауылпаз, плакаттар сергіту барысындағы, үн таспада ансамбльдің орындалуларын тыңдату.

Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы А.Жұбановтың шығармасы номер бірінші «Тәжік биі». А.Қ.Жұбанов-қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторларының бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармаларымен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Ария», «Вокалдық сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшаң теңіз. «№1 Тәжік биі» шығармасы лирикалық нәзік шығармаларының бірі.

Жаңа сабақ.

Төребайұлы Қыздарбектің күйі «Сылқым қыз»

Бұл күйді орындаушы, белгілі күйші Жанғали Жүзбай. «Мәңгілік сарын» күйлер антологиясынан алынып, нотаға түсіріліп, жинаққа алған. «Сылқым қыз» жүрдек, көтеріңкі көңіл-күйді білдіретін жастық сезімге толы әсерлі күй.

Қыздарбек Төребайұлы 1850 жылы Қарағанды облысының шет ауданында дүниеге келген. Арқадағы шертпе күйдің атақты шебері. Шет ауданның түлегі, Арғынның Қаракесек руынан. Әкесі Төребай орта шаруа иесі болған. Қыздарбек жастайынан өнер соңына түсіп, ел аралап, күй өнерін жоғары көтерген шебер орындаушыдан, парасатты күйшіге жеткен. Арқа өңірінің күй атасы атанған қарт күйші Итаяқтан бата алған екен.

Қыздарбек сол кездегі ағаш шебері Сағындыққа ағаштың неше түрінен домбыра жасатып көрсе де, ол домбыраларға көңілі толмайды.Ақыры домбыраны аршадан ойдыртып, оның бетіне аршадан құрастырған 21-ші жасалған домбыра болған екен. Қыздарбек 1922 жылы 72 жасында өмірден өткеннен кейін, бұл домбыра Қыздарбектің ұлы Қажыкейдің қолына қалған.Қажыкей кезінде танымал қобызшы болып, әкесінің күйлерін қобыз аспабында орындап отырған. 1934 жылы Қажыкей Балқаш көлінің Тасрарал деген жерінде қайтыс болып, күйші Қыздарбектің домбырасы одан кейін кімнің қолында қалғаны белгісіз.

Атақты күйші уақытында алыс-жақын домбырашы күйшілермен айтысып отырған екен. Бұлда бір Арқа күйінің ерекшелігі еді. Ұмыт болып бара жатқан осы дәстүрді жалғастырып, дамытушыларды Қыздарбекпен шәкірттері болды. Оның бозбала жігіт шағында Итаяқпен қақтығысы, Тоқамен өнер жарыстыруы белгілі. Сол сияқты шәкірттернің өнерін шыңдау барысында эжарыстар ұйымдастырып, төрелік жасап отырған. Қыздарбектің өз көкейкесті мәселелеріне шығарған күйлері де өзіндік мәнерімен, жеке сарынымен көзге түседі.

«Сылқым қыз» атты күйі еркелеген самалдай желпіп, тәтті сезімге жетелей жөнелсе, «Өкінішті өмір» күйі даланың сағымына сіңіп бара жатқан ақбөкенде құғандай арманмен тамсандырады. Қыздарбектің көңілді ұйытып, шалқыған шаттықпен өлшеусіз өкініш пен қатар сүйрей беретін күйі «Сылқым қыз». Бұл дархан да нәзік күй аты ел есінен ұмыт болған Тоқа Тойымбек ауылының өнерпаз қызына арналған екен. Өмірін өнерге сарп етіп, күйді ғана көксеген ол өмірде басқа шаттық, қуаныш бар демесе керекті. Тылсым үнді қуып, қырыққа жақындағанша үйленбеген. Ал, мына өнерпаз қызға 30 жас мұңдарында кездесіп, екі күн домбырамен айтысып, ақыры ұстазы Итаяқтың 12 тармақ «Зарын» шертіп зорға жеңген екен. Қыз Қыздарбекке ғашық. Тылсым үнді ғана қуалаған Қыздарбек қыз махабаттың , періштедей жанның қасиетін кезінде түсіне алмаған. Араға жылдар салып, барып өз көңілінен сол бейнені қайта іздеп тапқан да , оған мәңгі ғашық екенін түсінген. Күй өнерінің шыңына өрлей білген қыздың керемет дарынына деген бас июшілік сол қыздың нәзік махабатына деген өкінішті бағыныш енді қолдан келмесе шарасыздық боп бармақ тістейді.Күй лирикаға толы.

Қыздарбек күй арқылы Итаяқпен қағысып, Тоқа Шоңманұлымен өнер жарыстырған. Қыздарбектің «Сылқым қыз» күйі жеңіл ырғақты болса, «Өткінші өмір» күйі өкінішті арманға толы, «Жұбату» күйі шәкіртті Әбдидің жалғыз ұлы қаза болғанда дүниеге келген болу керек. Сонда Әбди күйші өзінің «Зар қосбасарын» тартып беріпті –міс. Қыздарбектің бірнеше «Қосбасары» бар. Шәкірттері Ақмолда, Сембек, Әбди, Мақаш, Кәрібек, Рысқұлбек, Бегімсал күйшілер.

Қыздарбектің өзі де, өскен ортасы да осы дәстүрді кие тұта білген. Қыздарбек Төребайұлының күйлері «Жұбату» , «Қосбасар» екі-түрі бар, «Сылқым қыз», «Терісқақпай», «Толғау», «Уа, дүние» т.б.

«Сылқым қыз» күйі шертпе күй дәстүрінде берілген. Бұл күй дәстүрі оқушыға көп нәрсені үйретеді және ішек бойындағы позицияларды еркін меңгеруді, техникалық мүмкіндіктерінің өсуіне ықпал етеді. Себебі бұл күйді естіп ойнаған оқушы өз мәресіне жеткізіп ойнауға тырысады, ойнап отырып көп нәрсенің меңгергенін өзі де байқамай қалады.

Ал біздің мақсатымыз оқушылар бойындағы талантты ашып, олардың ойындарын жетілдіре отырып, ілгері болашаққа жетелеп, жақсы музыканттар тәрбиелеу.

Алдымен, бұл күйді үн таспадан Жамғали Жүзбайдың орындауында тыңдатамыз. «Сылқым қыз» күйінің бүгін біз ансамбльге өңдеген Қуаныш Жұмағалидің еңбегімен жұмыс жасаймыз.Бұл күй өте сазды нәзік күй. Күйді талдауға ыңғайлы болу үшін екпінімен берілген өлшемдерімен цифрлары және динамикалық белгілерне көңіл бөлеп, барып талдауға кірісеміз. 1-5 тактысымен талдау жасаймыз.

Үйге тапсырма беру:

Үй тапсырмасына бүгінгі «Сылқым қыз» күйінің талдау жасаған 1-5 тактысын түсінген жеріне дейін, үйде шығарманы жақсылап, нашына келтіре ойнап, тиянақты дайындалып келу тапсырылады, сонымен бірге А.Жұбановтың «Тәжік биі-1» шфғармасын жаттап келу.

Бағалау:

Оқушылар өз ынталарына қарай бағаланады.

Қорыт ынды:

Әр сабақ сайын өтілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына қарай музыкалық шығармаларды тиімді қолданған жөн. Оқушыға ән-күй арқылы ұлттық қазыналарды бойына құйып, өнерін жоғарыдан бағалап, музыка арқылы өнердің қыр сырын таныту қажет. Бүгінгі ансамбль сабағына қатысқан «Жас толқын» фольклорлы оқушылар ансамбльі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Антология жинағы.
    Қазақстан Республикасы мәдениет және мұрағат комитетінің Орталық Мемлекеттің кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Жәдігер» қоғамдық қоры.2009ж

  3. Қазақтың күй өнері.авт.Ақселеу Сейдімбек «Астана» Күлтегін.2002ж.

  4. А.Тоқтаған, М.Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері» -Алматы «Білім» 2005ж.

  5. Күй керуені Уали Бекенов Алматы «Өнер» 2002ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі