400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Апталық тақырып: « Мамандықтың бәрі жақсы»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:___________

№28 «Ақбота» бөбекжай -

балабақшасы меңгерушісі: Б.Жолболды


ЦИКЛОГРАММА

(12-16ақпан, 2018 ж.)

Ортанғы «Балауса» тобы

Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»

Апталық тақырып: « Мамандықтың бәрі жақсы»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

12.02.2018ж

Сейсенбі

13.02.2018ж

Сәрсенбі

14.02.2018ж

Бейсенбі

15.02.2018ж

Жұма

16.02.2018ж






Балаларды қабылдау


07.30-

8.30

«Сәлеметсің бе, балабақша!» Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Сәлемдесу.

Дене қызуларын мен тазалығын тексеру

Дене шынықтыру шаралары. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау.

Сәлемдесу.

. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру

Суретті кітапшалар тамашалау

. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Сәлемдесу.

. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру

. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Сәлемдесу. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру

Құрастырмалы ойыншықтармен ойын.







Ата – аналармен әңгімелесу



Балалармен балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу;

«Балаларды өздерінің достарымен ойын барысында тату ойнау керектігі жөнінде» әңгімелесу.

Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу;


Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу

Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу;







Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )

Шөре – шөре №8

Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.

Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.

Ойын шарты: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен жалғастырады.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым қайдасың?

Шөре – шөре деп ешкіні шақырады.

Қамбар ата өсірген,

Құла атым қайдасың?

Құрау – құрау - деп жылқыны шақырады.

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

Ауқау – ауқау – деп - сиырды шақырады.

Ойсыл қара баласы,

Ботақаным қайдасың?

Көс – көс деп түйені шақырады.

Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.


Кел, ойнайық! №15

Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.

Ойын шарты: Тәрбиеші баладан 2 – 3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастырып, айтады: «Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті.Оларды бізбен ойнауға шақырайық.Олар бізді есту үшін қатты: «Аю, кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге ойнайды. балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты шақырғанын қадағалау болып табылады




Ақшақар№2

Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.

Ойын шарты: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.


Кім алғыр? №11

Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.

Ойын шарты: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда» :


Сыңғыр - сыңғыр№12


Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.

Қажетті құралдар: Қоңырау.

Ойын шарты: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.






Таңертеңгі жаттығу


Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. . «Йога» екі қолын созып біреуге құшағын ашқандай болды бұл қалыпта Йога өзін жұлдыз болып елестетеді екен .

Кешен №

Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау «Қара жорға» әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Кешен №


Аэробика әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені.

Жалпы дамыту жаттығулары

Кешен №


Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені.


Кешен №


Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау

«Қара жорға» әуенімен таңертеңгілік жаттығулар

Кешен №







Таңғы ас

8.30-09.00

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйрету

АС ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету

Дастархан басында сөйлейге болмайтынын айту

Ас ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға баулу

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйрету

АС ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету

Дастархан басында сөйлейге болмайтынын айту





Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық

09.00-

09.15

Ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Шапшаң қимылдап,қажет құралдарды ажырата білу

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Шарты: Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).


5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Мақсаты:ойлау қабілеттерін арттыру.

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз) Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында, Кімді айттым ойымда? (Диқан)

«Жаңылтпаштар»

Мақсаты: балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.

шарты: тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.




Ойын: «Сөз қос»

мақсаты: сөзге сөз қосып,сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін,шапшаң ойлауын дамыту.

шарты: балаларды екі топқа бөлік өткізуге болады.Тәрбиеші сөз айтады,балалар сөзге сөз қосып,сөйлем құрайды.

Дидактикалық ойын:«Кім жылдам?»

Мақсаты: Шапшаң қимылдап,қажет құралдарды ажырата білу

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Шарты: Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).






Ұйымдастырылған оқу қызметтері

09.15-10:15

1.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»

(сурет бойынша әңгіме)

Мақсаты: Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындай алады.

Дид-қ ойын: «Кімнің құралы?»

Көрнекілігі:компьютер, ,слайд,дәрігер, дүкенші, шаштараз, тігінші, аспазшы құралдары.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап алу,түсіндіру,көрсету,ойнату,бақылау,

Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, шаштараз
Қостілдік компонент: Тігінші – портниха, құрылысшы-строитель,дәрігер – врач, шаштараз – парихмакер, мамандық- профессия
Технология:тәй-тәй,

«ақпараттық технологиясы» Интеграция: «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық».

Серіту сәті. Әуенді қою. Балалар ілесіп айтады,жасайды.

Барысы: « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей »

« Еңбек – ер атандырады » « Еңбек – түбі береке »

« Еңбекпен ел көгерер, жаңбырмен жер

көгерер »

« Еңбектің наны татті, жалқаудың жаны тәтті »

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Мамандық иелерін ажыратуды;

меңгереді: Сұраққа дұрыс жауапберуді, Берген тапсырманы дұрыс орындауы.

2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу. 50см. жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру.Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Қимылды ойын:

«Хат тасушы»

Спорттық ойын: «Көңілді ойындар еліне саяхат»

3. Сурет

Тақырыбы:

«Жедел жәрдем көлігі» Мақсаты: автокөліктің құрылымымен танысу.Жедел жәрдем көлігін салу, оның ерекшеліктерін айқындау. Үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып салуды үйрету.

Дидактикалық ойын: «Көлікті жина»

Көрнекілігі:компьютер, ,слайд,дәрігер, жедел жәрдем көлігі, «жедел жәрдем көлігі» мультфильмін көрсету.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап алу,түсіндіру,көрсету,ойнату,бақылау, Қостілділік: дәрігер – врач, мамандық –профессия жедел жәрдем көлігі-скорой помощи
Технология:тәй-тәй,«ақпараттық технологиясы» Интеграция: «Денсаулық», «Таным», «коммуникация».

Серіту сәті. Әуенді қою. Балалар ілесіп айтады,жасайды.

Барысы: «жедел жәрдем көлігі» мультфильмін көрсету. Үлгі сурет бойынша түсінік беру. Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: автокөліктің құрылымын меңгереді: Үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып салуды

1.Жаратылыстану

Тақырыбы:

«Мен құрылысшы боламын»

Мақсаты: Ересектердің еңбегін бағалай білуге,ересектерге сыйластықпен қарым қатынас жасауға қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Дид-қ ойын: «Әсем үйлер»

Көрнекілігі:компьютер, ,слайд,дәрігер, дүкенші, шаштараз, тігінші, аспазшы құралдары.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап алу,түсіндіру,көрсету,ойнату,бақылау, Қостілділік: құрылысшы-строитель,тігінші – портниха, дәрігер – врач, шаштараз – парихмакер, мамандық –профессия
Технология:тәй-тәй,

«ақпараттық технологиясы» Интеграция: «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық».

Серіту сәті. Әуенді қою. Балалар ілесіп айтады,жасайды.

Барысы:

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Мамандық иелерін ажыратуды;

меңгереді: Сұраққа дұрыс жауапберуді, Берген тапсырманы дұрыс орындауы.

2.Орыс тілі

Тема: «Все работы хороши, все профессии важны»

Цель: Обучение слушанию, пониманию и пересказу коротких рассказов.

Формировать умение составлять рассказ с помощью мнемотаблицы;Развивать связную речь, наблюдательность, сообразительность

Расширить познавательный интерес к профессиям.

Дид-я игра: «Поставь у гаража транспорт такого же цвета»

Көрнекілігі:компьютер, ,слайд,дәрігер, дүкенші, шаштараз, тігінші, аспазшы құралдары.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап алу,түсіндіру,көрсету,ойнату,бақылау, Қостілділік: строитель -құрылысшы, портниха -тігінші , врач- дәрігер , парихмакер- шаштараз профессия- мамандық
Технология:тәй-тәй,

«ақпараттық технологиясы» Интеграция: «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық».

Серіту сәті. Әуенді қою. Балалар ілесіп айтады,жасайды.

Барысы:

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Мамандық иелерін ажыратуды;

меңгереді: Сұраққа дұрыс жауапберуді,


1.Экология негіздері

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты:Барлық мамандық иелерінің еңбектерін қадірлеуге тәрбиелеу.Мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру. Дид-қ ойын: «Қандай мамандық иесі?»

Керекті құралдар: Мамандық иелері туралы суреттер, құралдар,

Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, шаштараз
Қостілдік компонент: Тігінші – портниха, дәрігер – врач, шаштараз – парихмакер, мамандық –профессия
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап алу,түсіндіру,көрсету,

Серіту сәті. Әуенді қою. Балалар ілесіп айтады,жасайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:
Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек
Нені игереді: Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді
Нені біледі: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі



2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

Допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу. Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру. 50см. жоғары көтерілген доғаның астынанта оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру

Қимылды ойын: «Өрт сөндірушілер»




1.Драма

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас, адамгершілік нормалары мен түсініктері нормаларын бағлау дағдыларын қалыптастыру

Дид-қ ойын: «Дәрігер Айболит» Керекті құралдар: Мамандық иелері туралы суреттер, құралдар,

Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, шаштараз
Қостілдік компонент: Тігінші – портниха, дәрігер – врач, құрылысшы-строитель,шаштараз – парихмакер, мамандық –профессия
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап алу,түсіндіру,көрсету,

Серіту сәті. Әуенді қою. Балалар ілесіп айтады,жасайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:
Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек
Нені игереді: Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді
Нені біледі:  Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі



2.ҚМҰҚ



Тақырыбы: «Құрылысшының құралы»(көлем)

Мақсаты:Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтау және тану дағдыларын қалыптастыру: таңертең,

күндіз, кеш, күндер: бүгін, кеше, ертең ұғымдарын атайды.

Дид-қ ойын: «Біз үй саламыз»

3. Музыка

Тақырыбы: «Кім болам?»

Мақсаты: Әр түрлі мамандықтарға құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Фразалар арасында тыныс алу, музыка жанрларын ажырата білуге үйрету.

Әуенді ырғақты қимыл:

«Теңізшілер биі»

Музыка тыңдау: «Әнші болғым келеді» Ғ.Дауылбаева

Ән айту: «Менің әжем әдемі» А.Еспенбетова

Ойын ойнау: «Сап түзеу» қимылды ойын




1.Аппликация

Тақырыбы: Тақырыбы: «Жол белгілері» Мақсаты: Жол ережелерін сақтау, қауіпсіз өту жолымен таныстыру. Желіммен ұқыпты жұмыс жасауға жаттықтыру. Ойынға арналған жол белгілерін өз беттерінше жасауларын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: «қандай белгі екенін тап»

Көрнекілігі:компьютер, ,слайд, жүргізуші, «бағдаршам»мульт-фильмін көрсету.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап алу,түсіндіру,көрсету,ойнату, Қостілділік: жүргізуші-водитель,мамандық –профессия ,
Технология:тәй-тәй,«ақпараттық технологиясы» Интеграция: «Денсаулық», «Таным», «коммуникация».

Серіту сәті. Әуенді қою. Балалар ілесіп айтады,жасайды.

Барысы: «бағдаршам» мультфильмін көрсету. Үлгі сурет бойынша түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жол ережелерін сақтау, қауіпсіз өту жолымен жүру

меңгереді: Үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып ,жол белгілерін өз беттерінше жасауларын қалыптастыру.



2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

Допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу. 50см. жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Қимылды ойын: «Ұшқыштар»







Серуенге дайындық


10.15-10:30

Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.






Серуендеу бақылау,еңбек,қимылды ойындар.


10:30-

12.10


№ 15 Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау.

 Мақсаты:  Балаларға ауа райының  жағдайын байқап, белгілеуді  ұсыну. Қатты желге  назар аудару. Қатты жел әсіресе  ақпан айында  жиі болады,

ұйтқыған  боран мен бұрқасын борандарда қар бір жердең бір жерге жөңікіліп жүреді.


Қимылды ойын: «Үшінші артық»

Мақсаты:Шапшандыққа баулу.

 Еңбек:Ауланы қардан тазалау.

Мақсаты: күректі пайдалана білуге үйрету.


Қимылды ойын: Денені тік ұстап, жатығуларды дұрыс білу.


№ 17 Қыстың негізгі белгілерін бақылау.


Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..

                                     (Жақан Смаков)

Қимылды ойын: «Аяз»

Мақсаты тез жүгіруге жаттықтыру.

Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.

Жорамал:

Түтін будақтап шықса, аяз болады.







№ 18 Қала көшелерін бақылау

 Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін анықтап, толықтыру.

Сұрақтар:

Көшедегі үйлер қандай?

Көшедегі көліктер бір бағытта жүре ме, әлде екі бағытта жүре ме?

Жүргіншілер қайда, қандай жолмен жүрулері керек?

 Қимылды ойын: «Жанады жанбайды» ойыны.

Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру.

Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға, істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: мұздың үстімен сырғанай білу.

№ 21 Құстарды бақылау.


Мақсаты: қыстайтын, алаңға келетін құстардың аттарын анықтау. Олардың сыртқы бейнесін, қандай жемді жақсы көретінін, қалай тұрып, қалай жүретіндерін анықтау.

Балаларды байқағыштыққа, құстарға жанашыр болуға тәрбиелеу.


Көркем сөз:

Мың торғай қамаса қораға,

Бір торғай тұрмайды...

Бір торғай тұрмайтын қораға

Мың торғай тұрмайды.

Қимылды ойындар: «Ұядағы құстар»





№22  Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

 Мақсаты: ауа райын бақылау. Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.

1. Суық па, жылы ма?

2.Күн желді ме, жоқ па?

бақылаған ауа райының жайын күнтізбеге белгілеу керектігін естеріне салу.

 Қимылды ойын: «Арқан тарту!»

Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.

Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.

Мақсаты: балаларды өздерінен кішілерге қамқоршы болуға тәрбиелеу.






Серуеннен оралу

12:10-12:30

Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау






Түскі ас

12:30-

13:10

Асқа отырғызу. Балаларға ас ішу ережесін сақтауды дағдыландыру

Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру

Асқа отырғызу. Асты ұқыпты жеуге дағдыландыру


Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау;

Сөздік материалдарды қолданып, тамақ ішу ережелерін сақтауға баулу.






Түскі ұйқы

13.10-

15.20

Астан кейін ауыз қуыстарын шайғызу,беті-қолдарын жуғыздыру; ұйқыға жатқызу, жағымды әуен қою.

Астан кейін балаларды жуындырып ұйқыға жатқызу, жағымды әуен қою.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Баяу қарқынмен ертегі тыңдату.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды әуен қою.

Астан кейін балаларды жуындырып ұйқыға жатқызу ,жағымды әуен қою.






Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары

15 20-

15.40

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру

«Қайық» - Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу.


«Кемпірқосақ» - Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау.



«Созылу» - Төсекте аяқтары бірге, қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу.


«Тышқандар» - Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу







Бесін ас

15.40-

16.00

Асқа отырғызу,ұқыпты жеуге дағдыландыру

Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру

Асқа отырғызу. Асты ұқыпты жеуге дағдыландыру


Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру

Асқа отырғызу. Асты ұқыпты жеуге дағдыландыру







Ойындар, дербес әрекет



16 .00-16.30


Балабақшадағы ойыншықтармен ойнату, балалардың бір- бірімен ауызша қарым - қатынас жасауына ықпал ету

«Мақал мәтелдер»

Мақсаты: Айтылған мақал- мәтелді қайталап айтып беруге дағдыландыру.

Жұмбақтар:

 Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді,

«Қарап ал маңдайға!» - дейді                                                     (Бағдаршам)


Көркем сөз:

Мың торғай қамаса қораға,

Бір торғай тұрмайды...

Бір торғай тұрмайтын қораға

Мың торғай тұрмайды.

Қимылды ойындар: «Ұядағы құстар»


Көркем сөз:

Далада қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз тоймайды қарасаң.







Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс: Омар,Мирас ,Айару

Мақсаты:Тіл байлығын дамыту. Мамандық иелерінің қызметтері туралы әңгімелесу


Жеке баламен жұмыс: Ақбота, Алинұр,Омар

Мақсаты:сөздік қорын байыту

құрылысшы-строитель,тігінші – портниха, дәрігер – врач, шаштараз – парихмакер, мамандық –профессия

Жеке баламен жұмыс: Айзере,Нұрбақыт,ЖанияМақсаты :Жатқа айта білу дағдысын қалыптастыру

Дәрігер:

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең» деймін.

Вариативтік компонент:

«Я чудо»

Вариативтік компонент:

«бүлдіршіндердің шығармашылығын арттыру»


Қимылды ойын:

«Аю мен аралар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Қимылды ойын: «Аққу-қаздар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері










Серуенге дайындық



16:30-16:50

Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.

Балабақша ауласына серуен.

Балалармен әңгімелесу.

Балаларды киінгенде

киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.

Балабақша ауласына серуен.

Балалармен әңгімелесу.

Балаларды киінгенде түймеле рін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, дұрыстай білулерін қадағалау.






Серуен,

қимылды ойындар

16:50-17:40

Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту).
Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады.

Күн мен жаңбыр.
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді

Допты қуып жет.
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.




Кішкене өзен арқылы.
Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.



Поезд.
Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. поез бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды






Кешкілік.

Үйлеріне қайтару

17:40-18:00

Ата-аналарға кеңес:

«Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру».

Психологтің кеңесі: мысалы: «Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес:«Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы».

«мамандық иелері» тақырыбына сурет көрмесін ұйымдастыру.







Тексерілді:________________Әдіскер: Альменова Ж

Тәрбиеші: Бозғұлбаева Қ



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
3673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі