Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Анықтама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің бастауыш сынып бірлестігі бойынша 2023-2024 оқу жылында жүргізілген жұмыстары туралы анықтама
2023-2024 оқу жылында бастауыш сыныптар бірлестігінде 19 мұғалім жұмыс жасауда. Бастауыш сыныпқа беретін мұғалімдер – 16, мектепалды даярлық сыныбында – 3 мұғалім. Зерттеуші педагог-1, педагог сарапшы -11, педагог-модератор –5, ІІ санатты мұғалімдер саны – 1,санатсыз мұғалімдер саны – 1.
2023- 2024 оқу жылындағы бастауыш ӘБ тақырыбы:«Білім алушылардың білім сапасын арттыру – табысты оқуға қол жеткізу кепілі »
Мақсаты: Оқу үдерісінде сапалы білім беру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған , зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын, тілдік дағдылары жетілген, табысты оқуға қол жеткізе алатын білім алушыларды қалыптастыру
Міндеттері: Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру («Білім туралы» заңының орындалуын назарға алу);
Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және оның орнын толтыру жұмыстарын жүргізу;
Білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім ортасын құру
Әдістемелік бірлестік мүшелерін мақсатқа сәйкес дұрыс оқу үдерісін ұйымдастыруға бағыттау;
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіре отырып, білім алушылардың табысты әлеуметтенуінде нәтижелі білімге қол жеткізу.
Жоспарланған мақсат-міндерді жүзеге асыру бағытында биылғы оқу жылында бірлестіктің әдістемелік жұмыс жоспары жасалып, жоспарға сәйкес жұмыстар жасалуда. Тамыз айында пән мұғалімдеріне әдістемелік нұсхау хатпен таныстырылып, 2023-2024 оқу жылындағы ерекшеліктерге тоқталып өтілді. Ең басты мәселе өткен оқу жылында кеткен олқылықтармен жұмыс жасау. Білім алушылардың білім сапасындағы олқылықтарды анықтау мақсатында 2-4 сыныптарда негізгі пәндер бойынша жазба-бақылау, тест жұмыстары алынып, сарапқа салынды. Әр пән бойынша пән мұғалімдері жоспарлар жасалып, бекітілді. Үлгерімі төмен оқушылар баса назарға алынып, қосымша жұмыстар жасалуда.
1-4 сыныптарда 173 оқушы бар, мектепалды даярлық сыныбында 53 тәрбиеленуші бар.
Қыркүйек айында бастауыш сыныптар арасында тілдер апталығы өткізілді. 4-сыныптар арасында «Туған тілім – мәңгі өнеге айдыны» тақырыбында, мақал – мәтел сайысы және «Ана тілім - тұғырым» атты танымдық кеш өткізілді. Барлық оқушылар белсенді қатысты, апта соңында сайыс жеңімпаздарын марапаттады.
Қазан айында бастауыш сыныптар арасында 10.10 – 13.10.2023 жыл аралығында «Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын» атты дүниетану, еңбек,бейнелеу апталығы болып өтті.Апталықта көрініс қойылып, өлеңдер оқылып, ән айтылып, би биленді. Көкөністер мен жемістер кейпіне еніп өзара дауласып, көкөністер мен жемістердің адам денсаулығына пайдалы екендігін және де оны күнделікті өмірде пайдаланатындығы жөнінде көріністер көрсетілді.«Күз бояулары»тақырыбында көрме сайысы өтті. Көрмеге 1 – 2 сыныптарының күз мерекесіне арнап салған суреттері және 3-4 сынып оқушыларының жеміс –жидектерден жасалған бұйымдары қойылды. «Қамба толы – Алтын күз!» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде талапқа сай ұйымшылдығымен ерекше көзге түскен сыныптар жүлделі орындармен марапатталды.
Апталық барысында 3-4 сыныптар арасында «Күз ханшайымы» байқауы болды. Апталық барысында қорытынды кеш болып, онда осы апталықта іс – шараларға қатыстырылған оқушылар марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сыныптарының оқу-білім, дағдыларын үнемі тексеріп отырады. Тексеру барысында төмендегідей көрсеткішті көрсетті.
Сынып |
Минутына сөз саны |
|
1 |
|
|
2 |
40-45 сөз |
Барлық оқушылар оқи алады. |
3 |
55-60 сөз |
1 оқушы- Март Айару оқи алмайды. Анықтамасы бар. |
4 |
65-70 сөз |
Барлық оқушылар оқи алады. |
1 сыныпқа баға қойылмайды. Оқу білім дағдылары жақсы қалыптасып келеді. Оқуға деген бейімділігі, ынтасы өте тамаша. Оқушылардың күнделіктері, жазба жұмыс дәптерлері, күнделікті жұмыс дәптерлері үнемі тексеріліп отырылады. Білім сапасын арттыру мақсатында, мұғалімдердің сабақ өту дәрежесін көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру жұмыстары жүргізілуде
Сабақты нашар үлгеретін оқушыларды тізімге алып, сынып жетекшісі, пән мұғалімі баланың ата-анасымен тығыз байланыс орнатып, қадағалауда. Сынып жетекшілер жеке жұмыстар жүргізіп отырады.
1 қараша күні 3 – 4 сыныптар аралығында мектепішілік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға 41 оқушы қатыстырылды. Нәтижесінде білімін жоғары көрсеткен оқушылар марапатталып, І орын алған оқушылар аудандық пәндер олимпиадасына дайындауға ұсынылды.
2 қараша күні «Тапқыр болсаң, талас жоқ» тақырыбында 3«а,б» сыныптарының сайысы болды. Сайыс нәтижесінде 3 «а» сыныбы жүлделі І орынға ие болды.
3 қараша күні «ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ – 2024» білім додасының бірінші кезеңі өткізілді. 9 оқушы екінші кезеңге жолдама алды.
Белгіленген жоспарға сай мұғалімдер ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақтар талданып, жетістіктері мен кемшіліктері айтылып, нәтижелері салыстырылып ескертулер айтылды . Ашық сабақтар өткізген мұғалімдер: Бекмурзаева Ж, Жанназарова Г, Махамбетова Н, Әбдіразақ Қ. Барлық ашық сабақтар ақпараттық техникаларды қолданып өткізілді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының дәптерлері, оқу жылдамдығы тексерілді.