400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Апталық тақырып: "«Құстар-біздің досымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:___________

№28 «Ақбота» бөбекжай -

балабақшасы меңгерушісі: Б.Жолболды


ЦИКЛОГРАММА

(8-12 қаңтар, 2018 ж.)

Ортанғы «Балауса» тобы

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Апталық тақырып: "«Құстар-біздің досымыз»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

25.12.2017ж

Сейсенбі

26.12.2017ж

Сәрсенбі

27.12.2017ж

Бейсенбі

28.12.2017ж

Жұма

29.12.2017ж






Балаларды қабылдау


07.30-

8.30

«Сәлеметсің бе, балабақша!» Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Сәлемдесу.

Дене қызуларын мен тазалығын тексеру

Дене шынықтыру шаралары. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау.

Сәлемдесу.

. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру

Суретті кітапшалар тамашалау

. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Сәлемдесу.

. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру

. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Сәлемдесу. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру

Құрастырмалы ойыншықтармен ойын.







Ата – аналармен әңгімелесу



Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу;

«Балаларды өздерінің достарымен ойын барысында тату ойнау керектігі жөнінде» әңгімелесу.

Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу;


Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу

Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу







Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )

Шөре – шөре №8

Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.

Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.

Ойын шарты: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен жалғастырады.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым қайдасың?

Шөре – шөре деп ешкіні шақырады.

Қамбар ата өсірген,

Құла атым қайдасың?

Құрау – құрау - деп жылқыны шақырады.

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

Ауқау – ауқау – деп - сиырды шақырады.

Ойсыл қара баласы,

Ботақаным қайдасың?

Көс – көс деп түйені шақырады.

Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.




Кел, ойнайық! №15


Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.

Ойын шарты: Тәрбиеші баладан 2 – 3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастырып, айтады: «Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті.Оларды бізбен ойнауға шақырайық.Олар бізді есту үшін қатты: «Аю, кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге ойнайды. Мұнда ең маңыздысы балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты шақырғанын қадағалау болып табылады




Ақшақар№2

Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.

Ойын шарты: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Ақша қар, Ақша қар

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма қонасың

Кім алғыр? №11

Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.

Ойын шарты: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда» :

Аюды ал және мәшинеге отырғыз.

Аюды мәшиненің ішінен ал.

Мәшинеге қуыршақты отырғыз.

Қуыршақты мәшинемен қыдырт.

Бала бұл тапсырмаларды естуі, тусінуі және орындауы қажет. тапсырмалар қысқа және жеңіл,ал айтылуы ақырын,бірақ айқын болу керек.


Сыңғыр - сыңғыр№12


Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.

Қажетті құралдар: Қоңырау.

Ойын шарты: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.






Таңертеңгі жаттығу


Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. . «Йога» екі қолын созып біреуге құшағын ашқандай болды бұл қалыпта Йога өзін жұлдыз болып елестетеді екен .

Кешен №

Йога енді құстан құтылдым дегенде алдынан мысық шығады ол ұйқыдан жаңа оянып керіліп тұр екен. Қане бәріміз мысықтарша созыламыз аспанға қараймыз, арқамызды созамыз, басымызды түсіріп жерге қараймыз, арқамызды бүкірейтеміз, сонан соң артқы аяқтарын кезекпен жоғары көтеріп созамыз.

Мысық керіліп созылып ұйқысын аша алмай біраз тұрды.

Маймыл мысықтың соңынан қимылдарын күліп қайталап тұрды.

Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау «Қара жорға» әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Кешен №

.


Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені.

Жалпы дамыту жаттығулары

Йога енді құстан құтылдым дегенде алдынан мысық шығады ол ұйқыдан жаңа оянып керіліп тұр екен. Қане бәріміз мысықтарша созыламыз аспанға қараймыз, арқамызды созамыз, басымызды түсіріп жерге қараймыз, арқамызды бүкірейтеміз, сонан соң артқы аяқтарын кезекпен жоғары көтеріп созамыз.

Мысық керіліп созылып ұйқысын аша алмай біраз тұрды.

Маймыл мысықтың соңынан қимылдарын күліп қайталап тұрды.


Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені.

Йога енді құстан құтылдым дегенде алдынан мысық шығады ол ұйқыдан жаңа оянып керіліп тұр екен. Қане бәріміз мысықтарша созыламыз аспанға қараймыз, арқамызды созамыз, басымызды түсіріп жерге қараймыз, арқамызды бүкірейтеміз, сонан соң артқы аяқтарын кезекпен жоғары көтеріп созамыз.

Мысық керіліп созылып ұйқысын аша алмай біраз тұрды.

Маймыл мысықтың соңынан қимылдарын күліп қайталап тұрды.


Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау

«Қара жорға» әуенімен таңертеңгілік жаттығулар

Кешен №







Таңғы ас

8.30-09.00

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйрету

АС ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету

Дастархан басында сөйлейге болмайтынын айту

Ас ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға баулу

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйрету

АС ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету

Дастархан басында сөйлейге болмайтынын айту





Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық

09.00-

09.15

Санамақ айту балалармен.


Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Анам, әкем, апам, атам және мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз. Балалар санамақты тыңдап, тәрбиешінің артынан қайталайды.Саусақтарымен санап көрсету арқылы санамақты қайталайды.

Санамақта ата, апа, аға, әпке, бауыр туралы айтылған. Осы айтылғандардың бәрін отбасы деп атаймыз.

Отбасындағы ата мен әже, ата - баба болып келеді, әкең мен шешең, ата - ана. Ал әпке, аға, ата - ана, балалар отбасының мүшелері болады.

Ертегі: «Менің сүйікті ертегім»Мақсаты: ертегі кейіпкерлері бойынша ертегілерді атау, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Достыққа, адамгерші лікке, жолдастыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері шарты: сурет бойынша ертегілердің аттары мен мазмұнын айту.педагог балаларға қазақтың халық ертегілерінде кездесетін кейіпкерлерді атайды. Мысалы: хан, уәзір, қарға, кірпі, т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып, жаңа ер - тегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып, ойынды жалғастырады.

«Жаңылтпаштар»

Мақсаты: балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.

құрал-жабдықтары: жаңылтпаштар

шарты: тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.




Ойын: «Сөз қос»

мақсаты: сөзге сөз қосып,сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін,шапшаң ойлауын дамыту.

құрал-жабдықтары: Шар,алма ойыншықтар.

мазмұны: балаларды екі топқа бөлік өткізуге болады.Тәрбиеші сөз айтады,балалар сөзге сөз қосып,сөйлем құрайды.


Дидактикалық ойын:

«үй жануарлары мен дала жануарлары» шарты: ажырата білу.







Ұйымдастырылған оқу қызметтері

09.15-10:15

1.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Жыл құстары»

Мақсаты: Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыру дағдыларын бекіту.

Дид.ойын: «Құстардың атын ата»

Сөздік жұмыс:. Дала құстары,үй құстары Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал,

Қостілділік:Құстар –птицы, үй құстары-домашние птицы,дала құстары- степной птицы

Технология:

«ақпараттық технологиясы» Интеграция: «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық».

Серіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаныс саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ

 Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй құстары мен дала құстарын

Меңгереді: суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыру дағдыларын

2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу. Басынан асыра лақтыру және оны қағып алу.

Қимылды ойын: «Мысық пен торға йлар»

Қайталай алады:

Гимнастикалық қабырғаның екінші көлденең салмасына бекітілгенкөлбеу тақтай бойымен еңбектеуді Көрнекіліктер:. Гимнастикалық қабырға,доп

Қимылды ойын: «Тордағы құстар»

3. Сурет салу

Тақырыбы: «Тотықұс»

Мақсаты: Құстың үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып бейнелеу.

Үстел-үсті ойыны: «Тотықұстың әдемі үйі»

Көрнекілігі: құстар суреттері тотықұс пен әтеш ертегісін көрсету.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын. Қостілдік компанент: Құстар –птицы, үй құстары-домашние птицы,дала құстары- степной птицы тотықұс-попугай


Серіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаны саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ

 Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй құстары мен дала құстарын

Меңгереді: Құстың үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып бейнелеуді


1.Жаратылыстану

Тақырыбы:

«Үй құстары»

Мақсаты: Үй құстарын атап, дала құстары мен үй құстарының ерекшеліктерін аңғарту. Олардың адамға тигізер пайдасы туралы айту. Құстарды күтуге, баптауға тәрбиелеу. Ойлау, тыңдау қабілеттерін жетілдіру.

Дид.ойын:«Әр құсқа өз орны» Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер: Әр жыл мезгілдерінің суреттері. Күзгі ағаштардың суреттері.

Технология: «ақпараттық технологиясы», Қостілдік компанент: Құстар –птицы, үй құстары-домашние птицы,дала құстары- степной птицы

Серіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаныс саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ

 Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй құстары мен дала құстарын

Меңгереді: Олардың адамға тигізер пайдасы туралы



2.Музыка

Тақырыбы: «Қанатты достар»

Мақсаты: Қыстап қалған құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Балаларды өздігінен баяу-көтеріңкі, жоғары-төмен дыбыстарды ажыратуға үйретуді жалғастыру.

Әуенді ырғақты қимыл:

«Пингвин»

Ж.Молдажанова

«Зерек ботақан» жинағынан

Музыка тыңдау: «Қараторғай» Ақан сері

Ән айту: «Ақ қоян» А.Айтуова

Ойын ойнау: «Қасқыр мен қаздар»










1.Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Құстың ұясы»

Мақсаты: ересектердің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру

Дидактикалық ойын: «Үй және дала құстары»

Көрнекілігі:құстар туралы слайд, құстың ұясы суреті.

Қостілдік компанент: Құстар –птицы, құстың ұясы-птицы в гнездо

Серіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаныс саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ

 Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй құстары мен дала құстарын

Меңгереді: Олардың адамға тигізер пайдасы туралы



2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

2. Допты қағып алып жүгіру. Биіктігі 5-10см 2-3 заттың үстінен кезектесе секіру.Сызықпен (диаметрі1,5см) тепе-теңдікті сақтап жүру.

Қайталай алады:

Спорттық ойын элементерін және жаттығуларын мнегерген :шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді

Көрнекіліктер:Доп, орындық, арқан

1.Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қарлығаш» ертегісі

Мақсаты: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау. Ертегі желісін ретімен орындау.

Дид.ойын: «Құстарша ән сал» Сөздік жұмыс: қарлығаш. Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, қарлығаш ертегісін тыңдау ,слайд көрсету

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап,

Технология:

«ақпараттық технологиясы» Интеграция: «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық».

Қостілдік компанент: Құстар –птицы, үй құстары-домашние птицы,дала құстары- степной птицы Қарлығаш-ласточка

Серіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаныс саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ

 Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп



Барысы:Адамның досы қарлығаш,

                             Қарның ашты білемін.

                             Тамағыңды берейін,

                             Ұяңа әкеп себейін.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй құстары мен дала құстарын

Меңгереді: Ертегі желісін ретімен орындауды.

2. ҚМҰҚ

Тақырыбы:

«Құстарға қамқорлық»

Мақсаты: Осы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерлігіне жаттықтыруды жалғастыру.

Дид.ойын: «Жапалақ»

Көрнекілігі:

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын. Технология: «ақпараттық технологиясы», Интеграция: «Денсаулық», «Коммуникация», «Шығармашылық».

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй құстары мен дала құстарын

Меңгереді:

Олардың адамға тигізер пайдасы туралы

3. Музыка

Тақырыбы: «Қанатты достар»

Мақсаты: Қыстап қалған құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Балаларды өздігінен баяу-көтеріңкі, жоғары-төмен дыбыстарды ажыратуға үйретуді жалғастыру.Әуенді ырғақты қимыл:

«Пингвин»Ж.Молдажанова «Зерек ботақан» жинағынан Музыка тыңдау: «Қараторғай» Ақан сері Ән айту: «Зырлайды шанамыз» Д.МацуцинОйын ойнау: «Қасқыр мен қаздар»

1.Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тотықұс»

Мақсаты: Құстардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Қостілдік компанент: Құстар –птицы, үй құстары-домашние птицы,дала құстары- степной птицы, тотықұс-попугай

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: тотықұс суреттері, ермексаз, сулық, үлестірмелі материал,



Тотықұс,тотықұс,          Сөйлейсің бір тоқтамай                         Қайталайсың сөзімді,                          Әдемісің сен қандай?



Дид.ойын: «Құсты және ұясын құрастыру»



Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй құстары мен дала құстарын

Меңгереді: Құстың үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып бейнелеуді



2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:



3. Жай қарқында үздіксіз жүгіру ( 50-60метр жүгіру).

Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру.Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу.

Қимылды ойын: «Құс аулаушы»

Қайталай алады:

қозғалыс ойындарында ойын ережелерін сақтайды . Бір қатарға қайта тұра алады, сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұра алады, бір орында бұрылады.

Көрнекілігі:

Заттар,орындықтар






Серуенге дайындық


10.15-10:30

Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.






Серуендеу бақылау,еңбек,қимылды ойындар.


10:30-

12.10


№ 15 Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау.


Мақсаты:  Балаларға ауа райының  жағдайын байқап, белгілеуді  ұсыну. Қатты желге  назар аудару. Қатты жел әсіресе  ақпан айында  жиі болады,

ұйтқыған  боран мен бұрқасын борандарда қар бір жердең бір жерге жөңікіліп жүреді.


Көркем сөз:

Қыстсың кенже баласы ақпанбысың,

Аспан астың ораған ақ ьқармысың.

Алай-түлей бораның, язында,

Әппағым-ау аз –аздан шақтармысың?!


Қимылды ойын: «Үшінші артық»

Мақсаты:Шапшандыққа баулу.


Еңбек:Ауланы қардан тазалау.

Мақсаты: күректі пайдалана білуге үйрету.


Қимылды ойын: Денені тік ұстап, жатығуларды дұрыс білу.




№ 17 Қыстың негізгі белгілерін бақылау.


Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..

                                     (Жақан Смаков)

Қимылды ойын: «Аяз»

Мақсаты тез жүгіруге жаттықтыру.

Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.

Жорамал:

Түтін будақтап шықса, аяз болады.







№ 18 Қала көшелерін бақылау


Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін анықтап, толықтыру.

Сұрақтар:

Көшедегі үйлер қандай?

Көшедегі көліктер бір бағытта жүре ме, әлде екі бағытта жүре ме?

Жүргіншілер қайда, қандай жолмен жүрулері керек?


Көркем сөз:

Менің атым «бағдаршам» мекен жайым тұрақты,

Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін ешқашан.

Жол сілтейтін белгілер бөлінеді төрт топқа.

Қимылды ойын: «Жанады жанбайды» ойыны.

Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру.

Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға, істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: мұздың үстімен сырғанай білу.



№ 21 Құстарды бақылау.


Мақсаты: қыстайтын, алаңға келетін құстардың аттарын анықтау. Олардың сыртқы бейнесін, қандай жемді жақсы көретінін, қалай тұрып, қалай жүретіндерін анықтау.

Балаларды байқағыштыққа, құстарға жанашыр болуға тәрбиелеу.





№22  Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

 Мақсаты: ауа райын бақылау. Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.

1. Суық па, жылы ма?

2.Күн желді ме, жоқ па?

3. Балалар қалай киінген?

4. Ауа райының жайы қалай анықталады?

5.   Күн шуақты ма, әлде бұлыңғыр ма?

6. Қар жауып тұр ма?

7.   Жуырда қар жауып, өттіме ме?

Серуендеп келген балаларға бүгін өздері көріп, бақылаған ауа райының жайын күнтізбеге белгілеулері керектігін естеріне салу.

 Қимылды ойын: «Арқан тарту!»

Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.

Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.

Мақсаты: балаларды өздерінен кішілерге қамқоршы болуға тәрбиелеу.






Серуеннен оралу

12:10-12:30

Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау






Түскі ас

12:30-

13:10

Асқа отырғызу. Балаларға ас ішу ережесін сақтауды дағдыландыру

Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру

Асқа отырғызу. Асты ұқыпты жеуге дағдыландыру


Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау;

Сөздік материалдарды қолданып, тамақ ішу ережелерін сақтауға баулу.






Түскі ұйқы

13.10-

15.20

Астан кейін ауыз қуыстарын шайғызу,беті-қолдарын жуғыздыру; ұйқыға жатқызу, жағымды әуен қою.

Астан кейін балаларды жуындырып ұйқыға жатқызу, жағымды әуен қою.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Баяу қарқынмен ертегі тыңдату.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды әуен қою.

Астан кейін балаларды жуындырып ұйқыға жатқызу ,жағымды әуен қою.






Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары

15 20-

15.40

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру

«Қайық» - Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу.


«Кемпірқосақ» - Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау.



«Созылу» - Төсекте аяқтары бірге, қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу.


«Тышқандар» - Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу







Бесін ас

15.40-

16.00

Асқа отырғызу,ұқыпты жеуге дағдыландыру

Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру

Асқа отырғызу. Асты ұқыпты жеуге дағдыландыру


Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру

Асқа отырғызу. Асты ұқыпты жеуге дағдыландыру







Ойындар, дербес әрекет



16 .00-16.30


Жаңылпаштар:

Қар аппақ, дала аппақ-бәрі аппақ....

Қыс қыспаса, қыс па? Құс ұшпаса, құс па?



Көркем сөз:


Аппақ, аппақ ақшақар

Бірін ұстап алайын...

Ұстадым!

Жоқ, ақша қар,

Қайдан іздеп табайын?


Жұмбақтар:

 Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді,

«Қарап ал маңдайға!» - дейді                                                     (Бағдаршам)


Көркем сөз:

Мың торғай қамаса қораға,

Бір торғай тұрмайды...

Бір торғай тұрмайтын қораға

Мың торғай тұрмайды.

Қимылды ойындар: «Ұядағы құстар»


Көркем сөз:

Далада қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз тоймайды қарасаң.







Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс: Омар,Мирас ,Айару

Мақсаты:Тіл байлығын дамыту. Жатқа айта білу дағдысын қалыптастыру

Тотықұс,тотықұс,          Сөйлейсің бір тоқтамай

  Қайталайсың сөзімді,                          Әдемісің сен қандай?

Жеке баламен жұмыс: Ақбота, Алинұр

Мақсаты:сөздік қорын байыту

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаны саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ

 Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп

Жеке баламен жұмыс: Айзере,Нұрбақыт

Мақсаты :Жатқа айта білу дағдысын қалыптастыру

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаны саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ

 Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп

Вариативтік компонент:

«Я чудо»

Вариативтік компонент:

«бүлдіршіндердің шығармашылығын арттыру»


Қимылды ойын:

«Аю мен аралар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Қимылды ойын: «Аққу-қаздар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері










Серуенге дайындық



16:30-16:50

Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.

Балабақша ауласына серуен.

Балалармен әңгімелесу.

Балаларды киінгенде

киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.

Балабақша ауласына серуен.

Балалармен әңгімелесу.

Балаларды киінгенде түймеле рін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, дұрыстай білулерін қадағалау.






Серуен,

қимылды ойындар

16:50-17:40

Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту).
Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады.

Күн мен жаңбыр.
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді

Допты қуып жет.
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.




Кішкене өзен арқылы.
Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.



Поезд.
Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. поез бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды






Кешкілік.

Үйлеріне қайтару

17:40-18:00

Ата-аналарға кеңес:

«Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру».

Психологтің кеңесі: мысалы: «Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес:«Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы».

«Үй құстары, дала құстары» тақырыбына сурет көрмесін ұйымдастыру.







Тексерілді:________________Әдіскер: Альменова Ж

Тәрбиеші: Елеева Г

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
6222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі