Материалдар / Аппликация жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аппликация жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Аппликация туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2019
2992
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ тақырыбы:

Табиғи материалдарды жинаймыз. Аппликация жасау.

Мектеп: «№4 ЖООБМ »КММ

Күні: 16.10.19.


Мұғалімнің аты-жөні: Нурмухаметова А. Б.

Сынып: 1В

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Оқыту мақсаты

1.2.2.1. Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану,эксперимент жүргізу.

1.2.3.1.Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу,белгілеу,қию,формасын келтіру,жинақтау,қосу және біріктіру.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Табиғи материалдарды жинақтап үйренеді.

  • Аппликация жасау үшін қолдағы материалдармен құралдарды пайдаланады

Оқушылардың көпшілігі:

  • Аппликация жасау үшін қолдағы материалдарды тиімді пайдаланады;

  • Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, жұмысты ұқыпты жасайды

Кейбір оқушылар:

  • Бөлшектерін қосу және мен дизайны жағынан айрықшаланатын аппликация жасай алады;

Бағалау критерийі

  • Жеке дара аппликация жасап үйренсе;

  • Аппликация жасау үшін қолда бар материалдарды тиімді түрде қолданса;

Тілдік мақсат

Аппликация – аппликация - application

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап

Ресурстар

Табиғи материалдардан жасалған аппликация,жұлдызшалар.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың жоспары


Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы:

2 мин




Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу,түгендеу.

2.Балаларды сабаққа психологиялық дайындау.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Күлім қағып қолымды,

1-2-3-деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.


Өткен сабақ та қандай тақырып өткенімізді еске түсіру.

Оқушылар өткен сабақтың тақырыбын айтады.

  • Сызықтардың қандай түрлері болады?

  • Дөңгелектенген сызықтардан тұратын сандарды ата?

Оқушыларды жапырақ түрлерін таратып беріп сол бойынша топқа бөлінеді.


















2 мин

Ой қозғау. Жұмбақ

Көк лағым көгенде жатып семіреді. – Қарбыз


Ағайынды бәрі:

Шықса – көк, Түссе – сары. - Жапырақ


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Табиғи материалдарды жинаймыз. Аппликация жасау» деп аталады.

Мақсаты:

  • Табиғи материалды жинап үйрену;

  • Аппликация жасау үшін қолдағы материалдар мен құралдарды тиімді пайдалана алу.

Picture 1

1 мин






Мұғалімнің оқушыларды сабаққа қызықтыруы.

Балалар бүгінгі сабақта жақсы жұмыс жасағандар, мына критерилер бойынша бағаланасыңдар:

  1. Сұрақтарға жақсы жауап берген

  2. Жұмысты уақытында аяқтаған

  3. Өз жұмысын түсіндіре алған

  4. Бағалауға белсене қатысқан

Осы критерилерге сай жұмыс жасағандарыңа жұлдызша беремін және сабақ соңында марапатқа ие боласыңдар.


8 мин




























Негізгі бөлім

Бүгінгі сабағымыз табиғи материалдарды жинақтау және аппликация жасау. Табиғи материалдарға қарбыз, қауын, асқабақ тұқымы, емен ағашы, шөп т.б жатады.

Әсем бұйымдар жасау үшін табиғи материалдардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде белгілі бір білім керек болады.

Табиғи материалдардың түрлерін көрсетіп тұрып, олардың қасиеттеріне және қандай бұйымдар ойыншықтар жасауға болатындығына тоқталамын.





Табиғи материал түрі

Түр – түсі, қасиеті

Не жасауға болады?

Әр түрлі ағаш бұтақтары

Иілгіш

Қол, аяқ, мойын, жіңішке таяқша

Қоға үлпілдегі

Жұмсақ, кесуге қолайлы

Қонжық, қоян

Жер жаңғағы

Тесуге, кесуге қолайлы, оңай

Әртүрлі ойыншықтар, жәндіктер

Грек жаңғағы

Тең екі бөлікке бөлінеді

Аққу, тасбақа, қоңыз, балапан

Жапырақтар

Өте әсем, әр түрлі

Көбелектер, құстар, балықтар









Ал енді осы табиғи материалдарды, түсті қағазды, матаны т.б қиып алып жапсыру аппликация деп аталады. Аппликация атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалдарына қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі – түсті қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері т.б қолданылуымен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материалдарды қолдану арқылы орындалған аппликация.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Picture 7

Picture 8


Picture 9



Picture 3



Picture 5 Picture 2

2 мин









Жұмысқа дайындық:

Балалар, қазір қолымыздағы бар табиғи материал – жапырқтың көмегімен «Менің мектебім» аппликациясын жасаймыз.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесіне назар аударуымыз керек.

Оқушылардан сұрау:

Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?

Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік:
1.Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.
2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.
3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.
4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.
5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.
6. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.



15 мин.



















Практикалық жұмыс

Дифференциациялау – егер сыныпта практикалық дағдылары төменірек дамыған оқушылар болса, онда оларға қарапайым оңай жұмыстар тапсырылады. Ал тәжірибелік дағдылары жоғары дамыған оқушыларға күрделілеу жұмыстары тапсырылады.

Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін оларға сұрақтар қойылады.

  1. Сенің туыңдың қалай аталады?

  2. Аппликацияңды жасау үшін қандай материалдарды пайдаландың?

  3. Саған аппликация жасау қиын болды ма?

5мин

Қорытынды бағалау:

Оқушылардың критерийлер бойынша жинаған жұлдызшаларын есептеу. Ең көп жұлдыз жинаған оқушы шебер атағын алады.



















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!