жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Апталық тақырып: «Достық-біздің тірегіміз» (Халықтар достығы)»
Бекітемін:_____________
№28 «Ақбота» бөбекжай -
балабақшасы меңгерушісі: Б.Жолболды
ЦИКЛОГРАММА
(23-27 сәуір 2018жыл)
Ортанғы «Балауса» тобы
Өтпелі тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Апталық тақырып: «Достық-біздің тірегіміз» (Халықтар достығы)»
|
Күн тәртібі |
Уақыты |
Дүйсенбі 23.04.2018ж |
Сейсенбі 24.04.2018ж |
Сәрсенбі 25.04.2018ж |
Бейсенбі 26.04.2018ж |
Жұма 27.04.2018ж |
|
|
|
|
|||||||||||||
|
Балаларды қабылдау |
07.30- 8.30 |
«Сәлеметсің бе, балабақша!» Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс. |
Сәлемдесу. Дене қызуларын мен тазалығын тексеру Дене шынықтыру шаралары. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. |
Сәлемдесу. . Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру Суретті кітапшалар тамашалау . Медбике, психологпен бірлескен жұмыс. |
Сәлемдесу. Дене қызуларын мен тазалығын тексеру Дене шынықтыру шаралары. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. |
Сәлемдесу. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру Құрастырмалы ойыншықтармен ойын. |
|
|
|
|
|||||||||||||
|
Ата – аналармен әңгімелесу |
Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу; |
Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу |
Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу; |
Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу; |
«Балаларды өздерінің достарымен ойын барысында тату ойнау керектігі жөнінде» әңгімелесу. |
|
|
|
|
||||||||||||||
|
Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. ) |
Қуыршақты киіндіру |
Бау – бақшада |
Ненің дауысы? |
Дәрігер |
Сенде не бар? . |
|
|
|
|
||||||||||||||
|
Таңертеңгі жаттығу |
|
Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау. Кешен№ |
|
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Таңғы ас |
8.30-09.00 |
Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйрету АС ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету Дастархан басында сөйлейге болмайтынын айту Ас ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға баулу |
|
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық |
09.00- 09.15 |
Дид-қ ойын: «Қай ұлттың киімі?» Мақсаты: әр түрлі ұлт өкілдері туралы білу. Шарты:Суретке қарап ұлттық киімдерді ажырата білу. |
Дидактикалық ойын: «Танып ал да, атын ата». Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. Құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар және суреттер. Мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. |
Дидактикалық ойын: «Өз жұбыңды тап » Мақсаты:Санды көру,есту және дұрыс қабылдау қабілеттерін, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық үдерістерін дамыту. Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды. |
Дидактикалық ойын: «Досыңды тап». Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары көздерін таңып, өз достарын табуы керек. Олар өз досының қолын, шашын, киімін ұстап, сипау арқылы табады. |
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қап». Мақсаты:Балалар ға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу. Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға таныс ойыншықтар мен заттарды жәшікке жинайды. Балаларға менде бір сиқырлы дорба бар онда не бар екен дейді.Кәне көрейік! Бір ойыншықты алып шығып, мынау не дейді? Балалар заттың атын атайды. |
|
|
|
|
|||||||||||||
|
Ұйымдастырылған оқу қызметтері |
09.15-10:15 |
1.Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан» Мақсаты: Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыруды бекіту.. Дид-қ ойын: «Қай ұлттың киімі?» Мақсаты: әр түрлі ұлт өкілдері туралы білу. Шарты:Суретке қарап ұлттық киімдерді ажырата білу. Көрнекілігі: слайд суреттер,үнтаспа Әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, Технология: тәй-тәй,ақпараттық Интеграция: таным,шығармашылық Қостілділік: дос-друг, достық-дружба Барысы: «Достығымыз жарасқан»әнін тыңдату. Слайд сурет бойынша түсінік беру. Ғажайып сәт.қонаққа орыс ұлтынан бір бала келеді. Достық туралы білгісі келеді. «Әдебиет орталығы» ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. суретке қарап, әңгімелер құрайды. дос»туралы мақал-мәтелдер доссыз өмір-бос, жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. Өнер орталығы: әр ұл өкілдерінің суретін салады. Орталықтарын ауыстыру. Қорытынды.:Балаларға сұрақтар қою Қонақпен қоштасу. Сергіту сәті: Слайд аркылы орындайды. Балалар қимылдар жасайды. -Жарайсыңдар, өте жаксы жасадыңдар. Күтілетін нәтиже: Біледі: Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыруды Меңгереді: достық туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтуды. 2.Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу. Қимылды ойын: «Досыңа көмектес» 3. Сурет салу Тақырыбы: «Достық шаңырағы» Мақсаты: Қазақ халқының сәндік-қоданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Бәріміз біргеміз» Көрнекілігі: слайд суреттер,үнтаспа Әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, Технология: тәй-тәй,ақпараттық Интеграция: таным,шығармашылық Қостілділік: дос-друг, достық-дружба Барысы: «Достығымыз жарасқан»әнін тыңдату. Слайд сурет бойынша түсінік беру. Ғажайып сәт.қонаққа орыс ұлтынан бір бала келеді. Достық туралы білгісі келеді. «Әдебиет орталығы» ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. суретке қарап, әңгімелер құрайды. дос»туралы мақал-мәтелдер доссыз өмір-бос, жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. Өнер орталығы: 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен әшекейлеу.әр ұлт өкілдерінің суретін салады. Орталықтарын ауыстыру. Қорытынды.:Балаларға сұрақтар қою Қонақпен қоштасу. Сергіту сәті: - Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Достық үйін құрамыз. (Қимылмен көрсетеді). Жарайсыңдар, өте жаксы жасадыңдар. Күтілетін нәтиже: Біледі: Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыруды Меңгереді: Қазақ халқының сәндік-қоданбалы өнері туралы |
1. Жаратылыстану Тақырыбы: «Кесіртке қайда мекендейді?» Мақсаты: Бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстыруды бекіту.(кесірткенің денесі ұзын, құйрығы да ұзын, ол оны тастап кете алады және ол тез қимылдайды). Дид-қ ойын: «Топтастыр» Көрнекілігі: Бауырмен жорғалаушылар суреттері(кесіртке, тасбақа),бейнеүзік. Әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, Технология: тәй-тәй,ақпараттық Интеграция: коммуникация,шығармашылық Қостілділік: Әлеумет орталығы: кесіртке, тасбақа тіршілігімен толығырақ танысу. «әдебиет» орталығы слайд суреттер бойынша әңгімелесу. Бауырмен жорғалаушылар (кесіртке, тасбақа) бейнеүзік көрсету. Орталықтарын ауыстыру. Сергіту сәті: Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды. Қорытынды.:Балаларға сұрақтар қою Күтілетін нәтиже: Біледі: Бауырмен жорғалаушылар (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерін 2.Музыка Тақырыбы: «Халықтың қуаты-бірлікте» Мақсаты: Халықтар достығын насихаттау. Әр ұлт музыкасынан хабардар болу. Әуен аяқталуын дәл аңғару. Әуенді ырғақты қимыл: Ұлттық билерден попури Музыка тыңдау: «Достық әні» Б.Жұмабекова Ән айту: «Ағайынбыз бәріміз» М.Әубәкіров Ойын ойнау: «Кешікпе» орыс хал ойыны |
1.Құрастыру Тақырыбы: «Батпырауық» Мақсаты:Балалардың қалдық материалдардан бұйым жасау біліктерін бекіту. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану дағдысын жетілдіру. Дид-қ ойын: «Сұрақтарға жауап бер» Көрнекілігі: батпырауық суреті,бейнеүзік батпырауық ұшыру туралы. Әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, Технология: тәй-тәй,ақпараттық Интеграция: коммуникация,шығармашылық Қостілділік: батпырауық- Барысы: Ғажайып сәт: батпырауық ұшырған балалар туралы бейнеүзік көрсету. Жасалу жолын көрсету. «Әдебиет орталығы» батпырауық туралы мультфильм көрсету. Мультфильм желісі бойынша әңгімелесу. Өнер орталығы: қалдық материалдардан батпырауық жасау. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану арқылы жасау. Балалар фишкаларын ауыстырып сергіту сәтін жасайды Сергіту сәті: Слайд аркылы орындайды. Балалар қимылдар жасайды. -Жарайсыңдар, өте жаксы жасадыңдар. Күтілетін нәтиже: Біледі: қалдық материалдардан бұйым жасауды Меңгереді: Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану дағдысын
2.Дене шынықтыру Негізгі қимылдар:
2.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру(3,5-6,5м.кем емес). Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу. Қимылды ойын: «Достық көпірі»
|
1.Көркем әдебиет Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз» Мақсаты: Шығарма мен өлеңді ажырата білуді, көркемшығармада түрлі өмірлік жағдаяттар:мереке, өмірден алынған күлкілі және байсалды үзінділер бейнелеуі мүмкін екендігін түсіне білуін бекіту. Дид-қ ойын: «Не деу керек?» Көрнекілігі:. слайд суреттер.Үнтаспа. Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру Технология: ақпараттық Интеграция: шығармашылық, Қостілділік:дос-друг Барысы: Туыспыз біз бәріміз, Бір Отанды сүйеміз. Бақытты елде туған соң, Бақытты өмір сүреміз! Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Елімізде орыс, татар, ұйғыр, неміс, кәріс, тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттың киімдері, тағамдары, ойындары болады. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді. «Әдебиет орталығы» «Тату доспыз бәріміз» тақырыбындасурет арқылы жұмыс жүргізу. суретке қарап, әңгімелер құрайды. Туыспыз біз бәріміз, Бір Отанды сүйеміз. Бақытты елде туған соң, Бақытты өмір сүреміз! Өнер орталығы: әр ұлт өкілдерінің суретін салады. Орталықтарын ауыстыру. Қорытынды.:Балаларға сұрақтар қою
Сергіту сәті: Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды. Күтілетін нәтиже: Білу керек: Шығарма мен өлеңді ажырата білу Игерді:көркемшығармада түрлі өмірлік жағдаяттар:мереке, өмірден алынған күлкілі және байсалды үзінділер бейнелеуі мүмкін екендігін түсіне білу 2.ҚМҰҚ Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында» Мақсаты: Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру.5-ке дейін тура және кері санауды бекіту. Дид-қ ойын: «Киімінде қандай пішін бар?» Көрнекілігі:. слайд суреттер.Үнтаспа. Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру Технология: ақпараттық Интеграция: шығармашылық, Қостілділік: Барысы: суретпен жұмыс. Салыстыру. Сергіту сәті: Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Достық үйін құрамыз. (Қимылмен көрсетеді).
Күтілетін нәтиже: Білу керек: Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы . Игерді: 5-ке дейін тура және кері санауды бекіту. 3.Музыка Тақырыбы: «Халықтың қуаты-бірлікте» Мақсаты: Халықтар достығын насихаттау. Әр ұлт музыкасынан хабардар болу. Әуен аяқталуын дәл аңғару. Әуенді ырғақты қимыл: Ұлттық билерден попури Музыка тыңдау: «Достық әні» Б.Жұмабекова Ән айту: «Ағайынбыз бәріміз» М.Әубәкіров Ойын ойнау: «Кешікпе» орыс хал ойыны |
1.Мүсіндеу Тақырыбы: «Шаңырақ» Мақсаты: Заттарды түрлі тәсілдерді қолданып мүсіндеу дағдыларын бекіту.. Қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды. Дид-қ ойын: «Бірдей суретті тап» Көрнекілігі: шаңырақ суреті.үнтаспа. Әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, Технология: тәй-тәй,ақпараттық Интеграция: таным,коммуникация Қостілділік: Барысы: Ғажайып сәт. «Әдебиет » Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Достық үйін құрамыз. «Өнер» «шаңырақ» суретке қарап ұқыпты жасайды. Балалар фишкаларын ауыстырып сергіту сәтін жасайды.. Балалардың жұмыстары көрсетіліп бағаланады. Сергіту сәті: - Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Достық үйін құрамыз. (Қимылмен көрсетеді). Жарайсыңдар, өте жаксы жасадыңдар. Күтілетін нәтиже: біледі: ермексаздан шаңырақ жасауды Меңгереді: Заттарды түрлі тәсілдерді қолданып мүсіндеу дағдыларын 2.Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 3.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Биіктігі 5-10см 2-3 заттың үстінен кезектесе секіру. Қимылды ойын: «Ине-жіп» Бурят ойыны |
|
|
|
|
|||||||||||||
|
Серуенге дайындық |
10.15-10:30 |
Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау. |
|
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Серуендеу бақылау,еңбек,қимылды ойындар. |
10:30- 12.10 |
Ауа- райын бақылау БақылауАуа -райына жүйелі түрде қадағалау жасау; сәуір айын сипатты белгісіне көңіл аударып және біріктіру; барлық жан жануарлардың белсенді өміріне, өсімдіктердің өсуіне және жарығына, жылудың төгілуіне байланысты орнату. Қимылды ойын«Тату, барлығы бірге»Алаңның қарама қарсы жағына тепе теңдікті сақтай отырып, бір жолға қозғалуға балаларды үйрету; бір жылдамдықпен бірін бірі қуып жетпей, жүгіруді үйретіп дамыту. Еңбек іс-әрекеті Құмның үстіне құм себу және суару Еңбекке қатысу , еңбекке баулу; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.
|
Шөп-шалаңды өсімдіктерді бақылау Бақылау:Балаларды алаңда өсетін шөп-шалаңды өсімдіктермен таныстыру; өсімдіктің дамуы мен өсуі жайлы көріністерді қалыптастыру; өсімдіктің жеке құрылымымен таныстыру (тамыр, жапырақ, гүл), олардың әр өсімдікте әр түрлі екендігін түсіндіру: шөп-шалаңды өсімдіктер гүлдейді. Қимылды ойын: «Құлындар» Белгі бойынша бірінің артынан бірі болып дөңгеленіп жүруге үйрету. Шыдамдылыққа үйрету. Еңбек іс-әрекеті: Атыздардың арам шөбін отау. Балаларды атыздардың арам шөбін отауға , жұмысты өз еркімен ықыласты жасауға үйрету.
|
Желді бақылау Бақылау: Ауа қозғалысы жөнінде бастапқы түсініктемені нығайту;желдің қалай құрылуы жөніндегі мәліметтерді толықтыру: жер қызады,жерден ауа қызады, одан әрі жоғарлайды, ал суық ауа оның орнын басады, содан соң жел тұрады. Желдің нашар, күшті жақтарын ажырата білуге үйрету; қандай белгілері бойынша желдің күштілігін анықтау қажет екенін түсіндіре білу; ағаш қозғалса күшті жел, шөп тербелсе әлсіз жел. Көктем желді қысқы желмен салыстыра білуге үйрету. Табиғатқа қызығушылықты, қадағалауды дамыту. Қимылды ойын:«Қол ұстасып жүру» Белгі бойынша ортаға қозғалуға, екі шеңбер құра білуге үйрету(орталар қарама қарсы жаққа айналады, қолдарын ұстамай бір жағына) . Ұжымдық сезімге тәрбиелеу. Еңбек «с-әрекеті»: Үй өсімдігін отырғызу Үй өсімдігін отырғызуға қатысу. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын өз бетінше жинауға үйрету.
|
Жауын, бұршақты бақылау Бақылау:Жауынның алғашқы белгілерін байқау: бұлттар бұл қараңғы, қалың бұлттар. Жауынның қалай құрылатыны жөнінде түсініктемені бекіту(су тамшысынан құрылатын бұлт аспанда ұзақ тұрмайды, жерге жауын болып құлайды; егер тамшылар кішірек болса -жауын сіркірейді,ірі тамшылар - жауын жиі құяды; әр бағыта болса- тікелей, қисық). дамыту. Қимылды ойын: «От- су» Жүргізушінің есептеуді таңдау талабын нығайту; белгі бойыша әрекет етуге үйрету«От» бәрі отыра бастайды,«Су» айналым бойынша бір жаққа ағады.Ойында жолдастарының және өзінің ойын нәтижесін дұрыс бағалауға үйрету. Еңбек іс-әрекеті:Қажеттілік бойынша(аквариумда судың ауысуы) Аквариумдағы суды ауыстыруда ересектерге көмектесу.қолайсыз жұмыстан қашпай, белсенді орындау. |
Көктемгі өсімдіктерді бақылау(қамыс,қураған шөптер, Бақылау: Өмірде көптеген өсімдіктер үшін ылғалдың қажеттілігі жөнінде түсінігін қалыптастыру, себебі олар көлдің жағасында өседі: қамыс(ұзын және төзімді сабағымен өсімдік), қураған шөптер, ; Сипатты белгілерін бөлуге және өсімдіктерді салыстыруға үйрету; жағада, су Қимылды ойын: «Орман, батпақ, өзен»(белорус халық ойыны) Қоршаған әлем жөнінде білімін нығайту; белгі бойынша әрекет етуге үйрету:
Еңбек: Алаңды
қоқыстардан тазалау.
|
|
|
|
|
|||||||||||||
|
Серуеннен оралу |
12:10-12:30 |
Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау |
|
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Түскі ас |
12:30- 13:10 |
Асқа отырғызу. Балаларға ас ішу ережесін сақтауды дағдыландыру Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру Сөздік материалдарды қолданып, тамақ ішу ережелерін сақтауға баулу. |
|
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Түскі ұйқы |
13.10- 15.20 |
Астан кейін ауыз қуыстарын шайғызу,беті-қолдарын жуғыздыру; ұйқыға жатқызу, жағымды әуен қою. Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Баяу қарқынмен ертегі тыңдату. |
|
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынық тыру шаралары |
15 20- 15.40 |
Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру «Қайық» - Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу. «Кемпірқосақ» - Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау. «Тышқандар» - Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу |
|
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Бесін ас |
15.40- 16.00 |
Асқа отырғызу,ұқыпты жеуге дағдыландыру Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру |
|
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Ойындар, дербес әрекет |
16 .00-16.30 |
«Керісінше айт» Балалардың сөздік қорына антоним сөздерін енгізу (жылы- суық, ыстық- суық, жарық -қараңғы және т.б.); айналаны қоршаған ортаны терең түсіне білу. |
«Не өседі, гүлденеді, толықсиды?» Аталмыш жерде кең таралған өсімдіктер жайлы түсіндіру. |
«Ойлан, асықпа» Тәрбиеші тапсырмасы бойынша сөз табу. «Күннің көзі» сөзіне- айқын, ыстық,жарық...; «аспан» сөзіне- бұлт,көгілдір,жаңбыр сәйке келетін сөз табу. |
Мақал-мәтел: Жаңбыр жауса – жер ырысы. доссыз өмір-бос, жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. |
Жұмбақ: Қанаты жоқ – ұшады,Аяғы жоқ – қонады.(Жел) Аспай піскен, қинамай түскен.(Жеміс) |
|
|
|
|
|||||||||||||
|
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс |
Жеке баламен жұмыс: Жаңылтпаш:Жаңбыр жауып келеді қар аралас,Бір топ қатын келеді шал аралас.Тауға қайың бітеді тал аралас,Бір топ сиыр келеді тана аралас. |
Жеке баламен жұмыс: Жұмбақ: Қанаты жоқ – ұшады,Аяғы жоқ – қонады.(Жел) Аспай піскен, қинамай түскен.(Жеміс) |
Жеке баламен жұмыс: Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Достық үйін құрамыз. |
Вариативтік компонент: «Я чудо» |
Вариативтік компонент: «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту» |
|
Қимылды ойын: «Аю мен
аралар» |
Қимылды
ойын: «Аңшы мен қояндар» |
Қимылды
ойын: «Аққу-қаздар» |
||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||
|
Серуенге дайындық |
16:30-16:50 |
Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау. Балабақша ауласына серуен. Балалармен әңгімелесу. |
|
|
|
|
|||||||||||||||||
|
Серуен, қимылды ойындар |
16:50-17:40 |
Хан «алшы» Бұқл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы. Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді. |
Көтермек Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады. |
Күш сынаспақ Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. |
Тауық күрес. Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. |
Арқан тарту. Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді. |
|
|
|
|
|||||||||||||
|
Кешкілік. Үйлеріне қайтару |
17:40-18:00 |
Ата-аналарға кеңес: «Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру». |
Психологтің кеңесі: мысалы: «Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет. |
Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу. |
Психологтің кеңесі: мысалы: «Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет. |
Жобаны таныстыру. «құстар» тақырыбына көрме ұйымдастыру. |
|
|
|
|
|||||||||||||
Тексерілді:________________Әдіскер: Альменова Ж Тәрбиеші: Бозғұлбаева Құралай

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген