400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Апталық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталық есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі- ел туы» атты тіл мерекесіне арналған іс- шараның есебі

2018 жылдың 4 қыркүйек пен 18 қыркүйек аралығында бастауыш сыныптар арасында «Қазақ тілі - ел туы» атты тіл мерекесіне арналған іс- шара аталып өтті.

Іс- шараның негізгі мақсаты оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқуға қызығушылықтарын арттыру, елжанды ұрпақты қалыптастыру, өзге тілді біліп үйренуге өз тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Тіл ұлттың жаны. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес,сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

04.09. күні бастауыш сыныптар арасында тіл мерекесінің ашылуы болып, құттықтау сөз кезегін бастауыш сынып оқу меңгерушісі Л.Н.Ракишева мен әдістеме бірлестік жетекшісі Ш.М.Киялбекова алып, жиынды ашып берді. Жиынға жиналған оқушылар арасынан тіл туралы тақпақтар айтылып, ән- жырлар орындалды.

Іс –шара мақсатын негізге ала отырып апта басында сыныптар арасында «Менің тілім - көркем тіл» тақырыбында сурет конкурсы ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің салған суреттерін мектеп дәлізіне іле бастады.

05.09. күні І деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі А.М.Аюпованың ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу және сабақтағы зерттеу» тақырыбында мұғалімдердің қатысуымен коучинг ұйымдастырылды.

Коучингке бастауыш сынып мұғалімдері түгел қатыстырылды,сабақ өту барысында өзінің озық тәжірибесін ортаға салды және көптеген сауалдар қойылып, коучинг қызықты өтті.

07.09. күні 3 сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімі Ж.Р.Смадиярованың жетекшілігімен «Тіл –ұлттың жаны» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде оқушылар өздері қалаған ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Екінші бөлімде халық ауыз әдебиеті қамтылып, мақал- мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды жатқа айтып жарысты. Әділ- қазылар алқасы жарысты қорытындылап, белсене қатысқан оқушыларды жүлделі сыйлықтармен марапаттады.



10.09. күні Ж.М.Инербаева 4 «Д» сыныбына «Дыбыс үндестігі» тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі болды, сергіту минуты ұйымдастырылды.Үй тапсырмасында буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ататып,ой қозғау жұмыстары жүргізілді. Сынып топпен жұмыс жасап, сабаққа белсене қатысты.



Жаңа сабақты түсіндіру барысында дыбыс үндестігінің түрлері ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал туралы түсінік беріліп, мысалдар келтірілді. Кітаппен жұмыс жасалып, 4-6 жаттығулар орындалды. Сергіту сәті ретінде «Кім жылдам?» ойыны ұйымдастырылды, Венн диаграмма жасалды.Сабақты қорытындылау барысында 15 сұрақтан тұратын тест беріліп, сабаққа кері байланыс алынды.

11.09.күні А.Кудербекова 4 «Е» сыныбына «Буын үндестігі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: қосымшалар түбір сөзге соңғы буынның жуан немесе жіңішкелігіне қарай не жуан,не жіңішке болып жалғанатынын ұғындыру. Мұғалім сыныпты екі топқа бөліп, психологиялық тренинг ұйымдастырды. Сынып оқушыларына бірнеше тапсырмалар беріліп, кітаппен жұмыс жүргізілді. Ережелер қайталанып, кері байланыс жасалды. Сабақ қорытындыланды.

17.09.күні 3-4 сыныптар арасында пән мұғалімдері А.А.Жолдыбай, Ү.Т.Байзилдина,Ж.Р.Смадиярова,А.Кудербекова,Ғ.Б.Рамазанова,Х.К.Жумағалиева,Г.Ж.Жирентаева,М.Ж.Инербаевалардың ұйымдастыруымен әдебиет пәні бойынша оқылған шығармаларды сахналау қойылымдары қойылды.

«Мәуелі бәйтерек», «Күнді іздеген достар», «Шалқан», «Есек пен бұлбұл», «Түлкі мен қарға» қойылымдары қойылды. Әділ қазылар алқасы сайланып,сахналық қойылымдар талқыланды. Барлық қырынан ерекше болып көзге түскендер мадақтамалармен марапатталды. Көрермендер арасынан жанкүйерлер үш тілде тақпақтар айтып, кеш қызығын арттыра түсті. Сайысты қорытындылау кезегінде сайысқа қатысушыларға алғыс білдірілді. Ж.Р.Смадиярова қорытынды сөз кезегінде қазақ тілі туралы жалпы бірнеше мағлұмат беріп өтті. Дүниежүзілік қазақ тілінде сөйлеушілер саны 12 млн астам, әлемдегі алатын орны 66, жазу әдісі кирилл, араб, латын тілдерінде екенін ерекше атап өтті.



18.09 күні барлық бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен тіл мерекесінің әдеби сазды қорытынды кеші болып өтті. Қорытынды кеш Қ.Р.мемлекеттік әнұранымен ашылды. Кешке әр сыныптан белсенді оқушылар өздерінің шығармашылығынан өлеңдер оқып, тақпақтар айтылды. «Қара жорға», «Айгөлек» билері биленіп, «Анамның тілі» әнімен кеш қорытындыланды.

«Ана сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата- бабамызды, тарихымызды ұмыту»,- деп Б.Момышұлы атамыз айтып өткендей жоғалып кетуіне жол бермей, тілімізді әрқашан биікке көтеріп, мақтан тұтуымыз керек.



















Жауапты : Киялбекова Ш.М.



Открытый урок



Правописание суффиксов и употребление их в речи.

Архитектура и природа

3 «Б» класс













Учитель: Альжанова З.К.























2019-2020 год

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
1024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі