400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Апта күндері.1-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ: 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 1 сынып

Пәні: Математика


Ортақ тақырып: «Саяхат»


Бөлім: Шамалар. Уақытты бағдарлау

Сабақтың тақырыбы:Апта күндері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.3.1.Апта күндерінің атауын еске сақтау, уақыт өлшемі, жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.

1.1.3.2. Өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушы: Апта күндерін атау;

Көптеген оқушы: Өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу;

Кейбір оқушы: Уақыт өлшемі мен жыл мезгілдерін ажырату.

Бағалау критерийлері

  1. Уақыт өлшемдерінің ара қатынасын анықтайды;

  2. Уақытты өлшеу бірліктері мен құралдарын ажыратады және өлшемдер жасайды;

  3. Уақыт аралығын «сағат» өлшем бірлігімен өлшейді

Тілдік мақсат

1 минут, 1 сағат, 1 күн, 1 апта секілді уақыттың белгілі бір шегінде орын алатын жағдайларды талқылау.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:минут, сағат, жиырма төрт сағат, күн, апта күндері, ай, жыл.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша, жазбаша

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Бір аптада неше күн бар?

  2. Түскі ас ішуге қанша уақыт жұмсайсыз?

  3. Апта өлшем бірлігіне жатады ма?

  4. Біз адамдардың жасын жылмен, әлде аптамен санаймыз ба?

  5. Келесі аптаға дейін мен 10 см өсем бе?

Не себепті......деп ойлайсыз?

Неге біз «бір сағат күтіңіз» емес, «бір минут күтіңіз» деп айтамыз?

Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша

Құндылықтарды дарыту

  • тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

  • - бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;

  • жеті санына қатысты ұлттық ұғымдарды түсіне отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану (кемпірқосақ), Музыка (ширату жаттығу)


АКТ

аудиожазба

Бастапқы оқу:

Уақытты анықтай алу тәжірибесі бар. Мектептегі сабақтың басталуы, аяқталуын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар


Басы

(1 мин)









«Таза тақта» әдісі

(2мин)










Топтық жұмыс

(8 мин)











(7 мин)

Психологиялық ахуал

«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жаныңды тез,

Оятады игі тілекті.

«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып көз,

Кең болсын адам пейілі.

Тақтаға сұрақтар жазылған бірнеше парақтар теріс қаратып ілініп тұрады. Оқушылар тақтаға шығып, жасырынып тұрған парақтағы сұрақтарға жауап береді. Осылайша сұрақтар бітіп, тақтаның беті тазарғанша жалғаса береді.

  • 1 минутта неше секунд бар?

  • 1 сағатта неше минут бар?

  • Сағаттың қандай түрлерін білесің?

  • Сағаттың тілдері нені білдіреді?

  • Сенің сабағың сағат нешеде басталады?

  • Сен сағат нешеде ұйықтайсың?

Қанекей балалар, бізге «Көңілді паравоз» қонаққа келіпті. Өзімен бірге сендерге тапсырма ала келіпті.

Әр топтағы топ басшылары келіп паравоз вагондағы сандарды алып, сол бойынша орындайтын тапсырмаларын анықтайды. Әр қайсысы өз топтарына барып берілген тапсырманы топпен бірігіп орындайды.


А

П

Т

А


К

Ү

Н

Д

Е

Р

І



Рисунок 1


Апта күндеріне түсінік беру

Балалар біздер әр аптада қанша күн барын білеміз бе ? (7)

Кәне, қосылып айтып шығалық.

Апта күндерінің реті: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі жексенбі.

Олай болса, апта- 7 күннен тұратын уақыт аралығы.

Біз оның 5 күнінде оқып 6-шы күні түрлі үйірмелерге барамыз да 7-ші күні демаламыз.

Үнтаспадан апта күндеріне түсінік беріледі.


Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

-Жеті қазына 
-Жеті ата 
-Наурыз көже
 жеті түрлі тағамнан жасалады.

-Кемпірқосақтың жеті түсі бар.



























Орындаған тапсырмаларындағы әріптерді бос тор көзге орналастырады.

Сонда «Апта күндері» деген сөз шығады.






Апта күндері бойынша топтарға атау беріледі.

1-топ Дүйсенбі

2-топ Сейсенбі

3-топ Сәрсенбі

4-топ Бейсенбі

5-топ Жұма

6-топ Сенбі

7-топ Жексенбі




Ортасы

Тақтамен жұмыс


(3 мин)










Дәптермен жұмыс

( 6 мин)




















































Ширату жаттығуы

(1 мин)








Жеке жұмыс

перфокарталар

(5 мин)


«Киелі 7 сан»: 7 санының құрамы

7



7



7



7






1



6



2



5



4



3



3



4





7



7



7






2



6



1



7



0



5






Мозайка құрастыр.

Мозайканы әрі қарай құрастыр. Мозайка пазлдарына апта күндерін ретімен жаз. Содан кейін бір аптаның пазлдарын бір түспен, келесі аптанікін басқа түспен боя.



Дескриптор:

  • Апта күндерін ретімен жазады.

  • Бір аптаның пазлдарын бір түспен, келесі аптанікін басқа түспен бояйды.


Бос орындарды толтыр:

1 сағ = минут


1 жыл = ай


1 ай = күн


7 күн = апта


* «Сәйкестендіру» .Берілген уақыт өлшем бірліктерін өлшеу құралдарымен сәйкестендіру.


күн



сағат



жыл



апта





Дескриптор:

  • Уақыт өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайды.

  • Сағатпен өлшенетін өлшем бірліктерін анықтайды.

  • Күнтізбемен өлшенетін өлшем бірліктерін анықтайды.

«Апта күндері»

Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда,

Сейсенбіде серуен құрдық далада,

Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп,

Жұма күні ою ойдық қағаздан,

Сенбі күні жидек тердік ағаштан.

Жексенбіде үйде болдық демалдық.

Жеті күнді осылай біз қарсы алдық.


Әр балаға үйшік таратылады. Сол үйшіктің терезелерінен апта күндерін және реттік санын тауып орналастыру .

Әр топтан оқушылар шығып, 7 санының құрамын жазады және оқиды.












































Әр оқушы тапсырманы жеке- жеке орындайды және бір-бірін тексереді.

















Перфокарта

Сәрсенбі



3



3



Соңы

«1 минуттағы ой» әдісі

«Бәйге» ойыны

(5 мин)


(2 мин)


1-топ

1.Аптада неше күн бар? (Жеті)

2.Нүргүл дүйсенбі күні вокал үйірмесіне барды. 2 күннен кейін домбыра үйірмесіне барды. Домбыра үйірмесі аптаның қай күнінде болады? (Бейсенбі)

2-топ

1. Апта күндерін ретімен айтып шық.

2.Саған сүтті күнара сатып алу керек. Дүйсенбіден бастасаң бір аптада неше рет сүт сатып аласың? (4)

3-топ

1.Сабақ кестесіне қара. Аптаның қай күндерінде дене шынықтыру сабағы болады? (Сейсенбі, сәрсенбі, бейсебі)

2.Жұманың алдында аптаның қай күні келеді? (Бейсенбі)

4-топ

1. Біз аптаның қай күндері сабаққа келеміз? (1,2,3,4,5)

2.Әкесі, анасы және балалары 2 апта теңіз шипажайында болды. Отбасы неше күн демалды? (14 күн)

5-топ

1.Математика сабағы аптаның қай күндері болады? ( дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма)

2.Жанат ертегілер кітабын тура 1 апта оқыды. Ол ертегілерді неше күн оқыды? ( жеті күн)

6-топ

1.Сейсенбіден кейін неше күн өткенде сенбі болады? (үш)

2.Арман аптаның екінші, төртінші, бесінші күндері ағылшын пәнінен қосымшаға барады. Арман аптаның қай күндері қосымшаға барады? (сейсенбі, бейсенбі, жұма)

7-топ

1.Біз аптаның қай күндері демаламыз? (сенбі, жексенбі)

2.Сәрсенбіден бері үш күн өтті. Аптаның қай күні болды? (Жексенбі)

Кері байланыс: Оқушылар алдарындағы желкенді қайыққа стикерді ілу арқылы түсінгенін, немесе түснбегенін білдіреді. «Қызыл» түс- түсінбедім, «Сары» түс- түсіндім, әлі де түсінбегенім бар. «Жасыл» түс- түсіндім, түсіндіруді қажет етпеймін.

Рисунок 2

Оқушылар 1 минуттың ішінде сұраққа жылдам жауап беруі қажет

Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Қолдауды қажет ететін оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес әр түрлі тапсырма беремін.

Қабілеті жоғары оқушыларға дереккөздер тәсілі арқылы өз бетінше ізденуге, алған білімдерін модельдеуге, дәлелеуге, жоспар құруға, өз пікірін айтуға және мақсатқа жетелеуге дағдыландыру мақсатында тапсырмаларды өздігінен зерделеп, орындайды.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


«Басбармақ»әдісін, «Смайликтермен»,

«Мақтау», «Қолпаштау» әдісімен бағалайды.

Белсенді әдістерді тиімді пайдалану критерийлер негізінде оқу мақсатына жету үшін белсенді іс-әрекеттер ұйымдастырып , оқу үдерісіне белсене араласып, топта бірігіп жұмыс жасауға, бірін- бірі қолдауға, тыңдауға және бірін –бірі бағалауға , өз жұмыстарына өзі баға беруге, сонымен қатар, сыныптастарын бағалау арқылы өз оқуын жетілдіреді.

Денсаулық және қауіпсіздік


Ширату жаттығуларын орындату.Денені дұрыс ұстап отыруын,қаламды дұрыс пайдалана білуін қадағалау.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
856
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі