400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әнші балапан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 11.10.2018 ж

Тақырыбы: Әнші балапан

Мақсаты: Бүлдіршіндердің әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнге биге деген қабілеттерін шыңдау.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, армысыздар!

Бәріңізде есен - сау бармысыздар!

Қош келдіңіздер әншілердің ордасына,

Роза, Бибігүл, Мақпал апалардың жалғасы бар.


Көңілдері бір марқайып қалсыншы.

Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.

Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар . Бүгін Ж. Әбдірашев атындағы № 62 мектеп-лицейі мектепалды даярлық топтары арасында өткізілгелі отырған «Әнші балапан» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтарымен таныс болайық:

1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Ұлдай апай

2. Мектеп директорының бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Аймырзаева Айнұр апай

3.МАД мұғалімі Усенбаева Гүлсім апай


Талаптыға әр кез шырақ жағылған.

Жақсы адамның хаты өлмейді танылған.

Үміт күтіп бақ сынауға келді әншілер, бишілер.

Алқалы жұрт өнерлерін қабыл ал. Дей отыра , бүгінгі «Әнші балапан» ертеңгілігіне қатысқалы отырған өнерпаз ұл қыздарымызды ортаға шақырайық.

1.МАД І топ оқушысы Жанболат Жамбыл

2.МАД І топ оқушысы Марат Нұрайым

3. МАД ІІІ топ оқушысы Уляева Шұғыла

4. МАД ІІІ топ оқушысы Бектөреқызы Ақзере

5. МАД ІҮ топ оқушысы Нұрлыбекұлы Қанат

6. МАД ІҮ топ оқушысы Рахманқызы Айша

7. МАД Ү топ оқушысы Әбілтай Аяна


1. Аяла асқан жүйрік, ақтабан қыз.

Үмітін туған елдің ақтаған қыз

Мадина ,Қарақат , Жанарлардай

Әндерін әншілердің жаттаған қыз .

Қарсы алыңыздар МАД І топ оқушысы Марат Нұрайым

Ән: Мен бақытты баламын


2.Өз елім өлеңім, де өнерім де.

Бақытты Жамбыл өз елінде.

Әжесімен атасына арнаған өлеңдерін

Шаттанып айталады Марат, Медеу ағалардың әндерінде.

 Қарсы алайық алдарыңызда МАД І топ оқушысы Жанболат Жамбыл

Ән:Қошақаным


Мектепалды даярлық топтары қыздарының орындауында Гүлдер биін қарсы алыңыздар.


3.Бал дәуренім тәтті балдай

Отаным менің әсем қандай

Еркін елім еркелеткен

Айша қыз жазық маңдай.

Қарсы алыңыздар алдарыңызда МАД ІҮ топ оқушысы Рахманқызы Айша

Ән: Балабақшам


4.Орындап ата –ана өсиетін Қанаттай бүлдіршін бар үлкенге бас иетін

Әндерінде паш етеді бар әлемге

Жаңарған және қазақ қасиетін

Сахнада МАД ІҮ топ оқушысы Нұрлыбекұлы Қанат қарсалыңыздар.

Ән:Мен өнерді сүйемін


Би: Құстар


5. Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне көркі сай келіп тұрған

Аянаның әндері мен билері бар өзіне жарасатын. 

Қарсы алайық қошеметпен МАД Ү топ оқушысы Әбілтай Аянаны

Ән:Мен тәртіпті баламын


6.Мұңға батқан жүректі ән оятар.

Тәтті үннің әсері жан оятар .

Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап.

Уляева Шұғыла көңілді жадыратар.

Келесі кезекте әнші қызымыз Уляева Шұғыла МАД ІІІ топ оқушысы

қарсалыңыздар.

Ән: Ерке қыз


7.Тыңдап өскен жасынан дала сырын,
Ізгі жолын жалғаған бабасының
Өнерді өмірім деп мұрат тұтқан
Биге ғашық қазақтың баласымын деп ортаға
МАД ІІІ топ оқушысы Бектөреқызы Ақзерені шақырамыз.

Ән:Мен ата – анамды тыңдаймын


Сөз кезегін ертеңгілігіміздің қонағы Аймырзаева Айнұр Өтебайқызына береміз.


Кішкентай әнші балапандар өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмасын, биіктерге самғасын,- деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі