400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Апта күндері

Материал туралы қысқаша түсінік
0-ден 7-ге дейін санауды апта күндері арқылы балаларға түсіндіре отырып қоршаған ортамен таныстыруға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы





Такырыбы: 1-ден 7-ге дейінгі сандар. Апта күндері.

Максаты:

а) аптадағы күндердің атауын жаттау; балалардың бойында уақыт туралы түсінік қалыптастыруды жалғастыру;

ә) 7-ге дейінгі сандық және ретгік санау дағдысын жетілдіру; балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;

б) әдептілікке тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекегі



Балалардың іс-әрекеті






Мотивациялық-

қозғаушылық

Тақпақ оқып береді:

Апта күндері

Сәл демалып тыным ал,

Тақпақ тыңдап, ұғып ал.

Апта деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Сол жеті ұлдын,

Жастары бір,

Әр ұлдың

Өзіне тан аты бар.

Бірі кетсе, екіншісі келеді

Жеті бауыр адаспас.

Зымырайды, желеді.

Ешқашанда шатаспас.

Тақпақты тыңдап, апта күндері туралы жұмбақтың шешуін табады. Суретті қарайды: Ағайынды бауыр дегеніміз - аптанын күндері. Оларды санайды (7). Күндердің атын қайталайды.








Ұйымдас-тырушылық-

ізденістік

Дүйсенбіде кір жудым,

Сейсенбіде үй жудым,

Үшінші күн нан жауып,

Бейсенбіде шаң қудым.

Жұма күні демалып,

Сенбі күні торт алып,

Жексенбі қонақ шақырдым.

Педагог өлеңдер мен жұмбақ-тарды өз қалауынша таңдап алады. Балаларға оқып береді.

Апта ағайдын ұлдары:

Біріншісі - Дүйсенбі,

Екіншісі - Сейсенбі,

Үшіншісі - Сәрсенбі,

Төртіншісі - Бейсенбі,

Бесіншісі - Жұма,

Алтыншысы - Сенбі,

Жетіншісі - Жексенбі.


Picture 1

Педагог балаларды жеті ағайын-дымен ойнауға шақырады Аға-йындылар (апта күндері) ешқа-шан тәртіп бұзбайды, рет-ретімен жүреді. Біз сол тәртіпті жаттап алуымыз керек.

Picture 2

Әр күннің атын атап, рет-ретімен орналастырады. Содан соң оларға реттік нөмір беріп, олардың астына 1-ден 7-ге дейінгі цифрлар жазылған карточканы қойып шығады.

Балалардан апта күндерінің атау-лары мен тәртібін хормен айтып берулерін сұрайды: дүйсенбі - бірінші күн, сейсенбі - екінші күн,...

Содан соң кімнің қай күні не істегенін сұрайды.

- Адамдар қай күні демалады? Қай күндері жұмыс істейді? Бүгін нешінші күн, кеше қандай күн болды, ертең қандай күн болады? Дәптердегі №1 тапсырманы қарап шығып, апта күндерінің атауларын жаттап алуды ұсына-ды. Содан кейін 2-тапсырма бойынша бұл үйлерде ағайынды жеті бала (апта күндері) тұратынын айтады. Үйлерді нөмірлеп шығамыз (нөмір жапсырады). «Кәне, балалар,... алдында,... кейін, мен .... арасында кім тұрады?» және тағы басқа сұрақтар қояды.

Апта күндерінің атауын қайталайды. Күндерді рет-ретімен атап шығады, олардың қасындағы «көршілерін» табады.










Балалар өз ата-аналарының қай күні демалатынын айтады, сұрактарға жауап береді. Апта күндерінің атын дұрыс қолданып үйренеді.




Рефлек-

сиялық-

қозғаушылық

Сабақты қорытады. Балалардан бүгінгі сабақта немен таныс-қандарын сұрайды. Апта күндерін атап шығуды өтінеді және балаларды мадақтайды. Кеңіс-тікте бағдарлау қабілетін бекіту үшін №3 тапсырманы береді. Сабақты аяқтайды және жеті ағайындыны (апта күндерін) үйлеріне шығарып салуға шақырады. Тағы бір peт санайды: бірінші - дүйсенбі №1 үйге кетті, екінші... және т.б.


Апта күндерін атап шығады, №3 тапсырманы орындайды. Күндер тәртібін еске түсіреді және сабақты қорытады. Орындалған жұмысты бағалайды.



Күтілетін нәтиже:

біледі: апта күндерінің атаулары мен олардын ретін;

игереді: апта кундерінің реті туралы жэне алдыңғы, келесі күн туралы түсінік беруді;

менгереді: апта күндерін ретімен атап шығуды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі