400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Апта күндері. Ай

Материал туралы қысқаша түсінік
1.1.3.1 шамаларды ажырату;уақыт;оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.2 өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу:сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:



Күні:23.02.2017

Сынып: 1а

Математика

Қатысқан оқушылар саны:5

Сабақтың тақырыбы

Апта күндері Ай

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 шамаларды ажырату;уақыт;оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.2 өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу:сағат


Сабақтың мақсаттары

циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды;

уақыттың өлшем бірліктерін­ (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады.

Шамалардың өлшем бірліктерін анықтай алады

Жетістік критерийлері

Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегімен аптаның ұзақтығын түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Ресурстар

апта күндерінің атаулары жазылған парақшалар

тірек сөздер жазылған парақшалар;

бір аптаға арналған сабақ кестесі;

бір аптаға арналған үйірме кестесі;

апта күндерінің атаулары жазылған қабырға күнтізбесі;

Тірек сөздер

апта;

дүйсенбі;

сейсенбі;

сәрсенбі;

бейсенбі;

жұма;

сенбі;

жексенбі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!






Шаттық шебері








Сабақтың ортасы

20 минут



Апта-7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. “Апта” сөзі парсы тілінен аударғанда “жеті” деген мағына береді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың бас кезінде оқушылардың тақырып туралы қандай білімдері бар екенін анықтап алу. Бұл тақырыпты әрі қарай дамыту үшін керек. Әңгімелесу барысында оқушылардың апта күндерінің атауы мен ретін білетінін анықтап алу. Содан соң апта күндерінің ретін (егер оқушылар білмесе) айту немесе (егер оқушылар білсе) қайталату. Ол үшін мынадай ойын өткіземіз. Оқушыларды ортаға шығарып, үлкен бір шеңберге тұрғызу. Оқушыларға апта күндерініңатаулары жазылған парақшаларды таратып шығу. Осы жеті күнді бір сөзбен апта деп атайтынын айтыңыз. Әр күннің өз атауы бар. Шеңберде оқушылардың ретімен тұруын сұрау: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Апта күндерінің атауын ретімен бірнеше рет қайталап, әр айтқан сайын алдыңғысынан тезірек айтуын қадағалау. Апта күндерінің атауын және ретін есте сақтағаннан кейін бір апта келесі аптаны ауыстыратындай етіп, бір шеңберге тұруын сұраңыз. Апта күндерінің атауы бойынша оқушыны тұрғызғаннан кейін сұрақ қойыңыз: “Жексенбіден кейін қай күн келеді?” . Шын өмірде уақыттың бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста болатынын, тәуліктен кейін тәулік келетінін, олардың апта құрайтынын, аптадан кейін апта келетінін түсіндіру. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалармен бекіту.


Бәйге. Бұл тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Жауабы:7 күн.

Сабақ кестесіне байланысты.

Бейсенбі.

Жеті күн, яғни 1 апта.

Үш күн өткен соң.

Шығарып көр. Тапсырманы жұппен оқи отырып, апта күндерінің ретін еске түсіреді. Күндерді қоса отырып, өзіне қажетті апта күнін тауып үйренеді. Әркімнің сабақтан тыс қандай үйірмелерге қатысатыны туралы сұралады.

Жауабы:домбыра үйірмесі бейсенбі күні болады.


Отбасылық демалыс. Бұл тапсырманы жұппен орындайды. Оқушылар тапсырманы талдау және орындау барысында 1 аптада 7 күн бар деген қорытынды жасайды.


Орындап көр. Тапсырмада оқушылар дүкенге бару кестесін құрады. Шарты: дүкенге күн ара бару керек. Оқушылар еш қиындықсыз кесте құра алады. Бірақ тапсырманы орындау барысында апта күндерінің саны тақ екенін түсінуі, сондықтанбір аптаның кестесі келесі аптаға сәйкес келмейді деген тұжырымға келуі тиіс. Егер сынып дайын болса, онда оларға 3-4 аптаға дейін жалғастыру ұсынылады. Осылайша оқушылардың дүкенге бару кестесі бір аптадан кейін қайталанады деген тұжырымға келу мүмкіндігі пайда болады, яғни бірінші аптаның кестесі үшінші, бесінші және т. б. аптаға сәйкес келеді. Екінші аптаның кестесі төртінші, алтыншы және т.б. аптаға сәйкес келеді. Неге бұлай болып жатқанын түсіндіріледі. Оқушылар екі аптада 14 күн барын ойлап табуы мүмкін, ал бұл — жұп сан.



Таныстырылым,


АКТ


оқулықпен жұмыс







































Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Апта күндерінің атауын есте сақтап қалуы үшін оқушылармен “Үндемес” ойынын жүргізу. Алдымен оқушыларға ойынның шартын түсін­ діріледі. Ойынды бастамас бұрын 1-ден 7-ге дейінгі аралықтағы сандар жазылған парақшаларды тақтаға іліп қойылады немесе интерактивті тақтада көрсетіледі. Әрбір сан апта күндерінің ретін білдіретінін айтылады. Мысалы: 1-аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбі. 2-аптаның екінші күні, яғни сейсенбі. 3-аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбі. 4-аптаның төртінші күні, яғни бейсенбі. 5-аптаның бесінші күні, яғни жұма. 6-аптаның алтыншы күні, яғни сенбі. 7-аптаның жетінші күні, яғни жексенбі. Кез келген 1-ден 7-ге дейінгі санның біреуін көрсетесіз. Олар сол санға сәйкес келетін күн атауын атайды.


әуенмен


Аяқталуы

11 минут


Қызықты тапсырма

8 минут







Қосымша тапсырма


Ертегілер оқу. Берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыну. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді.


Ойлан. Бұл тапсырманы оқушылар өз бетінше орындап көреді. Бұл апта күндерінің ретін, атауын еске сақтауға және 1 апта ішіндегі уақытты тәулікпен санау дағдысын бекітеді.


Сәрсенбіден бері үш күн өтті. Аптаның қай күні болды?


Мозаика құрастырады. Бұл тапсырма қалыптастырушы бағалау мен жаңа сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Оқушылар пазлдарда апта күндерінің атауын жазып, күндердің ретін жалғастыру керек: жексенбіден кейін — бір бағытта; дүйсенбіге дейін — басқа бағытта.





Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут



Рефлексия





Кеменің суреттері

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:апта 7 тәуліктен тұратын уақыт аралығы екенін түсінеді;апта күндерінің ретін біледі.

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін сұрақтар қойылады:

Бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Сендер аптаның қай күнінде сабаққа келесіңдер?

Сейсенбі аптаның нешінші күні?

Дүйсенбіден кейін қай күн келеді?

Жексенбінің алдында қай күн?

Арғы күн қай күн болады?

Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай іс-әрекеттердің ұзақтығын тәулікпен емес, аптамен өлшеуге болады? Неге?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
735
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі