Апталықтың ашылуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Апталықтың ашылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаратылыстану – Математика» апталығының ашылу салтанаты

         Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!        

Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар Жаратылыстану мен математиканы тек сабақта ғана  пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.Олай болса бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың бір-екі шумақ өлеңдерін тыңдайық.

 МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)

Мектепке келдім, ұстзады көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен өрнек,  теңдеумен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

ФИЗИКА ( «Ана туралы жыр» әнінің мотиві)

Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

Информатика

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мың істі атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,  

Биология
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орында өсиетін

География

География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын.
Химия

Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Жұргізуші: Біздің құрметті қонағымыз сұрақтардың жауабын білмесе мүмкін оқушылар сендер жауап берерсіңдер.

Сұрақтар қойылады.

1.Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ашқан кім? Менделеев

2.  1Литр су әлде , бір тонна тұз ауыр ма? Бірдей

3.Тұңғыш қазақ геологы, Қазақ ССРҒА-ның кеңестік шығыстан шыққан бірінші академигі, қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының авторы (Қ.Сәтбаев)

4.Қараңғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз?  (Сіріңкені

5.Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел,  Бриз

6.Полюстерді қосатын шартты сызық    Меридиан

7.Организмнің ішкі  ұш сұйықтығы   (Қан. Лимфа, ұлпа)

8.Жүйелеудің атасы  ( Кал Линеий)

9.Ильяс солтүстікке қарап отыр, ал Лаура оңтүстікке қарап отыр, екеуі бірін- бірі көргісі келіп отыр, Екеуі бастарын бұрмастан бірін-бірі қалай көре алады? 

( Олар бір- біріне  қарама -қарсы қарап отыр)

10.Қандай жолмен адам ешуақытта жүрмейді? ( Құс жолымен)

11.Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені.  (Ж.Флэшка)

12.Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)

 










«Бақыршық орта мектебі» КММ










«Қызықты физика» физикалық

ойыны

8а,8б сыныптар


Мұғалім:Айтимова Г.С









2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
3035
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі