Ашық ұйымдастырылған
іс-әрекет
кезеңі
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
(Дәстүрлі емес бейнелеу және шығармашылық
әрекеттер)
Жасы: 3-4
жас
Ұйымдастыру
формасы: Топтық
жұмыс
Сабақтың
мақсаты:
Балалардың қыс мезгілі туралы
түсінігін кеңейту, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін,
ұсақ моторикасын дамыту,бірлесіп жұмыс жасауға
үйрету.
Міндеттері:
-
Дәстүрлі емес сурет салу
әдістерімен таныстыру
-
Мүсіндеу және жапсыру арқылы
қол қимылдарын дамыту
-
Түстерді ажыратуға, композиция
құрауға үйрету
-
Топпен жұмыс жасауға
баулу
-
Қуаныш пен қызығушылық сезімін
ояту
Ұйымдастыру
кезеңі
Шаттық
шеңбері
Тәрбиеші:
Аспанымыз ашық
болсын,
Деніміз сау
болсын
Еліміз тыныш
болсын
Бәріміз күндей
жарқырайық
Бәріміз тату дос
болайық.
Негізгі
бөлім
Балаларды екі топқа
бөлу
(қар мен аққала суреттері
арқылы)
-
«Аққалалар»
-
«Қар
ұлпалары»
1-топтық
жұмыс: Мүсіндеу:
1-тапсырма: «Аққалалар» тобы,
талдың бұтағына ақ түсті ермексазды домалатып
жабыстыру.
«Қар ұлпалары»
тобы, Қаңтар айының ең басты символы
– Аққала. Бұл тапсырма қолдың ұсақ моторикасын (домалату)
дамытады.
-
Әдісі: Ермексазды алақан арасында
айналдыра домалату.
-
Қажетті
құралдар: Ақ түсті ермексаз, қызғылт
сары (мұрны үшін) ермексаз, дайын картон
негіз.
-
Тапсырма: Балалар ақ ермексаздан екі
түрлі (үлкен және кіші) шар домалатады. Оларды бір-бірінің үстіне
қойып, бетіне мұрнын (сәбізін) жапсырады.
2-топтық
жұмыс: Жапсыру
(аппликация)
«Аққалалар»
тобы «Қолғапқа арналған
өрнектер»
«Қар ұлпалары»
тобы «Қысқы баскиімге арналған
өрнектер»
Әдісі:
Дайын пішіндерді желімдеу
Қажетті
құралдар:
Тапсырма:
Балалар өздеріне ұнаған қолғапты таңдап, оның бетін өрнектермен
әшекейлейді. Қолғаптың жиегіне мақта жапсырып, «үлпілдек»
етеді.
Сергіту
сәті
«Тоңса біздің қолымыз»
сергітуі:
Тоңса біздің қолымыз,
(Қолдарын уқалайды)
Шапалақты ұрамыз.
(Шапалақтайды)
Тоңса біздің аяғымыз,
(Аяқтарын көрсетеді)
Тіпір-тіпір басамыз.
(Секіреді)
Ойын:
Түрлі-түсті қағаздардан нақты
4 түстен шеңберлер қиылып үстел үстіне тізбектеп қойып,балалардың
қолына екі таяқшаға түрлі түсті төрт түсті жабыстыру,сол қолындағы
түстермен үстел үстіндегі түске
сәйкестендіру.
3-топтық жұмыс: Сурет
салу.
-
«Аққалалар» тобы Көк қағазда
бейнеленген қоңыр ағаштың суретіне мақта таяқшасымен ақ түсті
гуашпен нүктелі бояу.
-
«Қар ұлпалары» Көк қағазда
бейнеленген қоңыр ағаштың суретіне саусақпен нүктелі ақ түсті
гуашпен бояу.
Шығармашылық
эксперимент
«Жасырын
сурет»
(Балауыз бен акварель
сиқыры)
Дайындық:
Ақ қағазға алдын ала ақ балауызбен көрінбейтін суреттер
салынады
(жүрекше, жұлдыз, аққала, күлімдеген
бет).
Тапсырма:
Балалар кең қылқаламмен көк немесе күлгін түсті сұйық акварельді
қағаз бетіне жағады.
Ерекшелігі:
Бояу жағылған сәтте қағаз бетінде аппақ «сиқырлы» суреттер пайда
болады.
Мағынасы:
Таңғалу сәті баланың шығармашылыққа деген қызығушылығын
арттырады.
Қорытынды:
Қар қандай?
«ақ,жұмсақ»
Қардың түсі
қандай?
Қар қай мезгілде
жауады?
Біз не
жасадық?
Қыс мезгілі
қандай?
Мадақтау
сөздер:
Сендер өте ұйымшылсыңдар!
Жарайсыңдар!
Ақылды,ұйымшыл
балаларсыңдар!
Ашық ұйымдастырылған
іс-әрекет кезеңі
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
(Дәстүрлі емес бейнелеу және шығармашылық
әрекеттер)
Жасы: 3-4
жас
«ҚҰЛЫНШАҚ» АРАЛАС
ТОП