Авторы : Кенжебекова Алтын
Амиртаевна
Қызылорда облысы Қармақшы
ауданы Т. Көмекбаев ауылы №18 «Қуаныш» балабақшасы Ортаңғы топ
тәрбиеші
Тобы :
Ортаңғы
Жасы: 5
жаста
Баланың аты – жөні: Сәдубай
Айару
Әнші болғым
келеді
Ұйымдастырылған Сурет оқу
қызметінде балалардың жұмыс барысы кезінде э -э –э- э -э -э деп
әндетіп отырып сурет салып отырған Айаруды байқадым. Жұмыс
барасында өзінің шабыты болуы мүмкін ол үнемі әндетіп дыбыс шығарып
отырады. Оны бақылай келе аңғарғаным ұйымдастырылған музыка оқу
қызметінде ән айтқанды жақсы көретіні білініп тұрды. Алтын күз
мерекелік ертеңгілікке дайындық кезінде ол өзінің жеке ән айтқысы
келетінін маған айтты. Қандай әндер айтқанды жақсы көресің- деп
сұрақ қойдым?
-Апай, мен көп өлеңдерді үйде
тыңдаймын, көптеген әншілерге ұқсап сахнада ән айтқым келеді. Әже,
ана туралы әндерді жатқа білемін.
-Сенің ән айтқаныңа анаң қарсы
болмай ма?-деген сұрағыма.
-Менің анам өлең айтқанымды
жақсы көреді, мен кішкентай інімді бесікке бөлегенде ән айтып
ұйықтатып тастаймын. Анам маған қатты қуанады. Әкешім де маған
қуанып әртүрлі көйлектер алып беремін
деген.
Сонымен қатар Айару саусақтары
майысып мың бұрала билегенді ұнатады.
-Айару, ән айтуды кімнен
үйрендің?
-Мен,үйде жүргенде
теледидардан, телефондардан әндерді көріп, тыңап отырамын, жаттап
аламын. -Айару сен қандай әнші апайларға ұқсағың
келеді?
-Маған үнемі Балапан
аранасындағы көптеген кішкентай қыздардың ән айтқаны ұнайды, әнші
Мадина Садуақасова сияқты ән айтқым
келеді.
Айару алтын күз еретеңгілікте
әдемі сары көйлегімен «Ақ құсым» әнін өте жақсы орындап шықты.Оның
ән айтқанда қуанып тұрғаны байқалды. Ертеңгілікте ол тағы бір
өнерлі қырынан көрінді, « Құстар» биін нақышына келтіріп билеп
шықты.
Келесі күні Айарудың айтқан
әні өте жақсы орындалды деп бүкіл топ балаларына мақтадым.
Болашақта атақты әнші болады, әнді шырқағанда мынау біздің Айару
ғой деп мақтанатын боламыз, деп жігерлендірдім. Және де керемет
биші болады деп мақтадым.Балалар қуанып, қолдарын
шапалақтады.
-Балалар әншілер қандай
адамдар деген сауалыма, үндемей қалды.
-Мен оларға әнші- әнді
нақышына келтіріп, шебер орындайтын адам. Әншілердің, бишілердің,
күйшілердің өнері туа бітті талант иесі не болмаса өзінің
ынтасымен, жігерімен, талпынысымен әр адамда пайда болатын өнер
екенін түсіндірдім. Балаларға қазақтың майталман әншілерінің
суреттерін көрсетіп, олардың орныдаған әндеріне бір шолу жүргіздім.
Музыка жетекшісіне Айарумен жұмыс жасауға өтініш білдірдім. Әртүрлі
жанрдағы әндерді тыңдатып, музыкалық аспаптар жайында көптеген
мағұлмат берді.

Айаруға көптеген жанрдағы
әндерді тыңдатып, үйретіп жұмыс жасаймын. Әртүрлі ертегілер, аңыз
әңгімелер оқып беріп, мултфильмдер көрсетіп әрі қарай баланы дамыта
беремін.
Бұл нені
білдіреді: Кішкентай болса да Айару ән
айтқанды жақсы көреді.Болашақта әнші болғым келеді деген арманы
орындалады деп сенемін.
Ата-анаға
ұсыныс: Түрлі әнішілердің
концерттеріне бірге ертіп апарып, тыдатып, олар жайлы мағұлматтарды
бірге жинауды ұсындым.