жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Апамның тілін алса егер...
Сабақтың тақырыбы: Үйдегі бір күнім. Ж. Смақов Апаның тілін алса егер.... |
Мұғалімнің аты-жөні: Күні: |
||||||
СЫНЫП: 2 Әдебиеттік оқу |
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу 2.3.1.1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру |
||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
Басталуы 5 минут |
Сәлемдесу. Топқа бөлемін : «Құттықтау хаттары арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды құттықтау хаттарын алып, 1,2 топтарға бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би «Әнді жалғастыр!» Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу. Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды». 1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол) 2. «Анашым» (4 жол) 3. «День рождения» (4 жол) 4. «Школный вальс» (4 жол) 5. «Жан досым» (4 жол) |
Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу.
«Әнді жалғастыр!» Тренинг. |
|||||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) |
Оқулық, мәтіндер. |
|||||
Ортасы 10 минут
|
Қолдану Автор туралы түсінік беру Жақан Смақов Ақын Қарағанды «Отан» 101 жұмбақ, «Бақ-бақ» облысысында «Айтшы әжетай» «Жаңғырық» т.б кітаптары туған (өлеңдері) жарық көрген Мұғалім: 1. Өзінен үлкен кісіні, сыйлаудыда ол білмейді Шықпай жатып көшеге Үсті-басы кірлейді Бұл баланы кім дейді? «Салақ бала» 2. Жақсы бала ол анық Істемейді шалалық Тап-таза боп жуынып Алады өзі таранып «Әдепті бала» Олай болса, балалар, адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Біз адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, инабаттылық пен шындықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, ұстаздарымыз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттен аулақ болуға тырысады. Әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар.Соны атымыздың (есім) басты әрпімен байланыстырып айтайық. Мысалы: Ақай – ақпейілмін, Мерей – мейірімдімін, Темірлан – тәртіптімін, Нұрхаят – намыстымын, Айдана – адалмын Мұғалім: Міне, балалар, сендер өз есімдерің арқылы 1. біраз жақсы қасиеттерді атап шықтыңдар 2. суреттер арқылы жаман қасиеттерді атату — Балалар сендерді дүниеге аналарың әкелді — Ана деген кім? Топтастыру: «Ана – біздің күніміз» Ана Өлеңмен жұмыс: «Апаның тілін алса егер…» 1. Мәнерлеп оқып беру, түсіндіру 2. тізбектей мәнерлеп оқыту Сергіту сәті: Үлкендерді сыйлаймыз Айтқандарын тыңдаймыз Төсекті де жинамыз Ыдысты да жуамыз Гүлге де су құямыз Отынды да жарамыз Дүкенге де арамыз Апа тілін аламыз Біз әдепті баламыз Венн диаграммасы Топтық жұмыс (дәптерге) 1-топ: Жақсы бала құлақ сап Айтқаныңды . . . (ұғады) Төсегінен тұра сап Таза ауаға . . . (шығады) 2-топ: «Мақал – мәтел» Әдепті бала — . . . ( арлы бала ) Әдепсіз бала — . . . (сорлы бала) Әдепті бала ата – анасын . . . (мақтатар) Әдепсіз бала ата-анасын . . . (қақсатар) 3-топ: Жаман бала қырысып Өз-өзінен . . . (тырысып) Түске дейін жатады Шешесімен . . . (ұрысып) Қағаз тілшелерімен жұмыс А) Күннің шуағы (жақсы қасиеттер) Б) Бұлтты аспан (жағымсыз қасиеттер) Олай болса «Абай» атамыздың мына бір өлеңін еске түсірейікші Бес нәрседен қашық бол Бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз Өсек, өтірік мақтаншақ Еріншек бекер, мал шашпақ Бес дұшпанын білсеңіз Талап, еңбек, терең ой Қанағат, рақым ойлап қой |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
|
|||||
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті. Мен қазақпын.
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
|||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Ой қорыту Эссе парағы...... Бүгінгі сабақта туындаған сұрақтар мен алған мәліметтер, білімді меңгеру барысында кездескен сұрақтар туралы жазады.
|
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. |
|||||
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут |
«Білім ағашы» кері байланыс
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады |
|||||
Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс. |
|||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген