жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Апталық есеп
«Білімнің іргетасы- бастауыш» атты 3 сыныптар арасында өткен апталықтың есебі
2019 жылдың 9 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында 3 сыныптар арасында «Білімнің іргетасы- бастауыш» атты жоспарлы апталық аталып өтті.
Іс- шараның негізгі мақсаты жаңа әдістемелік технологияларды пайдаланып әр сабақта оқушыларға терең де тиянақты білім беру.
Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды.Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс- шаралардың жоспары құрылып мектеп диреторы Ильясова С.К. бекітті.
Апталық қарсаңында бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің 1 қабаты тақырыпқа сай шарлармен ,әдемі суреттермен, қабырға газеттерімен , гүлдермен безендірілді.
3 сыныптар апталығы 9 желтоқсан апталықтың ашылуын өткізуден бастады. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. 3 «Ж» сынып оқушылары оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты, 3 «Е» сынып пен 3 «Б» сынып оқушылары ән айтып, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, тәуелсіздікке байланысты және желтоқсан құрбандары жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Басқа да мәліметтер берілді. Ашылу салтанатының соңы бастауыш оқу тәрбие зовучы Смагулова Ж.А. апталықтың ашылуымен құттықтап,жақсы тілектер тіледі.Барлық сынып оқушылары «Мәңгілік ел жастары» әнін хормен орындауында аяқтады.
Апталықтың келесі күні ашық сабақтармен жалғасын тапты.
9 желтоқсанда 3 «Е» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Ермек Өтетілеуұлының «Мақтанышым -Астанам» шығармасы бойынша ашық сабақ өтті.Сынып жетекшісі: Аймаханова С.А.
Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар өздігінен автор өмірі мен шығармашылығы туралы дайындап,өлеңдерін жаттап шығармаларын оқуға деген қызығушылықтарын білдіре алды.
Сабақта күнделікті өмірмен байланысқа ,сөз мәнеріне , сөйлеу дағдыларына тәрбиелік кезеңдеріне көп көңіл бөлінді. Өздік жұмыс, қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жасауға көп көңіл бөле отырып,алған білімдерін тұрақтандыру үшін лайықты тапсырмаларды оңтайлы бере алады. Сабақ өз мақсатына жетті. Топ бірін-бірі , топ ішінде бағалар алды.
7 желтоқсанда 3 «Г» сыныбында қазақ тілі сабағы «Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша» тақырыбында ашық сабақ болды. Сынып жетекшісі: Кудербекова А.Қ.
.
Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақ дамытушылық бағытқа құрылды. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларына көп көңіл бөлініп, математикалық терминдер меңгеріліп, қиындық туғызатын тапсырмалар орындауға көмек көрсетілді.Сабақта жаңа ақпараттық технология құралдарын көрнекті құрал ретінде қолданылды.
11 желтоқсанда 3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Абдрахман Асылбековтың «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сынып жетекшісі:Аюпова А.М.
Мұғалімнің сабақ жоспары жас ерекшелігіне байланысты әдістемелік талап тұрғысына сай деңгейде құрылған. Интербелсенді әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңдеріне сай ұтымды пайдалана білді. Соның ішінде оқушының атмосферасын көтеру мақсатында шаттық шеңбері аясында тілек айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл, жағымды атмосфера туғызды. Тақырыпты ашу мақсатында видеоның көмегімен оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыратын өз бетінше шешім шығаруға, өз ойын ортада еркін түрде білдіруге бағыт берді. Әдістерде: Қабырғалар сөйлейді, Джиксо әдісін ,жапондық бағалау әдістерін қолданды.
11 желтоқсан күні 3 «В» сыныбында математика пәнінен орыс сыныбына «Умножение и деление на 10 и 100» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Муратова С.С.
Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып,сабақты қызықты,мазмұнды өткізуге тырысты. (сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру) Есептер шешуде қайталаулар арқылы теориялық білімдерін практикалық жолмен дәлелдеп бере алады Оқушылар сабақта белсенді қатысып отырды. Әдебиет, тарих сабақтарымен байланысты болды Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық- технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды..Өздік жұмыс,қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Сабақ өз мақсатына жетті.
11 желтоқсанда 3 «Ж» сыныбында математика пәнінен «Дөңгелек сандар. Көбейту және бөлу» тақырыбында ашық сабақ болды. Сынып жетекшісі: Салманова Г.Е.
Сабақтың мақсаты: ойлау қабілетін дамыту, ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, топтық жұмысқа бейімдеу, өзін-өзі реттеу. Сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді: «Жедел ойлау стратегиясы», «Кубизм» қолданды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін бірінші ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастады. Оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыптың мазмұнына қарай, Цилиндр, конус,шаршы деп сыныпты 3 топқа бөлді. Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа ала отырып, топ ішінен белсенді ұйымдастыру қабілеті жоғары жауапкершілігі мол оқушыларды шығару мақсатында топтарға өз ішінде қызметтерін бөліп берді. Топ басшыларын бес саусақ арқылы бөліп алды.
12 желтоқсанда 3 «Б» сыныбына орыс тілі пәнінен «Правописание суффиксов употребление их в речи» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Альжанова З.К.
Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды.
11 желтоқсанда дүниетану пәнінен «Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Қиялбекова Ш.М.
Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды. Сыныпты 5 топқа бөліп, топтық жұмыстар жүргізе білді.Оқушылар өз ойларын айтуда еркін.Бағалау кезеңінде мұғалім бағдаршам түстерін қолданды.
Апталықтың жабылу салтанаты 13 желтоқсан күні болды. Әр сынып оқушылары ән, би, көрініс дайындаулары қажет еді. 3 «А», «Ә» оқушылары барынша жауапкершілікпен қарап, өз өнерлерін өте жақсы көрсетті. Ән де айтты, бәрі қосылып би билеп, көрініс те көрсетті. «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» тақырыбыда өткен апталық өз дәрежесінде жақсы қорытындыланды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген