апталық "Тату отбасымен бірге "

Тақырып бойынша 11 материал табылды

апталық "Тату отбасымен бірге "

Материал туралы қысқаша түсінік
МДҰ тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тату отбасымен бірге» отбасылық апталық ашылуы


Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың бөбекжаймен, тәрбиешілермен, басқа ата-аналармен қарым-қатынасын қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, бүлшіндер қош келдіңіздер! Бүгіннен бастап 5 күн бойы бөбекжаймызда «Рухани жаңғыру- ұлт болашағы» аясында, қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселесін шешуде бөбекжай, тәрбиешілер ата-аналарға жан-жақты ынтымақтастығын нығайтуға орай ұйымдастырылған «Тату отбасымен бірге» атты апталық оздырылмақ.

Апталықтың шарттары: І күні: «Тату отбасымен бірге» апталықтың ашылуы

ІІ күні: «Тату отбасымен бірге» сурет көрме

ІІІ күні: «Әкем, шешем және мен» қысқы эстафеталық сайыс

ІV күні: «Тату отбасымен бірге» фото көрме

V күні: «Тату отбасымен бірге» сайысын ата-аналардың

дайындаған мерекелік кешімен қортындалаймыз.


Жүргізуші: Асқар тауы - сүеніші - әкесі

Мөлдір бұлақ тіреуіші анасы

Жасыл құрақ- келешегі - баласы

Бірге олар болады мықты - отбасы деп бүгін осы апталықтың І күні ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Ендеше құрметті ата-аналар бөбекжаймыздың сіздерге арнап әзірлеген педагогтарымыздың, бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалайық.


Флешмоб: «Спорт, спорт»

Орындайтын: педагогтар


Жүргізуші: Денсаулық- баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Денсаулықтың кепілі- ол спорт. «Шынықсаң шымыр боларсың» демекші үнемі спортпен айналысып, денсаулығымызға көңіл бөлейік дегім келеді .

Ортаға «Ботақан» тобының бүлдіршіндерін шақырамын.


Мадияр: Спорт сенің серігің-

Жаңға дауа, қолға күш

Сергітетін адамды-

Қимыл менен қозғалыс.



Т. Інжу: Спорт, спорт, спорт

Дансаулыққа пайдалы,

Секірген әрі жүгірткен,

Жаттықтырған адамды.


Рахман: Денсаулық ол - күлуің,

Көңіл- күйің жадырай,

Денсаулық ол- жүруің

Ешбір жерің ауырмай


Сағын: Шаңғы, коньки, шанамен

Биік таудан асамыз,

Бокс пенен күресте

Алтын, күміс алғанбыз


Жүргізуші: Ата-ана деген тіршіліктің иесін,

Сыйлайтынын адал бала білесің.

Өмір балын тамызар да ерініңе,

Шымырлатып еріткен бар жүниесін ол- әрине анамыз.

Ән: «Анашым»

Орындайтын: тәрбиеші Индира Құрманғазықызы


Жүргізуші: Апталықтың ІІ «Тату отбасымен бірге» отбасылық сурет көрмесі

ұйымдастырылады. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы шешіледі.

ІІІ күні «Әкем, шешем және мен» отбасылық қысқы эстафеталық сайыс.

Бұл сайысқа «Ботақан» тобынан Қажығалиев Абзал Талғатұлының отбасы ұлы Алисұлтанмен,

«Құлыншақ» тобынан Қуатов Қуаныш Асылбекұлының отбасы қызы Қарақатпен

«Ертегі» тобынан Мұханбеткереев Ерхат Хибатоллаұлының отбасы ұлы Ершатпен.

Құрметті ата-аналар тобымыздың намысын қорғап шыққан осы отбасылармызға жанкүйер болайық. Барлығыңызды қолдау көрсетуге шақырамын.

Ән: «Менің қос бәйтерегім»

Орындайтын: Гүлдана Нұрболатқызы


Жүргізуші: Тәлімге ұлды шақырар

Қызға да дейді- қарағым

Тілеуін тілеп отырар,

Ата-ана үйде баланың.

Флешмоб: «Қуырмаш»

Орындайтын: «Ботақан» тобының бүлдіршіндері





Жүргізуші: Әкешім асқар тауым мақтанышым

Шуақты ақ ізіңе бақ дарысын

Сана боп ұл-қызыңа қамқор сыйлап

Орындалсын бар тілегі батаңыздың

Ән: «Әкелер»

Орындайтын: Айнагүл Амангелдіқызы


Жүргізуші: Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің. - деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.10.2018
338
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі