400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әнуартану» атты ғылыми жұмыстың сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепшілік іс-шараның сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аудандық «Әнуартану» атты ғылыми жұмыстарының сценарийі

1-жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті қонақтар,ұлағатты ұстаздар және оқушылар

2-жүргізуші: Танқаларлық мектебіміз гүлденді

Ақ сарайдай ғажайып бір күйге енді.

Жанашыр жандар жанашырлық танытып

Мектебіміз көркейді де,түрленді.

1-жүргізуші:Биылғы жыл біз үшін ерекше жыл.Себебі біздің киелі мектебіміз күрделі жөндеуден өтіп,әсем де көркем,жарық та жылы ғимаратқа айналды.

2-жүргізуші:Рухани жаңғыру –бастамасы ғажаптың,

Рухани жаңғыру –астанасы ләззаттың.

Жалғаны көп сахнасында жаһанның,

Мәдениетін мойындату қазақтың

1-жүргізуші: Рухани жаңғыру –тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты.

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын тек сауатты

2-жүргізуші: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мектебіміз күрделі жөндеуден өтіп. Материалдық техникалық базасы жақсарып,заман талабына сай ақпараттық технологиялық құралдармен жабдықталды. 2018-2019 оқу жылын шәкірттеріміз әдемі де әсем, жарық та жылы сыңғырлаған мектебімізде бастады.

1-жүргізуші: Ә.Боранбаевтың інілерінің демеушілігімен мектеп ауласында орналасқан ескерткіш қайта жаңғыртылды. Республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, мектеп ғимараты қайта жөндеуден өтті. Аудан, облыс басшылары және Боранбаевтар отбасына шын жүректен алғыс айтамыз.

2-жүргізуші: Батпаққараның тумасы, кино және театр саңлағы, ҚР халық әртісі Әнуар Боранбаевтың туылғанына 70 жыл толуына орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында актер атындағы мектебімізде Астана қаласына «Әнуар ізімен» атты оқушылардың экскурсиясы және «Әнуар ұлы дала елінің мақтанышы» атты жас ақындар айтысы өткізілді.

 1-жүргізуші: Ел мен достың арманы,

Көкей жарып кетпеді.

Деген кезде самғады,   

Әнуардың мектебі.

2-жүргізуші: Бар халықтың тілегі,

Бар азамат өпкені.

Көптің лүпіл жүрегі,

Әнуар аға мектебі.

1-жүргізуші:Аудандық «Әнуартану» оқушылардың ғылыми жұмыс байқауына хош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ардағын бүгін еске түсірсе елі,

Лүпілін жүрегімнің түсінсе еді.

Жырыма арқау етіп отырғам жоқ,

Жерлесім болғандығың үшін сені.

Айналдың ұлы өнердің иесіне,

Оралар өткен жолың жиі есіме.

Тамаша талант беоген тал бойыңа

Торғайдың топырағының киесі де.

1-жүргізуші: Мұқалмас жарқылдаған алмас едің,

Майрылып қалған кезің бар ма сенің.

Айналған қазағымның мақтанына

Серағаң, Елағаның жалғасы.

Қалың ел, қазағыңа сүйікті едің,

«Халықтың әртісі» боп биіктедің.

Бір жүріп Тихоновпен сомдап едің,

Мәскеудің киносының кейіпкерін.

2-жүргізуші: Әнуар Боранбав туралы жыр-шашу (7 оқушы)

1-жүргізуші: «Халқың сені сағынар» көркем сөз. Оқитын: 11-сынып оқушысы: Қойшыбаев Е.Б.

2-жүргізуші: Хор. «Әнуар мектебі» маршы.

Сөзі: Башаева А.

Әні: Ақышев Ж.

1-жүргізуші: Оқушылардың аудандық «Әнуартану» ғылыми жұмыс байқауына шақырылған қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

  1. Амангелді ауданының әкімінің орынбасары Ғаниев Сүндет Жолдыбекұлы

  2. Әнуар Боранбаевтың туған інісі Таңат Боранбаев

  3. Әнуар Боранбаевтың туған қарындасы Сәбираш Омарова

  4. Таңат Боранбавтың ұлы Әбілхан Боранбаев

  5. ҚР мәдениет қайраткері Өмірбеков Жұмағали Сүлейменұлы

  6. Махатов Жеңіс Әбдікұлы

  7. Таубаева Төлеу – Әнуар Боранбаевтың сыныптасы

2-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз кезегі Амангелді ауданының әкімінің орынбасары Ғаниев Сүндет Жолдыбекұлы беріледі.

1-жүргізуші: Келесі сөз кезегі Ә.Боранбаевтың ініс Таңат Боранбаевқа беріледі.


2-жүргізуші:Бүгінгі «Әнуартану» ғылыми жұмысына төрелік жасайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.Бас қазы – Таңат Боранбаев

2. Өмірбеков Жұмағали Сүлейменұлы – әділқазылар алқасының мүшесі

3. Махатов Жеңіс Әбдікұлы– әділқазылар алқасының мүшесі

4.Омарова Сабираш – әділқазылар алқасының мүшесі

5.Мұханбетова Мақпал – әділқазылар алқасының мүшесі

1-жүргізуші: Олай болса жас зерттеушілерге кезек берейік.

1.Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Есетова Ғанибет

2.Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Ануарбекова Дильназ

3.Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Едресова Назерке, Жамбыл Айым

4.Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Жұмағазы Жансая

5.Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Хамитов Әнуар

6. Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Сүйіндікова Әсемай

7.Әнуар Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Мирамқызы Айсұлу

8. Әнуар Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Ерлібекқызы Томирис

9. Әнуар Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Махат Динара

10.Жалдама жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Рахымбек Назира

11.Жаңаауыл жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Хайролла Талшын

2-жүргізуші:

12.Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Байгулина Ырысалды

13.Надежда Крупская атындағы жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің оқушысы – Арғынбаева Ұлпан

14.Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің оқушысы – Әбдіхалықов Әли

15.Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Балғабай Бибарыс

16.Нұрғали Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыы – Құрманқұлов Иманәли

17.Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы - ҚамбарАйдос

18.Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Қуанышбаева Гүлсезім

19.Тасты жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Аблахат Алмас

20.Рассвет негізгі орта мектебінің оқушысы – Қабылдин Әли

21. Бірмағанбет Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Айтбай Айжан

22. Бірмағанбет Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы – Қонысбай Гүлмаржан


Әділқазылар сараптауға кетеді. Экраннан Амангелді ауданының 90 жылдығына арнайы түсірілген деректі фильм көрсетіледі.

1-жүргізуші: Сайысты қорытындылау үшін әділқазылар алқасын сахна төріне шақырамыз.

(Әділқазылар марапаттайды.)

Номинациялады беру үшін Ә.Боранбаевтың туған қарындасы Сәбираш Омарованы сахнаға шақырамыз.

«Ғылымға деген құштарлығы» номинациясы –

«Көрермен көзайымы» номинациясы -

«Жас зерттеуші» номинациясы –

«Ізденімпаз зерттеуші» номинациясы –

ІІІ орындармен марапттауға қарт ұстаз, еңбек ардагері Махатов Жеңіс Әбдікұлын сахнаға шақырамыз.

ІІ орындармен марапаттауға ҚР мәдениет қайраткері Өмірбеков Жұмағали Сүлейменұлын сахнаға шақырамыз.

І орынмен марапаттау рәсіміне Әнуар Боранбаевтың туған інісі Таңат Боранбаевты сахнаға шақырамыз.

Бас жүлдені табыстау үшін сахнаға Амангелді ауданы әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлын шақырамыз.

2-жүргізуші: Осымен аудандық «Әнуартану» ғылыми жобасы аяқталды. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 маусым
897
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі