жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Антоним" туралы түсінік
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: |
Мектеп: |
|||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||||
Сынып: 2 Сабақ 66 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Антоним дегеніміз не?. |
|||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2 3.4 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу
|
|||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,
|
|||||||||||||
Жетістік критерийлері |
Білім алушылар: сөйлем, мәтін ішінен мағынасы қарама-қарсы сөздерді таба алады; -берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді ойлап таба алады; -мағынасы қарама-қарсы сөздерді сабақта қолдана алады; - оқушылардың сыни ойлауы қалыптасады; сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазады. |
|||||||||||||
Сөздік қор
|
Қос әйнек, түзер, ағайынды. |
|||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Өзге пікірге сыйластықпен қарауға тәрбиелеу |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Сезім мүшелері туралы әңгіме жүргізу барысында «Ғылымға кіріспе» пәнімен байланыс жүзеге асырылады. |
|||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Оқушылар сөздің ұйқасын табуға жаттыққан |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы
|
(Ұ) Сабақты « Сөйлемдегі сөздердің байланысы» қайталаудан бастау. Ол үшін «Жұбыңды тап» ойынын ұсыну. Ойынға алынатын сөздер: кітап, мектеп, клуб, добы, жібі, қорабы. Қайталаудан соң сабақтың мақсатына ауысу. «Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру: 1.Лексика деген не, қай тілден шыққан? 2.Сөздің қандай мағыналары болады? 3.Омоним дегеніміз не? Мысал келтір. 4.Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы, ұқсастығы. 5.Синоним. Анықтамасы. Мысал келтір.
|
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер? - Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз. Б) антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады. Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. .Жұмбақтар шешу: Асты тігілген, үсті сөгілген (Қап) Аяғы бар, басы бар, Арқалаған тасы бар. (Тасбақа) Түнде бар, күндіз жоқ. (Жұлдыз) Мына мақал-мәтелдердің құрамынан антонимдерді тап.
Дос жылатып айтады.
Бірлесіп жазу әдісін қолданып, оқушыларға қабылдау сезімдері жайында өлең жаздырту. Оқушылар сөз тіркестерін таңдай білуі үшін бірлесіп жазу әдісін қолдану (Бұл олардың бес жолды өлең жазуларына көмектеседі). (Ж) Берілген сөздердің ұйқасын тауып, өлең шумақтарын толықтырып жазуды ұсыну. Ағайынды екеу болыпты, Екеуі тату __________________. Ортасында _____________болып, Бірін бірі, Екеуінің орындайтын ______________бір бопты (көз бен мұрын)
(«Суреттер сөйлейді» әдісі Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөліп аламын. Оқушылар қолдарындағы суреттерді құрастырғаннан кейін ондағы шыққан суреттерге қарай отырып, не түсінгендерін айтады.Қарама-қарсы мағыналы сөздерді айта отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.Суреттерді салыстырып айтады.Мысалы: көңілді бала- бкөңілсіз бала. Мақсатын құрастырады. Бөлінген топтар бойынша орындарына отырып, араларынан топ басшысын сайлайды.Сол оқушыға бағалау парақшасы тапсырылады. Шығармашылық тапсырма: Берілген сөздердің антонимін тауып, қатыстырып сөйлем немесе мақал айт.
Жақсы-... үлкен-... арық-... Жылай-... дос-... ұл-... Жаз-... көп-... қорқақ-... 3.Қабілетті оқушылардың тапсырмасын тексеру .Топтастыру стратегиясы Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы |
Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту. -Сабақта не үйрендіңдер? «Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану. • Мен түсіндім – жасыл түс; • Мен сенімді емеспін – сары түс; • Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.
|
|
||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||
Өлең құрастырып жазуға қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.
|
Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау. |
Жазу барысында оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау. |
||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген