400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аппликация. «Банкадағы қияр мен қызанақ».

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жапсыру арқылы,олардың ойлау қабілеттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: Балалардың әр түрлі ойындар арқылы, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру, ертегіні саханалай отырып, тіл байлығын кеңейту. Ертегіні мазмұны бойынша бейнелеу. Әр түрлі мінез құлықтарды ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелігі: балаларды адамгершілікке, адалдыққа, татулыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: түсіндіру, сұрақ - жауап, суреттер арқылы әңгімелеу, саханалау.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Балалар, бүгін біздің ашық оқу іс –әрекетімізге көптеген қонақтар келіп отыр. Бірінші қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер

Балалар, ал енді өзімізді таныстырып кетейік.

Мен Әдел. Мен әдемімін. Мен Иманәлі.Мен инабаттымын.Мен Жансая.Мен жарқынмын.Мен Жамбыл.Мен жайдарлымын.Мен Санжар.Мен Сабырлымын.Мен Нұрасыл.Мен нұрлымын.Мен Аружан. Мен ақылдымын.Мен Амина. Мен аяулымын. Мен Алдияр. Мен алғырмын.Мен Диас. Мен данышпанмын.Мен Арсен .Мен ардақтымын.

Балалар амандасады.




Балалар шеңбер құрып,өздерін таныстырады.








Ұйымдастырушылық-ізденістік.






















































Рефлексиялық-түзетушілік.

- Балалар, мен сендерге допты лақтыру арқылы сұрақ қоямын, ал сендер допты кері лақтырып, сұрақтарға жауап берулерің керек.


- Біз жылда неше мезгіл бар?


-Атап беріңдерші.

- Балалар, қазыр жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Атап беріңдерші?

- Қазір қыстың қай айы?

- Қыс мезгілінің ерекшелігін кім айтып береді?


- Балалар, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа барамыз.

- Ертегі дегеніміз не?

- Ертегі бізге не үйретеді?

- Ертегінің қандай кейіпкерлерін белесіңдер?



Осы кезде әтеш шыға келеді.

- Неғып жүрген балаларсыңдар? Неге менің мазамды аласыңдар?

- Әтеш, бұлар жақсы балалар.

Біз ертегі еліне саяхатқа бара жатырмыз.

- Жоқ жібермеймін, сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер ғана бара аласыңдар.

- Менің қолымдағы сиқырлы сандықта бірнеше тапсырмалар бар, соған жауап беріндер.

1- тапсырма

- Біз қай республикада тұрамыз?


- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

- Біздің туымыздың түсі қандай?

- Тудың бетінде ненің суреті бейнеленген?

- Казақстан қандай ел?


- Біз қандай тілде сөйлейміз?



2- тапсырма

- Табиғат дегеніміз не?


- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Қандай - қандай болып?


-Тірі табиғатқа не жатады?





Ал, өлі табиғатқа не жатады?



3-тапсырма

«Ойлан да, аяқта».

- Лимон қышқыл, ал шекер...

- Түнде қараңғы, ал күндіз...

4-тасырма

«Мына суреттерге әңгіме құрастырып беріңдер»

Сергіту жаттығуы.

Әуеннің көмегімен


Соңғы тапсырма «Адасқан ертегілер».

Мына жердегі ертегі кейіпкерлерін рет ретімен қойыңдар.


-Әтешжан, балалар барлық тапсырмаларыңды орындады,енді бізді ертегілер еліне алып барыңыз.

- Олай болса, балалар, бәріміз көзімізді жұмып, сиқырлы сөз айтамыз, сол кезде ертегілер еліне жетеміз.

- Әтеш, сіз отырып біздің балалардың «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегісін тамашалаңыз.


- Ормандағы ашық алаңға жиналып, жайғасқан хайуанаттардың жыл басы болғысы келеді. « Неге мен емес?», «Мен кімнен кеммін?», «Мен жыл басына лайықпын» деп өз ара талас басталады.










- Бұған келіспеген жылқы шауып келіп,өзін мақтай бастайды.









Бұны естіп тұрған түйе ішінен: «мен бәрінен де ақылды, сұлумын, бойым да ұзын, жыл басы тек мен болуым керек», деп жан- жағына менсінбей қарап, кербездене тұрып былай дейді.






-Түйе әні аяқталысымен ортаға қаҺарлана, ырылдап барыс шығады.






-Барыстың қаһарынан қорықпаған ұлу ортаға шығып, былай дейді:




-Бір уақытта ортаға асықпай қой шығып әндете бастайды.





-Қой соңынан көңілдене, ойнақтап тауық шығады.





-Тауық соңынан үріп ит шығады да, былай дейді:





Бір мезгілде тышқан қулық ойлап: «Достар таластаңдар, жыл басын кім бірінші көрсе, сол жыл басы болсын» дейді.


- Хайуанаттар күннің шығуын күтеді.


Бойына сенген түйе күннің шығуын мен бірінші көремін деген сенімде тұрады. Ал, қулық ойлаған тышқан түйенің үстіне мініп, түйенің өркешімен ойнай бастайды.

Бір мезгілде тышқан айқай салады.

Тышқан деген батырың,

Таңды көзбен атырды.

Төбесіне түйенің,

Жылды көріп қатырды.

Сөйтіп, жан - жануарлар достық пен сыйластықты, адалдықты, тапқырлықты мойындапты. Содан бастап жыл басы тышқан болыпты. Ал, түйе болса өз бойына сеніп жылдан құр қалыпты.

Ал, балалар енді,көзімізді жұмып, өзіміздің сиқырлы сөзімізді айтып, топқа барайық.

Балалар, ертегі ұнады ма?

Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?

Балалар, айтыңдаршы қазір бізде қандай жыл?

Балалар допты қағып алып, сұрақтарға жауап беруге тырысады.


-Бір жылда төрт жыл мезгілі бар

Күз, қыс, көкткм, жаз.

- Қыс мезгілі.

- Үш ай бар

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Қазір қаңтар айы.

- Қар жауады,күн суытады, боран болады ..т.б.



Ол ғажайыпқа толы әңгіме

- Тапқырлыққа, өтірік айтпауға үйретеді.

- Ертегінің кейіпкерлері аңдар, құстар, үй жануарлары т.б. болады.













-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана

-Біздің туымыздың түсі көк

- Ою, қыран құс, күннің көзі

-Қазақстан егеменді,дербес, тәуелсіз ел

-Қазақ тілінде сөйлейміз.




-Табиғат дегеніміз -бізді қоршаған орта.

- Табиғат екіге бөлінеді

- Тірі табиғат және өлі табиғат

Тірі табиғатқа адамдар,өсімдіктер, жануарлар жатады.Себебі: олар тыныс алады, қоректенеді,сезеді, өседі.

Өлі табиғатқа ауа, су, жер, күн, тас жатады. Себебі: олар коректенбейді, сезбейді, өспейді ,тыныс алмайды.


Шекер тәтті

Күндіз жарық.


Балалар тақтадағы сурет бойынша өздері әңгіме құрайды.









Араласқан ертегі кейіпкерлерін тауып ретімен орналастырады.






Рэкс, пэкс, фукс










Сиыр: «Мө мө» деп мөңіредім,

Молшылық төңірегім.

Жыл басы боламын деп,

Ертерек келіп едім.

Көгалда тұрағым,

Дайын тұр құрағым.

Сүтіммен, етіммен,

Адамға ұнадым.

Мө мө, жыл басы мен боламын.

Жылқы:

Алысқа шауып барамын,

Адамның бабын табамын.

Пайдасы мол жылқымын,

Жыл басы мен боламын.
Әсем десе, әсеммін,

Сылаң қағып осемін.

Кең далада көсіліп,

Самал желдей өсемін

Жыл басы мен боламын.

Түйе: түйе,түйе,түйемін,

Жануармын киелі.

Кім таласар бойыма,

Жыл басына иемін.

Жан жағыма қараймын,

Күнмен түнді санаймын.

Мен өзімді даланың,

Кербезіне балаймын.

Жыл басы мен боламын.

Барыс:

Ыр,ыр,барыспын ,барыспын,

Күшіме сенемін, сенемін,

Бәріңді жеңемін, жеңемін.

Жыл басы болуға, шіреніп келемін

Ыр, ыр жыл басы мен боламын.

Ұлу:Ұлу деген мықтымын,

Үйім бірге өзіммен,

Сабыр етем төзіммен.

Салиқалы сөзіммен.

Жыл басы мен боламын.

Қой: мә, мә, мен қоймын,

Қараңдаршы қандаймын,

Аппақ болған таңдаймын.

Жыл басына лайық.

Жарқырап тұр маңдайым.

Мә,мә,жыл басы мен боламын.

Тауық: қыт,қыт,қыт

Құрт құмырсқа жемтігім,

Жоқ ешбір кемтігім.

Бәрің де бос мақтанып

,Шаршамаңдар ентігіп

Жыл басы мен боламын.

Ит: Аф аф аф

Ит болғасын үремін,

Сергек өмір сүремін.

Жеті қазынаның бірімін,

Адамды қорғап жүремін.

Аф аф , жыл басы мен боламын.

Бәрі бірге: Жылды қарап тұрайық,

Ойын сауық құрайық.

Ең бұрын көрген батырды,

Жыл басы деп ұғайық.





Тышқан:, Алақай, алақай,

Күнді көрдім алақай.

Қулығыммен ,ақылыммен,

Бәрін жеңдім алақай.

Жыл басы мен болдым, алақай!





Рэкс, пэкс, фукс


Иә

Балалардың жауабы.

Әтеш жылы.

Күтілген нәтиже: Жаңғыртады: ертегі түрлерін ажыратады

Түсінеді: Сахана, ертегі кейіпкерлерін;

Қолданады: Ертегіні саханалау,татулық, адамгершілік.

































































Білім беру саласы:Қатынас.

Бөлім:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Екі сараң қонжық»венгр халық ауыз ертегісін сахналау.

Мақсаты:Ертегі желісін өз сөзімен жеткізу біліктілігін жетілдіру.Бауырмалдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.Балаларды таныс әдеби шығармалары сахналауға атсалысуға ұмтылдыру,ондағы кейіп- керлер бейнесін еркін түрде көркем шеберлікпен сомдай білу білігін дамыту.

Сөздік жұмыс:аю,қонжық.

Көрнекілік:тіл дамыту дәптері,қуыршақ театрынан:екі қонжық,аю,түлкі.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық.



Ұйымдастырушылық-ізденістік.


























































































Рефлексиялық-түзетушілік.

«Екі сараң қонжық»ертегі кейіпкерлері қонаққа келеді.


Қуыршақ театрының көрсетілімі.

( Ертегі басынан аяғына дейін қуыршақ театрында қойылады)

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Ендеше осы ертегіні сахналайық!Кім ертегі жүргізу ші болады?Кім қонжық болғы- сы келеді?Ал кім түлкі болғы- сы келеді?


«Екі сараң қонжық» ертегісі.

Жүргізуші:Ертеде бір ну орман да кәрі Аю тіршілік етіпті.Аю- дың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде,бақыт іздеуге жолға шығыпты.Олар жолға шығар алдында анасы- мен қоштасыпты.Ал анасы қонжықтарын құшақтап,еш уақытта бір-бірінен айырылыс- пауды талап етіпті.Анасының бұйрығын орындауға сөз бер- ген Қонжықтар жолға шығады.

Алдымен олар тоғайдың шеті- мен,содан соң жазық даламен жүреді.Сөйтіп,бір күн жүрді, екінші күн жүрді.Ақырында бар қоректері таусылады.Ал жолдан табатын ештеңе бол-мады.Қонжықтар бірінің аты- нан бірі еріп келе жатты.

Сол уақытта кіші Қонжық:


Ал екінші Қонжық:

Жүргізуші:Солай жүре береді.

Кенеттен үлкен дөңгелек ірім- шікке кезікті.Әділ жолмен тең бөліспек болып еді,бөлісе ал- мады.Қонжықтар бір-бірінен ірімшікті қызғанып,ұрысып, ақырып тұрғанда,кенеттен жандарына Түлкі келеді.

Түлкі:


Жүргізуші:Қонжықтар бар жайды айтып берді.


Түлкі:


Жүргізуші:Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөлді.Алайда алаяқ басты бір жарымын, екіншіден үлкен қылып бөлді.

Қонжықтар бұған ренжіді.

Түлкі оларды жұбатып:


Жүргізуші:Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жұтып қояды.Енді кіші жары- мы үлкен болды.

Қонжықтар:


Түлкі:


Жүргізуші:Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігін біраз-ын әдейі тең бөлмей,біразын жеп азғантай ғана қалдырып, оларды теңеп,екеуіне береді.

Түлкі оларға күліп:








Сергіту сәті

Қорбадаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Д/О «Бұл ненің ізі?»

Мақсаты:балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты:Тіл дамыту дәптеріндегі «Бұл ненің ізі?» тапсырмасын орындату.

Оқу іс-әрекетін қортындылай- ды.




Балалар қуана қарсы алады.



Балалар ертегіні тамашалайды.




Ия,ұнады.


Балалар,өз еркімен рөлдерді бөліп алады.Бірі жүргізуші рөлін,бірі қонжық, ал екінші бала екінші қонжық рөлін,ал бірі аю,одан соң түлкі рөлін алады.






















-Ағатайым,менің қарным ашты!-деп шағымданады.

-Менің де қарным ашты!-деп өңі бұзылып,басын шайқайды.








-Неге ұрысып тұрсыңдар?-деп сұрады.



-Мен сендерге ірімшікті теідей бөліп беремін,-деді.













-Мынау үлкен ғой,-деп ақырады.

-Тыныш,жастар!Кішкене саб- ырлық,қазір бәрін реттеймін.






-Бұлай да бірдей емес,-деп тынымсызданды.

-Мен өзімнің жұмысымды білемін!-деді.

-Міне,сараң,арам болсаң,бір күні осындай азығыңнан құр қаласың,-деп өз жөнімен кетеді




Қорбандаған аюдың қимылын келтіреді.




Дәптерді ашып,қай аңның ізі екенін сызып көрсетеді.



Күтілген нәтиже:

Біледі:аюдың дыбысын дұрыс салуды;

Игереді:ертегі кейіпкерлерін сахналауды;

Меңгереді:іздерді тез ажырата біледі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
2169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі