Материалдар / Апталық көркем сөздер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Апталық көркем сөздер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешілеріне арналған.Балалардың тілін дамыту үшін арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2021
3536
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кешен 1

Балабақша

Көп өнеге үйретеді,

Ән салдырып билетеді.

Домбырамен тартып берем,

Тыңдайтының күй ме тегі.

Тілашар”мен “Әліппеден”

Сауат аштық әріптермен.

Түрлі бояу қарындашпен

Суретті де слып берем.

Денемізді шынықтырып,

Ұйықтатады тынықтырып.

Балабақша жібереді

Үйімізді ұмыттырып.

Кешен №2

Тату дос

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос –бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.


Кешен №3

Ойыншықтар

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ.

Ойыншықтар “тыңдайды”

Ақыл айтсақ,бұйырсақ.

Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды,

Бұзау,қозы,құлыншақ

Ұйықта ”десең ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?

Тентегін қоймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.

Кешен №4

Жиһаз


Кешен №5

Әжетайым

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен,кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.


Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған,

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.


Кешен №6

Сәлем берем үлкенге

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

Ассалаумағалейкүм-деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста:

Есенсіз бе,Әжей?”-деп.

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін

Аға,тәте,көкеге,

Сәлеметсіз бе?”-деймін.



Кешен №7

Қауіпсіздік

Қауіпсіз деп ойлама,

Отпен оқыс ойнама.

Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама,жанарсың.

Сіріңкеме ойнаса,

Қай бала да опынар.

От жағуын қоймаса,

Жалын шарпып ,от шығар.



Кешен №8

Күз

Ой,балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Ой,балалар,балалар,

Ойналық та күлелік,

Енді оқуға кірелік.



Кешен №9

Туған елдің ұлымын

Қарияның баласымын,

Бүлдіршіннің ағасымын

Сыйлап ата-аналарды,

Қуантамын ағаларды.


Шыңдай берем талабымды,

Мен оқуда болам үлгі

Туған елдің ұлымын мен,

Туған жердің гүлімін мен.


Кешен №10

Қара өрік

Қара деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге

Кейде менің хақым бар.

Алыңдар баққа ектіріп,

Сақтаңдар ұзақ кептіріп.

Шаймен ішкен сусындар,

Па,шіркін-ай-деп тұрып.



Кешен №11

Еңбек

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты-еңбек,

Кесте тіксең зерлеп,

Оның аты-еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Оның аты-еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.


Кешен №12

Бәрін өзім жасаймын

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз-ынталы баламыз,

Істен қызық табамыз.


Аулада,қорада

Мен қарап жүрмеймін:

Көп жұмыс бар онда,

Бітірмей,кірмеймін.


Кешен №13

Отан

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырың.

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.


Отан-тарих,Отан-тіл,

Жасаған елің,ер халқың.

Отан-өлең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


Кешен №14

Туған жер

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас,кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып ,өмір сүреміз.


Кешен №15

Астана

Астана-арман қала,

Бағы бір жанған қала,

Тұрады ол жап-жасыл боп,

Мен үлкен болғанда да.

Төкті оған нұрын дала,

Астана-сұлу қала.

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.


Кешен №16

Біздің ту

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.


Көк аспандай арай күн,

Көк аспанда жас қыран.

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан.


Кешен №17

Бақшада

Ала шапан киініп,

Теңкиіпті қарбыздар.

Жесең,тілді үйіріп,

Сусынында қандырар.

Еңбек түбі-зейнет”қой,

Мен де қарбыз жинадым,

Атам сыйға береді,

Құшағыма сыйғанын.


Кешен №18

Қасқыр

Қасқыр жортар түнменен
К
үндес болып күнменен.
Қасқыр жортар сайменен,
Араз болып Айменен.

Қасқыр жортар ойменен,
«Жолы
қсам,- деп – қойменен.»


Кешен №19

Үкі

Үкі маған қарады,

Көзі үлкейіп барады.

Қауырсынын үкінің,

Тақияға тағады.

Түнде тышқан алады,

Шарлай ұшып даланы

Қараңғыда,апыр-ай,

Қалай жемін табады?!



Кешен №20

Қыс (Н.Аманжолова)

Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен,

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттен сүйеді.

Жиналап ап бар бала

Тұрғызамыз қар қала.


Кешен №21

Бұлт

Ақсың, сұрсың қарасың
Қалқып қайда барасың?
Жерге нөсер төгілсін
Өссін гүлдер, көп егін.
Гүл, гүл жайнап өсер көп
Нөсерлетсең нөсерлет.


Кешен №22

Көлікке мінгенде

Қаламызда қырандай,
Самғар көлік табылар.
Троллейбус пен трамвай,
Автобустар тағы бар.
Автобусқа асығып,
Жолды кесіп өтпеймін.
Доп тепкендей асырып,
Бос қалбырды теппеймін.
Жол шетіне трамвай
Келе алмайды күтсең де.
Болу керек тым абай,
Мінгенде не түскенде.

Кешен №23

Телефон

Сылдыр етті телефон:

-Бұл кім?

-Піл.

-Өзің кімсің,бұл қайдан?

-Түйеден.

-Сізге не керек?

-Керек еді шоколад.

-Кімге?

-Менің балама.

-Көп керек пе?

-Азырақ,

Бес-алты пұт жетеді,

Керек емес ондай көп,

Одан артық жей алмайды,

Балам әлі өскен жоқ.


Кешен №24

Мамандықтың бәрі жақсы

Біз ұшқыш та, ғарышкер,
Батыл жандар намыскер,
Көк күмбезін құшамыз,
Ғарышқа да ұшамыз.

 Біз дәрігер, дәрігер,
Ауруды емдеп жазамыз.
Науқас келсе, әбігер,
Боламыз да қаламыз.

Біз мұғалім, ұстазбыз,
Игі істерге құштармыз.
Білім беріп шәкіртке,
Шақырамыз тәртіпке

Кешен №25

Тұсау кесер

Тұсауыңды кесейін

Өсіп келесің құлыным,

Тұсауыңды кесейін.

Тәтті сондай қылығың

Ала жібіңді есейін.

Қаз тұрған қалпыңнан,

Тәй – тәй басып кетесің.

Буының бекіп нық басып,

Мұратыңа да жетерсің.



Кешен №26

Қолғап (Ә.Дүйсенбиев)

Жоғалыпты қолғабым,

Тыз-тыз етті қолдарым,

Сорып аяз тастады,

Естен кетпес тоңғаным.

Қолғаптық жіп шығарып,

Тоқыды әжем біз алып.

Мен отырмын ұяттан

Тоңғандай боп, қызарып.


Кешен №27




Кешен №28

Көктемде

Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.


Кешен №29

Гүлім

Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп

Кешен №30

Нан

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспандар.

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастандар.


Кешен №31

Көбелектер

Гүлдер, гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Ақ қанатты көбелек,

Ауламыздан кетпесін.

Көбелек-ау, көбелек,

Ауламызға келе кет.


Кешен №32

Көмек (Е.Ашықбаев)

Таза ұстаймын үйімді,

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!