400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Апталық тақырып: «Туған өлкем»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_____________

№28 «Ақбота» бөбекжай -

балабақшасы меңгерушісі: Б.Жолболды


ЦИКЛОГРАММА

ІІ апта (4-8 желтоқсан, 2017 ж.)

Ортанғы «Балауса» тобы

Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»

Апталық тақырып: «Туған өлкем»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

04.12.2017ж

Сейсенбі

05.12.2017ж

Сәрсенбі

06.12.2017ж

Бейсенбі

07.12.2017ж

Жұма

08.12.2017ж





Балаларды қабылдау


07.30-

8.30

«Сәлеметсің бе, балабақша!» Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Сәлемдесу.

Дене қызуларын мен тазалығын тексеру

Дене шынықтыру шаралары. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау.

Сәлемдесу.

. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру

Суретті кітапшалар тамашалау

. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Сәлемдесу.

. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру

. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.

Сәлемдесу. Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру

Құрастырмалы ойыншықтармен ойын.






Ата – аналармен әңгімелесу



Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу;


«Балаларды өздерінің достарымен ойын барысында тату ойнау керектігі жөнінде» әңгімелесу.

Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу;


Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу

Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу






Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )

«Мақал мәтелдер»

Мақсаты: Айтылған мақал- мәтелді қайталап айтып беруге дағдыландыру.

«Суреттерді орналастыр» 
Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

«Көп және біреу» 

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру. 

Дидактикалық ойын « Сиқырлы қорапша»

Мақсаты: Ойыншықтарды қарау және зерттеу,ажыратып олардың түсін,

пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атау.


Дидактикалық ойын: «Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: балаларды ойыншықтың түрлерімен таныстыру.






Таңертеңгі жаттығу


Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау.

Кешен №

«Бұрыштар»

1. Бастапқы қалып: арқамен жатып, қолды аяққа созып,аяқты тіке жоғары көтеру.

2. Бастапқы қалып: арқамен жатып,қолды жоғары көтеру.Арқадан ішке,іштен арқаға жату.

3 . Бастапқы қалып: «Алақандар»ішпен жатып,қол иықта алга сермеу.

4. Бастапқы қалып: «Шлагбаум» Б.қ. ішпен жатып, оң аяқты көтеру.содан сол аяқты көтеру.

5. Бастапқы қалып: «Қанқыз» тізерлеп отырып,жоғары тұру.Қайта отыру,алға еңкею, қол артта созулы.

6. Бастапқы қалып: бір орында жүру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын айту





Таңғы ас

8.30-09.00

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйрету

АС ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету

Дастархан басында сөйлейге болмайтынын айту

Ас ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға баулу

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйрету

АС ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету

Дастархан басында сөйлейге болмайтынын айту





Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық

09.00-

09.15

Дидактикалық ойын:

«Мен тұратын көше»

Мақсаты: Достарымен ойнағандарын әңгімелейді

«Менің көшем» суреті бойынша, әңгіме құрастырып айтып беруге үйрету.

Дид-қ ойын: «Мен досыммен көшені тазалаймын»

Мақсаты: балалардың ептілігін, ұқыптылығын ұқыптылығын аңғарымпаздығын жетілдіру.

Дид-қ ойын: «Сәлемдесу»
Балалар екі - үш жұптан бір - біріне қарап, әр түрлі елдің, адамдардың сәлемдесу рәсімін көрсетеді.

Дидактикалық ойын:

«Артығын тап»

Ойын шарты Үй жануарларының ішінен артық суретті табу.





Ұйымдастырылған оқу қызметтері

09.15-10:15

1.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:

«Біз тұратын қала»

(сурет бойынша әңгіме құрау)

Мақсаты: Сөз және сөз ұйқастарынан құрылған ойындарға қызығушылығын арттыру. Мнемотехника әдісі арқылы қаланың көрікті орындарын ретімен сипаттап, әңгіме құрастыра білуге үйрету.

Дид-қ ойын: «Менің мекенжайым»

Мақсаты: Ойын тәртібімен таныстыру.

Әдіс-тәсілі: Тәй-тәй

Көрнекіліктер: Слайд, суреттер

Билингвизм: қала-город, аудан –район,

Сергіту:

Басымызды иеміз

Билейміз күлеміз

Бір анда, бір мұнда

Өзіңді өзің айнала

Сыңғыр, сыңғыр, сыңғырлар

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Саусақтарда сақина

Санап көрші канеки

1-2-3

Дем алайық жинап күш.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өздерінің тұратын мекен-жайын біледі.



2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1. Қысқа секіртпемен секіру(демалу үзілістері бар 2-3реттен, 10рет секіру).

50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Қимылды ойын:

«Өз үйіңді тап»

3.Сурет

Тақырыбы: «Достық үйі»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді салуға, ою-өрнекпен әшекейлеуге үйрету. Балаларды әдемілікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Үстел-үсті ойыны: «Достардың үйін құрастыр»

Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер:қылқалам, бояулар, сүрткіштер, қағаздар. Геометриялық пішіндер

Сергіту сәті:

Бойыңды сергек, тік ұста.

Емін –еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Сол қолыңды соз алға.

Қол ұшына қарада, үшбұрыш сыз ауада,

Оң қол бос тұрмасын, әдемі шеңбер жасап зырласын.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Геометриялық піншіндер салуды түсінеді.

Қолданады: қылқаламмен жұмыс істеп, қағазға сурет салып қолдана алады.

1.Жаратылыстану

Тақырыбы: «Құсхананы мекендеушілер»

Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін анықтау жəне кеңейту. Жанды нысанды сипатта білу дағдысын, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа қамқор, мейірімді көзқарасын тəрбиелеу.

Дид-қ ойын: «Туған өлке құстары» Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып, (Орындарынан тұрып, жаймен тербеліп тұрады).

Гүлге ұқсап демалып. (Отырады )

Қанатымды бір қағып, (құсқа ұқсап ұшады)

Гүлдей болып жайқалып. (қолдарын жоғары көтереді)


Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: тақырып жайлы түсінеді:

Меңгереді: Қомқор болуды үйренеді.


2. Орыс тілі

Тема: «Наша Родина-Казахстан. Мой родной город».

Цель: Формировать у детей первоначальные представления о родном городе и Родине –Республике Казахстан. Учить называть на русском языке символы Казахстана, узнавать и называть достопримечательности родного города и столицы;

Развивать слуховое и зрительное внимания, словесно-логическое мышление, тонкую ручную моторику; Воспитывать уважение к госсимволам, любовь к родному городу, основы казахстанского патриотизма.

Дид-я игра:«Нарисуй свой край»

Билингвизм: яблока-алма, груша-алмұрт




1.Құрастыру

Тақырыбы: «Достық үйі»

( Құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.

Үстел-үсті ойыны: «Біздің өлкедегі үйлер»

Көрнекіліктер: Суреттер ,жемістер туралы слайд, көкөністер

Сергіту сәті:

Ал, балалар ,тұрайық,

Алақанды ұрайық!

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып.

Біз тынығып алайық.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тақырып жайлы біледі:

Жасай алады: Конструкторларды қолдана отырып ғимаратттар жасай алады:



2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

2.Еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өту. 20-25см.биіктікке секіру. Құрсаудан еңбектеп өту.

Қимылды ойын:

«Тақия тастамақ»




1. Драма

Тақырыбы: «Атам мен әжемнің ауылына саяхат»

Мақсаты:Ата мен әженің әңгімесін тыңдау мен адамдардың сезімі мен қарым –қатынасын көріп, қайталап көрсетуді қалыптастыру. Таныс ертегі кейіпкерлердің рөлдерін адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау Дид-қ ойын: «Кім есінде көп сақтайды?»

Көрнекіліктер:суреттер, автовус, слайдттар

Билингвизм: ата-дедушка,

Әже-бабушка

Сергіту сәті

Саусақтарым тұрындар

Сәл дем алып алындар

Сен басбармақ-шәй әкел

Балан үйрек-май әкел

Ортан терек-ет әкел

Шылдыр шүмек-сүт әкел

Ал, кішкентай бөбегім

Балмен қаймақ –сен әкел

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Таныс ертегі кейіпкерлердің рөлдерін адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалауды Біледі:Сүйіспеншілік жайлы

2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Астананың кереметтері»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді және геометриялық денелерді ажыратады және атайды.

Дид-қ ойын: «Неге ұқсайды?» Көрнекіліктер: Пішіндер



Күтілетін нәтиже: біледі: геометриялық пішіндерді

игереді: заттарды теңестіру; заттың орналасқан орнын анықтау;

меңгереді: топтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды.



3.Музыка

Тақырыбы:«Туған өлкем»

Мақсаты: Туған қаласына сезімін ән арқылы жеткізу. Хормен сөздер мен дыбыс-тарды таза және анық айтуға дағдыландыру.

Әуенді ырғақты қимыл:

«Сыр сұлуы» Ш.Қалдаяқов

Музыка тыңдау: «Сыр елім» (Т.Төрәлінің репертуарынан)

Ән айту: «Қызылорда» А.Еспенбетова

Ойын ойнау: «Алақанмен ән айтамыз» Музыкалық дидактикалық ойын


1.Аппликация

Тақырыбы: «Сыр ана» монументі

Мақсаты: Қайшына дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру.

Шаршыны беттестіру тәсілімен үшбұрышты қиюды үйрету.

Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Желімді, сүлгіні қолдануды үйретуді жалғастыру

Дид-қ ойын: «Туған өлке жәдігерлері» Көрнекіліктер: «Сыр ана» монументі

Суреттер

Сергіту сәті:

Көкке бойын созады,( аяқ ұшымен тұру)

Көпке қолын созады. (қолдарын жоғары көтеру)

Кең құшағын ашады, (қолдарын жаю)

Көлеңкесін тосады. (қолдарымен үшбұрыш жасау)

Көк қарағай, қарағай, мейірбанды анадай. (қолдарымен өздерін құшақтау).

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тақырып жайлы біледі:

Жасай алады: Шаршыны беттестіру тәсілімен үшбұрышты қиюды





2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

3. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өту.50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Гимнастикалық қабырғамен аралықтан аралыққа, оңға-солға ауысу.

Қимылды ойын:

«Қармен ойын»






Серуенге дайындық


10.15-10:30

Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.





Серуендеу бақылау,еңбек,қимылды ойындар.


10:30-

12.10


№7Терезедегі өрнектерді бақылау.

Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектерді бақылау.

Тапсырма: трафареттің көмегңмен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау.

Көркем сөз:

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалды артта қыр қалып.

Қимылды ойын: «Айлакер түлкі»

Мақсаты: оңды – солды жалтырап жүгіруге жаттығу.

Еңбек: қардан бекініс жасауды үйрету.

Мақсаты: күрекпен қарды ойып, үй салуды, бекет тұрғызуды үйрету.

Жеке жұмыс: қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету.

Жорамал: қыз аязды болса – жаз ыстық болады.

Жұмбақ:

Отта жанбайды

Суда батпайды.        ( Мұз)




№23 Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

 Мақсаты:өткен күндердегі дей ауа райын бақылау. Ағаштарды анықтап зерттеу. Күзде олар қандай болғанын еске түсіру. Қандай өзгеріс бар? Бір ағашты анықтап, суретін салып, оны күнтізбеге сақтау.

Балалар бала бақшада тәрбиешінің көмегімен ауа райының жағдайын күнтізбеге белгілеу.

Тапсырма: «Ашық аспан» тақырыпта сурет салу. Қағаз түстерінің бояуын түстеп, бір бояудың үстіне екінші бояуды жаға отырып, түсін келтіруге үйрету.

Қимылды ойындар: «Соқыр теке».

Мақсаты: шеңберде тез жүгіруге жаттықтыру, ептілікке үйрету, ойынның сөздерін дұрыс айтқызып жаттату.

Еңбек: қатқан мұз жолын тазалап, су құйып ретке келтіру.

Мақсаты: алаңшада тазалық, тәртіп сақтап, судың мұзға айналғанын көріп, қызықтау...

Жеке жұмыс: «Кім алысқа лақтырады?». Қар түйіршіктерін алысқа лақтыруға жаттықтыру.


№22  Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.


Мақсаты: ауа райын бақылау. Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.

1.   Сық па, жылы ма?

2.   Күн желді ме, жоқ па?

3.   Балалар қалай киінген?

4.   Ауа райының жайы қалай анықталады?

5.   Күн шуақты ма, әлде бұлыңғыр ма?

6.   Қар жауып тұр ма?

7.   Жуырда қар жауып, өттіме ме?

Серуендеп келген балаларға бүгін өздері көріп, бақылаған ауа райының жайын күнтізбеге белгілеулері керектігін естеріне салу.

Тапсырма: бұлттың суретін салу.


Қимылды ойын: «Арқан тарту!»

Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.

Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.

Мақсаты: балаларды өздерінен кішілерге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: алдағы тосқауылдан өтерде: жүгіру, еңбектеп жүгіруге, секіруге жаттықтыру.


№ 21 Құстарды бақылау.


Мақсаты: қыстайтын, алаңға келетін құстардың аттарын анықтау. Олардың сыртқы бейнесін, қандай жемді жақсы көретінін, қалай тұрып, қалай жүретіндерін анықтау.

Балаларды байқағыштыққа, құстарға жанашыр болуға тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Мың торғай қамаса қораға,

Бір торғай тұрмайды...

Бір торғай тұрмайтын қораға

Мың торғай тұрмайды.

Қимылды ойындар: «Ұядағы құстар»



№ 20        Қардың қасиетін бақылау


Мақсаты қар туралы балалардың білімдерін толықтыру, ақ, ұлпа сияқты, күн нұрына шағылысып жылтырайды.



Қимылды ойын: «ұстап ал»

Мақсаты: белгі берілісімен бірден іске кірісіп, жаттықтыру.

Еңбек: қарды күреу.

Жеке жұмыс: қарды жұмырлап, қатты қысу.


Жұмбақтар:


Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.


Мақал:

Сыртта «тау» болып жатса,

Үйде су болып тұрады.


Далада қар болса,

Қамбада астық болады.






Серуеннен оралу

12:10-12:30

Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау





Түскі ас

12:30-

13:10

Асқа отырғызу. Балаларға ас ішу ережесін сақтауды дағдыландыру

Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру

Асқа отырғызу. Асты ұқыпты жеуге дағдыландыру


Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау;

Сөздік материалдарды қолданып, тамақ ішу ережелерін сақтауға баулу.





Түскі ұйқы

13.10-

15.20

Астан кейін ауыз қуыстарын шайғызу,беті-қолдарын жуғыздыру; ұйқыға жатқызу, жағымды әуен қою.

Астан кейін балаларды жуындырып ұйқыға жатқызу, жағымды әуен қою.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Баяу қарқынмен ертегі тыңдату.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды әуен қою.

Астан кейін балаларды жуындырып ұйқыға жатқызу ,жағымды әуен қою.





Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары

15 20-

15.40

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру

«Қайық» - Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу.


«Кемпірқосақ» - Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау.



«Созылу» - Төсекте аяқтары бірге, қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу.



«Тышқандар» - Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу






Бесін ас

15.40-

16.00

Асқа отырғызу,ұқыпты жеуге дағдыландыру

Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру

Асқа отырғызу. Асты ұқыпты жеуге дағдыландыру


Тамақ ішу, үстелде отыру мәдениетін қалыптастыру

Асқа отырғызу. Асты ұқыпты жеуге дағдыландыру






Ойындар, дербес әрекет



16 .00-16.30


Көркем сөз:

Бүрсеңқағып жапырақтар,

Көше кезіп көшіп жатыр.

Тыныш қалған атыраптар,

Аппақ қарға тосып жатыр.


Жорамалдар:

1.   Қыс аязды болса – жаз ыстық болады.

2.   Қыста қар мол болса – жазда жаңбыр мол болады.

3.   Ағашқа қырау тұрса – күн жылы болады.


Көркем сөз

Далада қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз тоймайды қарасаң.


«Мақал мәтелдер»

Мақсаты: Айтылған мақал- мәтелді қайталап айтып беруге дағдыландыру

Көркем сөз:

Аққала

Аула сырты баққа да,

Тұрғызамыз аққала

Аққаланы айналып,

Ойлаймыз біз шаттана.






Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс: Жанеркемен «Біз тұратын қала» (сурет бойынша әңгіме құрау)

Мақсаты: тілдік грамматикалық құрлымын дамыту

Жеке баламен жұмыс: Мақсаты: Алинұрдың жанды нысанды сипаттай білу дағдысын, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа қамқор, мейірімді көзқарасын тəрбиелеу.

Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты : Омармен Мирасқа бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.

Вариативтік компонент:

«Мой любимый огород»

Вариативтік компонент:

«Дос іздеген бота» ертегісі


Қимылды ойын:

«Аю мен аралар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Қимылды ойын: «Аққу-қаздар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері









Серуенге дайындық



16:30-16:50

Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.


Балабақша ауласына серуен.

Балалармен әңгімелесу.


Балаларды киінгенде

киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.


Балабақша ауласына серуен.

Балалармен әңгімелесу.


Балаларды киінгенде түймеле рін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киімін дегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.





Серуен,

қимылды ойындар

16:50-17:40

Ұшты-ұшты

Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.

« Қасқырлар мен лақтар »

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.


« Күн мен түн »

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.


«Сыңғыр – сыңғыр»


Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.


« Түлкі мен қаздар »

Мақсаты: Түлкі мен қаздың қимылын жасауға, жылдамдыққа баулу.





Кешкілік.

Үйлеріне қайтару

17:40-18:00

Ата-аналарға кеңес:

«Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру».

Психологтің кеңесі: мысалы: «Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес:

«Құқық дегеніміз не?»

Жобаны таныстыру.

«Менің отбасым тақырыбына көрме ұйымдастыру.







Тексерілді:________________Әдіскер: Альменова Ж

Тәрбиеші: Альжанова Үрзада



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
4952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі