400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Апталық қорытынды есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану –математика пәндері циклінің «Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану - ЖМБ сабақтарында оқушы-спортшылардың білім сапасын арттырудың кепілі» тақырыбында онкүндігі өтті. Мақсаты: білім алушылардың жаратылыстану-математикалық цикл пәндеріне, шындыққа және өзін-өзі тануға қызығушылығын арттыру, жеке, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, белгілі бір пәнді тереңдетіп оқуға ұмтылуға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп- интернат-колледжі» КММ

2022-2023 оқу жылы өткен


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ –МАТЕМАТИКА ПӘНДЕР ЦИКЛІ ОНКҮНДІГІНІҢ САРАПТАМАСЫ


М ектебімізде 6–16-ақпан аралығында жаратылыстану –математика пәндері циклінің «Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану - ЖМБ сабақтарында оқушы-спортшылардың білім сапасын арттырудың кепілі» тақырыбында онкүндігі өтті. Мақсаты: білім алушылардың жаратылыстану-математикалық цикл пәндеріне, шындыққа және өзін-өзі тануға қызығушылығын арттыру, жеке, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, белгілі бір пәнді тереңдетіп оқуға ұмтылуға дағдыландыру.

ЖМБ пәндер бірлестігінің әдістемелік отырысында онкүндіктің тақырыбы, мақсаты, жоспары қаралып талданды және бекітілді.

06-ақпан – білім алушыларды онкүндік жоспарымен таныстыру шарасы жүзеге асырылды.

06-07 ақпан аралығында 7-10 сынып оқушылары жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына (математика, физика, химия, биология, география) қатысып, жеңімпаз болып жүлделі орындар иеленді.

Аты-жөні

Сыныбы

Нәтижесі

1

Құмарбеков Шыңғыс

ІІ дәрежелі диплом

2

Нұрлыбекұлы Бекжан

ІІ дәрежелі диплом

3

Сарқытбаева Алина

8ак

ІІ дәрежелі диплом

4

Семейханова Малика

8ак

ІІ дәрежелі диплом

5

Насипбеков Жанболат

8бк

ІІ дәрежелі диплом

6

Қадыров Расул

9ак

ІІ дәрежелі диплом

7

Советханов Еркебұлан

9ак

ІІІ дәрежелі диплом

8

Мұратқан Елнұр

9ак

ІІІ дәрежелі диплом

9

Құмарханов Темирлан

9бк

ІІІ дәрежелі диплом

10

Мұратов Талант

9бк

ІІІ дәрежелі диплом

11

Журсунова Саида

9бк

ІІІ дәрежелі диплом

12

Кадирбаева Аяжан

10ак

ІІ дәрежелі диплом

13

Күмісбек Жаннұр

10ак

ІІ дәрежелі диплом

14

Иманхан Ерхан

10бк

ІІ дәрежелі диплом

15

Қойшығали Нұрай

10бк

ІІ дәрежелі диплом

07-ақпан - «Функцияның экстремум нүктелері» тақырыбына алгебра пәнінен ашық сабақ 10АК сыныбында өтті. Пән мұғалімі педагог-зерттеуші Кайракбаева Г.К оқушыларды топқа бөлуде Castlots, білімді меңгертуде tarsia, nearpod, кері байланыс жасау кезінде padlet платформаларын өте тиімді қолданды. Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысты.Әріптестері сабақты өте жақсы деп бағалады.










Постер қорғау

09-ақпан - «Қазына іздеу» квест-ойыны 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: практикалық тапсырмаларды орындау үшін логикалық ойлауды, қиялды, сөйлеуді дамытуға, дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау. Ойынға әр сыныптан 4 оқушыдан қатысты. Құрылған топ әр білім бекетіне барып арқылы орындап Әр команда станцияның саяхат жоспары мен бағалау парағын көрсететін өзінің маршруттық парағы бойынша өз станцияларына барып пән мұғалімдері әзірлеген тапсырмаларды жылдам және дұрыс орындай отырып ұпай жинады. Ойынға оқушылар қызығушылықпен, өте белсенді қатысты. Нәтижесінде 7к сыныбынан құрылған топ І орын, 8ак сыныбынан құрылған топ ІІІ орын алып мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

09-ақпан - 8АК сыныбында «Токтың жұмысы мен қуаты» тақырыбына физика пәнінен педагог- модератор Бытыкова А.М ашық сабақ өткізді. Өткен материалды jouteka.com квест-ойыны түрінде орындатып, сабақ барысында теорияны практикамен ұштастыра білді. Сараланған тапсырмаларды оқушыларды оқушылар тақтада және орындарында отырып орындады.Оқушыларды бағалауда nearpod платформасында тест жұмысын орындатып, жинаған ұпайлары бойынша өз-өздеріне шкала бойынша бағалатты. Сабақты әріптестері жақсы деп бағалады.











Жұптық жұмыс Ток тізбегін жалғау

  • 9АК сыныбында «Келтіру формулалары» тақырыбына алгебра пәнінен педагог- модератор Каликанова А.А ашық сабақ өткізді.Сәйкестендіру тест жұмысын топтар арасында орындатып, деңгейлік тапсырмаларды оқушылар тақтаға орындады.сабақ барысында сергіту сәті жасалып, оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын назарда ұстады.

Алгебра. 9ак сынып.


10-ақпан- "Жекпе-жек" спорт сарайында "Нұрорда" мектеп-лицейі мен "Білім-инновация" лицей мекемелерінің ұйымдастыруларымен БІЛІМ КӨРМЕСІ өтті. "Өркениет пен ізгілік бастауы - білімде" тақырыбында өткен білім көрмесін тамашалауға мектебіміздің 10 бк, 11к сынып окушылары барды. Жаратылыстану-математика бағытындағы көрме жұмыстары оқушылардың танымын кеңейтіп, қызығушылықтарын арттырды.

ДНК құрылымы Крахмалды анықтау

- Осы күні «Саралау тәсілдерін қолданып тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында шебер сынып әдістемелік бірлестік мүшелері арасында өтті. Бірлестік жетекшісі Мамырбекова Н.З сыныптағы жұмысты саралаудың кең тараған жеті тәсілін тәжірибе түрінде жасатып талдады.

Шебер сынып


15-ақпан - 7К сыныбында «Периодтық кестенің құрылымы» тақырыбына химия пәнінен ашық сабақ педагог-зерттеуші Ислямова Г.Т өткізді. «Ерекше елді мекен» туралы әңгімелей отырып оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын айтқызып, мақсатын бірге анықтата білді.Жылдамдыққа бағытталған саралау тәсілімен тапсырмалар орындатты. Оқушылар білімін тексеріп, өздеріне бағалатуда zipcrade платформасын сәтті қолданды.

Химия. 7к сынып


13-16 ақпан - 7-11 сыныптар арасында “ХХХІ қысқы Универсиада” тақырыбында бейнеролик байқауын информатика пәні мұғалімдері Қабылшай Б., Бейсенова Д.Д. өткізді.

Сайыстың мақсаты – білім алушыларды тартымды бейнеролик жасау үшін шығармашылық іс-әрекетке баулу, ХХХІ қысқы Универсиаданың отандық спортшыларын білу. Байқау жұмыстарының түрлері:

- 9-11 сыныптарға арналған бейнеролик;

- Слайд-шоу 7 - 8 сыныптар

Бейнематериалға қойылатын талаптар:

1. Бейнероликтің мазмұны байқау тақырыбына сәйкес болуы керек;

2.Ұзақтығы – 1 – 3 минуттан аспайды;

3. Түсіру үшін кез келген жабдықты қолдануға болады: бейнекамера, камера, ұялы телефон.

4. Бейнематериалдар DVD, CD – дискілерде немесе флеш-карталарда, AVI, MP4 форматында ұсынылуы тиіс.

5. Бейнематериалда бейне, мәтін, суреттер, дауыс, музыка қолдануға болады.

Жеңімпаздар 10 ак сыныбы II дәрежелі, 10 ак сыныбы IIІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау қорытындысы 2023 жылдың 16 ақпанында мектептің Instagram желісінде жарияланды.

15-ақпан -9АК, 9БК сыныптары арасында «Үздік жас информатик» интеллектуалды ойынды пән мұғалімі педагог-модератор Қабылшай Б өткізді. Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру мақсатында өткізген сыныптан тыс жұмыс бес кезеңнен тұрды және сандық ресурстар өте тиімді қолданылды.









Топ аралық сайыс Жеңімпаздар


8-16 ақпан аралығында- 9-11сынып оқушылары арасында «Мен ЖМЦ пәндерін жақсы көремін» селфи байқауын информатика пәнінің мұғалімдері Бейсенова Д.Д., Қабылшай Б ұйымдастырды. Байқау 3 кезеңнен тұрды:

- 06-10 ақпан аралығында байқауға фотосуретті қабылдау;

- 13 ақпанында мектеп-интернат колледжінің Instagram желісінде жариялау үшін фотосуретті таңдау;

- 14 ақпаны мен 16 ақпан аралығындағы лайктар жинағы. Байқау қорытындысы бойынша әр номинация бойынша ең көп лайк жинаған 10бк сыныбы-І орын,10ак сыныбы-ІІ орын иеленді.

16- ақпан – мектеп дәлізінде онкүндік қорытындыланып, белсене қатысқан оқушылар бағалы сыйлақтармен марапатталады.








Бірлесе көтерген жүк жеңіл!

ЖМБ әдістемелік пән бірлестігінің жетекшісі: Н.З.Мамырбекова.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
08.02.2025
319
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі