400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әнші балапан

Материал туралы қысқаша түсінік
Әнші балапан ән байқауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сценарий «Әнші балапан».
Байқаудың мақсаты: Талантты оқушыларды тану, дарынды оқушылардың өнерін шыңдау. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Байқаудың барысы:
1-жүргізуші.

Армысыздар,көңілді көрермен!
Шашу бүгін шашылады өнерден.
2-жүргізуші.

Армысыздар, ақ жаулықты аналар!
Армысыздар, асыл мінез арулар!
1-жүргізуш.і

Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы, бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.
2-жүргізуші.

Иә, қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар беріп, ыстық ықыласқа бөлеген.
1-жүргізуші. Ендеше, осы өнер қайдан шығады?
2-жүргізуші. Менің ойымша, оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім болуы және шеберлік қажет.
1-жүргізуші. Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген сөз бар. Қай өнерге болсын жастайынан машық болуы керек.
2-жүргізуші. Ендеше біздің мектебімізде өнерлі оқушылар бар ма?
1-жүргізуші. Әрине, бар.
2-жүргізуші. Бүгінгі біздің байқауымыздың мақсаты әнші, биші, тума талант иелерін анықтау.
1-жүргізуші. Ендеше тұрмайық ,байқауымызды бастайық.
2-жүргізуші. Қане, сахна сыртында жүрегі лүпілдеп, үміті желкілдеп, үкілері үлпілдеп, өнері өрге өрлеп тұрған мектебіміздің сахна гүлдерін балапандарымызды сахнаға шақырайық: ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................1-жүргізуші. Енді мектебіміздің директоры Ержанов Бауыржан Серікұлына сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші. Байқауымыздың әділ де, нақты бағалануы үшін әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Әділқазылар тізімі:
1.Хамитова Қ.Т.
2. Ержанова А.М
3. Арапова С.А
1-жүргізуші. Байқау шымылдығын ашу үшін алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған әнші, биші балапандарымызды сахна төріне шақырайық.
Сахнада ән сап жүреді
Аяулымды бәрі біледі
Қазіргі бізге тартуы
Әсем ән «Балдырғандар әні»
............................................... қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:
Бал дәуренім тәтті балдай
Отаным менің әсем қандай
Еркін елім еркелеткен
Мен қызымын жазық маңдай
Келесі кезекте ән шырқайтын .............................................
1-жүргізуші:
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар
............................................................................................... қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Ертең-ақ мен ержетіп
Әнші ағадай боламын
Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын
Дей келе ............................................................................ әнімен қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші:
Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін
............................. әнімен ....................................................... қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын
Шаршағанда жаныма өзің ғана дауасың
Жас дәуірдің түлегіміз
Әже деп соққан жүрегіміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз - дей келе сахнаға ....................... әнімен .......................................................... қарсы алыңыздар.


2- жүргізуші:
Өз елім өлеңім, де өнерім де
Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде
Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде
............................................................ қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші. Қорыта келгенде: Бүгінгі байқауымыздың шарықтау шегіне жеттік. Байқау болғандықтан, жарыс болғандықтан жеңіс те, жеңіліс те бар. Таза талантта бар, әуесқой дарын да бар. Осының бәріне сыни көзбен қараған, әділқазыларымызға сөз кезегін береміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі