400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Апталық тақырып: «Аялайық гүлдерді»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:___________

№28 «Ақбота» бөбекжай -

балабақшасы меңгерушісі: Б.Жолболды


ЦИКЛОГРАММА

(26-30 наурыз, 2018 ж.)

Ортанғы «Балауса» тобы

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Апталық тақырып: «Аялайық гүлдерді»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

26.03.2018ж

Сейсенбі

27.03.2018ж

Сәрсенбі

28.03.2018ж

Бейсенбі

29.03.2018ж

Жұма

30.03.2018ж






Балаларды қабылдау


07.30-

8.30

«Сәлеметсің бе, балабақша!» Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Дене қызуларын мен тазалығын тексеру

Дене шынықтыру шаралары. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау.







Ата – аналармен әңгімелесу



Балалармен балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу;

«Балаларды өздерінің достарымен ойын барысында тату ойнау керектігі жөнінде» әңгімелесу.







Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )

Шөре – шөре №8

Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.

Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.

Ойын шарты: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен жалғастырады.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым қайдасың?

Шөре – шөре деп ешкіні шақырады.

Қамбар ата өсірген,

Құла атым қайдасың?

Құрау – құрау - деп жылқыны шақырады.

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

Ауқау – ауқау – деп - сиырды шақырады.

Ойсыл қара баласы,

Ботақаным қайдасың?

Көс – көс деп түйені шақырады.

Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.


Кел, ойнайық! №15

Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.

Ойын шарты: Тәрбиеші баладан 2 – 3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастырып, айтады: «Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті.Оларды бізбен ойнауға шақырайық.Олар бізді есту үшін қатты: «Аю, кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге ойнайды. балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты шақырғанын қадағалау болып табылады




Күш сынаспақ


Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.




Арқан тарту.


Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады

Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.

Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.



Тауық күрес.


Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады.







Таңертеңгі жаттығу


Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені.

Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау «Қара жорға» әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Кешен №







Таңғы ас

8.30-09.00

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйрету

АС ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету

Дастархан басында сөйлейге болмайтынын айту








Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық

09.00-

09.15

Ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Шапшаң қимылдап,қажет құралдарды ажырата білу

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Шарты: Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).


«Жаңылтпаштар»

Мақсаты: балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.

шарты: тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.


«Қатты-ақырын-сыбырлап»

Мақсаты: Балаларға қатты,сыбырлап, ақырын сөйлеуге үйрету.

Ойын барысы: Ойынға 3-5 бала қатысады: тәрбиеші балаларға бір сөзді айтады: оны балалар қатты дауыспен,ақырын дауыспен және сыбырлап айтуы керек




«Тез-ақырын»

Мақсаты:Балаларға тақпақтарды,жаңылтпаштарды тез жән ақырын айтуға үйрету.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға бір сөзді,тақпақты немесе жаңылтпашты айтады. Балалар соны тез және ақырын қайталап айтуы керек.




«Шарды үрле» Мақсаты: Балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары: шарлар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға шар таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.









Ұйымдастырылған оқу қызметтері

09.15-10:15

1.Сөйлеуді дамыту

«Қызғалдақ» өлеңі Р.Тышқанбаев.

Мақсаты: Есту зейінін және тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру. «Ғ», «Қ»дыбыстарын анық айтуға дағдыландыру.

Дид.ойын: «Гүлді тап»

Көрнекілігі: сөйлейтін қоян, үнтаспа. гүлдер суреттері

Әдіс-тәсілі:түсіндіру, көрсету.

Технология: ақпараттық

Интеграция: шығармашылық, әлеумет

Қостілділік: гүл-цветок,қызғалдақ-тюльпан.Барысы: Ең алдымен тыныс алу жаттығуын жасайық

Шар үрлеу фу-фу-фу

Шардан жел шығару с-с-с-с

Шар жарылды пах-пах-пах

"Сөзді жалғастыр".

Қып-қып-қып ....... қызыл

Лап-лап-лап .........жалындап

Ше-ше-ше .............кілемше

Тып-тып-тып ........құлпыртып



Сергіту сәті:Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Есту зейінін және тілдегі дыбыстарды дұрыс айту

Меңгереді: «Ғ», «Қ»дыбыстарын анық айтуға дағдыландыру.

2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру(3,5-6,5м.кем емес). жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Қимылды ойын: «Қызғалдақтар»

3. Сурет салу

Тақырыбы:

«Алғашқы бәйшешектер»

Мақсаты:Заттардың үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып салады.

Дид-қ ойын: «Бәйшешек алаңы»

Көрнекілігі: слайд суреттер,сөйлейтін қоян, үнтаспа.

Әдіс-тәсілі:түсіндіру, көрсету.

Технология: ақпараттық

Интеграция: коммуникация, әлеумет

Қостілділік: гүл-цветок,бәйшешек-подснежники

Сергіту сәті:Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бәйшешек туралы біледі;Меңгереді: Заттардың үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып салуды.

1.Жаратылыстану

Тақырыбы:

«Өсімдіктер әлемі»

Мақсаты:Көктем мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі туралы, орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру.

Дид-қ ойын: «Айырмашылығын тап»

Көрнекілігі:слайд суреттер, сөйлейтін қоян, үнтаспа.

Әдіс-тәсілі:түсіндіру, көрсету.

Технология: ақпараттық

Интеграция: шығармашылық, әлеумет

Қостілділік: гүл-цветок,қызғалдақ-тюльпан. бәйшешек-подснежники

Барысы: Көктем мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі туралы, орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы түсінік беру.



Сергіту сәті:Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көктем мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі туралы

Меңгереді:. орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру.



2. Музыка

Тақырыбы: «Гүлдер бағы»

Мақсаты: Талғампаздыққа, әсемдікке құштарлыққа тәрбиелеу. Әсем қозғалуға, тербелу, айналу қимылдарын еркін жасауға үйрету.

Әуенді ырғақты қимыл:

«Алқызыл гүл»

(Ертегі желісінен)

Музыка тыңдау: «Шалғындағы бақ-бақ» Т.Қоңыратбаев

Ән айту: «Күнбағыс» Р.Құрмашева («Зерек-Ботақан» жинағынан)

Ойын ойнау: «Кім көп гүл шоғын жинайды?» ойыны

1. Құрастыру

Тақырыбы: «Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер»

Мақсаты:Қағаздан

«оригами» типі бойынша гүлдер құрастыру.

Дид-қ ойын: «Әдемі гүл»

Көрнекілігі: сөйлейтін қоян, үнтаспа. гүлдер суреттері

Әдіс-тәсілі:түсіндіру, көрсету.

Технология: ақпараттық

Интеграция: шығармашылық, әлеумет

Қостілділік: гүл-цветок,қызғалдақ-тюльпан. бәйшешек-подснежники Барысы: Ең алдымен тыныс алу жаттығуын жасайық. Қағаздан «оригами» типі бойынша гүлдер құрастыру

Сергіту сәті:Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: гүлдің түрлерін біледі;

Меңгереді: Қағаздан«оригами» типі бойынша гүлдер құрастыруды



2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

2.Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу. Допты жерге ұру.Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу.

Қимылды ойын: «Егінші мен егін»




1.Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Бақшадағы гүлдер»

Мақсаты: Әңгімелерді тыңдайды, мазмұндап бере алады, өлеңдерді жатқа айтады.

Дид-қ ойын: «Гүлдерді ата»

Көрнекілігі: слайд,сөйлейтін қоян, үнтаспа. гүлдер суреттері

Әдіс-тәсілі:түсіндіру, көрсету.

Технология: ақпараттық

Интеграция: шығармашылық, әлеумет

Қостілділік: гүл-цветок,қызғалдақ-тюльпан.Барысы: Бақша гүлдері туралы слайд көрсете отырып түсінік беру.

Сергіту сәті:Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Әңгімелерді тыңдай біледі;, мазмұндап бере алады,

Меңгереді: өлеңдерді жатқа айтуды.



2.ҚМҰҚ

Тақырыбы:

«Көрікті гүлзар»

Мақсаты: Жасалған әрекеттердің көмегімен түрлі мәселелерді шешудің әдістерін табады.

Дид-қ ойын: «Гүлдерді түсіне қарай жина»

Көрнекілігі: сөйлейтін қоян, үнтаспа. гүлдер суреттері, слайд

Әдіс-тәсілі:түсіндіру, көрсету.

Технология: ақпараттық

Интеграция: шығармашылық, әлеумет

Қостілділік: гүл-цветок,қызғалдақ-тюльпан. бәйшешек-подснежники

Сергіту сәті:Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Әңгімелерді тыңдай біледі;, мазмұндап бере алады,

Меңгереді: Жасалған әрекеттердің көмегімен түрлі мәселелерді шешудің әдістерін



3. Музыка

Тақырыбы: «Гүлдер бағы»

Мақсаты: Талғампаздыққа, әсемдікке құштарлыққа тәрбиелеу. Әсем қозғалуға, тербелу, айналу қимылдарын еркін жасауға үйрету.

Әуенді ырғақты қимыл:

«Алқызыл гүл»

1.Мүсіндеу

Тақырыбы: «Түймедақ гүлі»

Мақсаты:Қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды.

Дид-қ ойын: «Гүлдер» Көрнекілігі: гүлдер туралы слайд суреттер,сөйлейтін қоян, үнтаспа.

Әдіс-тәсілі:түсіндіру, көрсету.

Технология: ақпараттық

Интеграция: коммуникация, әлеумет

Қостілділік: гүл-цветок,түймедақ гүлі-

Сергіту сәті:Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдай біледі;

Меңгереді: Заттардың үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып салуды

2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

3.Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу. Аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін алға, екіншісін артқа қойып секіру.Допты бір-біріне төменнен лақтыру.

Қимылды ойын: «Тастарды жинау»

Спорттық мереке: «Еңбек бәрін жеңбек»







Серуенге дайындық


10.15-10:30

Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.






Серуендеу бақылау,еңбек,қимылды ойындар.


10:30-

12.10


№ 15 Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау.

 Мақсаты:  Балаларға ауа райының  жағдайын байқап, белгілеуді  ұсыну. Қатты желге  назар аудару. Қатты жел әсіресе  ақпан айында  жиі болады,

ұйтқыған  боран мен бұрқасын борандарда қар бір жердең бір жерге жөңікіліп жүреді.


Қимылды ойын: «Үшінші артық»

Мақсаты:Шапшандыққа баулу.

 Еңбек:Ауланы қардан тазалау.

Мақсаты: күректі пайдалана білуге үйрету.


Қимылды ойын: Денені тік ұстап, жатығуларды дұрыс білу.


№ 17 Қыстың негізгі белгілерін бақылау.


Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..

                                     (Жақан Смаков)

Қимылды ойын: «Аяз»

Мақсаты тез жүгіруге жаттықтыру.

Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.

Жорамал:

Түтін будақтап шықса, аяз болады.







.Ересектердің бақшадағы еңбегін бақылау.

Бақылау:Балаларда көктемде топырақты дайындап, көкөніс егу науқаны басталатыны жайында түсінігін қалыптастыру.

Қимылды ойын: «Арқан тартыс»

Күш-жігерді дамыту,қарсыласын өз жағына тартуда шыдамдылық таныту.

Еңбек іс-әрекеті

Гүлзарға гүл отырғызу

Гүл отырғызатын орынды таңдап алып оны суару. Еңбек мәдениетін қалыптастыруды үйрету.(еңбек құралдарын қолданужұмыс орнын таза,ұқыпты ұстау).







«Желді бақылау»

Мақсаты: Жел туралы түсініктерін бекіту. Жел түрлерін есте сақтау.
Бақылау барысы: Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Ағаштарды шайқайды
Көзге көрінбейді
Шарлағанда сай – сайды
Бір сәт ерінбейді (Жел)
Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады.
Сұрақтар қояды:
Еңбек: Гүл өсіретін клумба алаңды дайындау.
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу

Қимылды ойын: «Кім жылдам»
Мақсаты: Жүгіруге жаттықтыру,

«Жәндіктерді бақылау»

Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.
Бақылау барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Гүлдердің нәрін жинайды
Адамға бал сыйлайды
Еңбекқорлы аялайды
Еріншекті аямайды. Бұл не? (Ара)
Тәрбиеші сұрақтары:
Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.
Мақсаты: Үлкендерге көмек беруге,
Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар»






Серуеннен оралу

12:10-12:30

Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау






Түскі ас

12:30-

13:10

Асқа отырғызу. Балаларға ас ішу ережесін сақтауды дағдыландыру

Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру






Түскі ұйқы

13.10-

15.20

Астан кейін ауыз қуыстарын шайғызу,беті-қолдарын жуғыздыру; ұйқыға жатқызу, жағымды әуен қою.

Астан кейін балаларды жуындырып ұйқыға жатқызу, жағымды әуен қою.






Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары

15 20-

15.40


Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру

«Қайық» - Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу.






Бесін ас

15.40-

16.00

Асқа отырғызу,ұқыпты жеуге дағдыландыру

Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру









Ойындар, дербес әрекет



16 .00-16.30


Балабақшадағы ойыншықтармен ойнату, балалардың бір- бірімен ауызша қарым - қатынас жасауына ықпал ету

«Мақал мәтелдер»

Мақсаты: Айтылған мақал- мәтелді қайталап айтып беруге дағдыландыру.


«Қуыршақтардың сыйлықтары» 

Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру. 
2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

«Дүкен»

Мақсаты: Сатушының рөлін ойнай білу біліктклікке үйрету

«Қандай ойыншық жоқ»

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту






Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс: Омар,Мирас ,Айару

Мақсаты:Тіл байлығын дамыту. Алғашқы бәйшешек туралы әңгімелесу,суретін салу.


Жеке баламен жұмыс: Ақбота, Алинұр,Омар

Мақсаты:сөздік қорын байыту

Көктем мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі туралы, орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы әңгімелесу.

Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты:

Қағаздан «оригами» типі бойынша гүлдер құрастыру


Вариативтік компонент:

«Я чудо»

Вариативтік компонент:

«бүлдіршіндердің шығармашылығын арттыру»


Қимылды ойын:

«Аю мен аралар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Қимылды ойын: «Аққу-қаздар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері










Серуенге дайындық



16:30-16:50

Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.

Балабақша ауласына серуен.

Балалармен әңгімелесу.









Серуен,

қимылды ойындар

16:50-17:40

Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту).
Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады.

Күн мен жаңбыр.
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді

Ақсерек-көксерек.


Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам.

  1. ші топ. Ойынды бастайды

Ақсрек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші Ақсерек –ау ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек


Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.



Асау мәстек


Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға

Былай дейді.

Ер екеніңді білейін

Ешкі сойып берейін

Тақия алсаң еңкейіп

Құламасаң теңкейіп

Ерлігіңе сенейін

Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала:

Асау мәстек бұл болса

Үйретейін көріңіз

Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.



Қыз –қуу


Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.








Кешкілік.

Үйлеріне қайтару

17:40-18:00

Ата-аналарға кеңес:

«Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру».

Психологтің кеңесі: мысалы: «Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Баланың бүгінгі жетістігі, бала денсаулығы мен тамағы жөнінде әңгімелесу.

Баланың бүгінгі жетістігі туралы әңгімелесу. Әдептілік сөздерді үйретуін ескерту.

Демалыс күндері күн тәртібін сақтауын ата-аналардан талап ету.







Тексерілді:________________Әдіскер: Альменова Ж

Тәрбиеші: Елеева Г.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
3877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі