| Пәні: Логика, 11 «В» сыныбы. Күні 09.09.2017 ж |
| Тақырыбы: | Аптаның күндерін, жылдың айларын анықтау. |
| Мақсаты | 1.Білімділік: Аптаның күндерін, жылдың айларын анықтауға мысалдар келтіре отырып, жаңа ұғымды беру.2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. |
| Күтілетін нәтиже | Аптаның күндерін, жылдың айларын анықтауға берілген есептерді шығара алады. |
| Ресурстар | Кеспе қағаздар, А4, маркерлер, стикерлер. |
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Лездетпе сұрақтар», «Кім жылдам?» |
| Пәнаралық байланыс: | математика |
| Ұйымдастыру кезеңі: | Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілейді. |
| Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| І.Қызығушылықты ояту. 14 минут |
| Фигураларды қалай теңдей етіп бөлеміз?Таразыға тартып қалай анықтаймыз?Тізбекті қалай жалғастырамыз?Сұрақ белгісінің орнындағы санды қалай табамыз?Адамның жасын қалай анықтаймыз? | Сұрақтарға жауап береді.
|
| ІІ. Мағынаны тану. 23 минут |
Өздігінен білім алуға бағыт-бағдар беру.
1-мысал: Қайсыбір айда үш сенбі айдың жұп сандарына сәйкес келеді. Осы айдың 28-сі аптаның қай күні болады?Шешуі: Айталық бірінші «жұп» сенбі күні х санына (х-жұп сан) сәйкес келсін. Бұдан кейінгі «жұп» сенбі екі атадан кейін, яғни айдың (х+14) санында, ал үшінші «жұп» сенбі – айдың (х+28) санында келеді. Бірақ айда 31 күн болады, олай болса х+28≤31, яғни х=2, 2+28=30, 30 – күні – үшінші «жұп» сенбі, айдың 28-сі аптаның бейсенбі күні болады. Жауабы: бейсенбі күн.Жұмадан кейін 19 тәуліктен соң аптаның қай күні сәйкес келетінін анықтаңдар.Егер бүгін сейсенбі болса, 340 күннен бұрынғы күн аптаның қай күніне сәйкес келеді?Қайсы бір айда жұма күндері жұп сандармен аяқталады? Осы айдың 15-сі аптаның қай күні болады?Қайсы бір айда үш бейсенбі жұп сандарға сәйкес келеді? Айдың 26-сы аптаның қай күні еді?Бір жылда ең кқп дегенде қанша рет жұма күні кездеседі? | Есептің шығару жолын талдайды және шығарады.
Есептің шартын құруда талдау жұмыстарын жүргізеді. Жауаптарын салыстыра отырып табады |
ІІІ: Ой толғаныс. 5 минут
|
| Адамның жасын анықтауға берілген есептерді құрастыруға тапсырма береді. | Есеп шығаруда тиімді жолдарды қолдана алады. Мысалдарды жұппен, топпен талдайды. |
| Үйге тапсырма: 1 минут | № 4.
|
|
Рефлексия
| Не білдім?
| Нені білгім келеді? |