400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақ бата, 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаттары: 1.Білімділік: Оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіріп, халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. 2.Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық ізденісін арттыру. 3. Тәрбиелік: Туған жерін,елін,қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. Еліміздің озық ойлы,кең өрісті азаматын тәрбиелеп,өнегелі,өнерлі болып өсуіне ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақ бата 
Сабақтың мақсаттары: 1.Білімділік: Оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіріп, халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық ізденісін арттыру.

3. Тәрбиелік: Туған жерін,елін,қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. Еліміздің озық ойлы,кең өрісті азаматын тәрбиелеп,өнегелі,өнерлі болып өсуіне ықпал ету. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдістері: оқу, баяндау,бейнетаспа тамашалау,мәнерлеп жатқа оқу,ой қозғау , сұрақ- жауап , жатқа оқу, мазмұндау, синтаксистік талдау. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Ақ бата» презентация, Шәкір Әбеновтің Н. Назарбаевқа берген батасы туралы бейнетаспалар , «Қыз Жібек» фильмінен үзінді 
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет. 

Сабақтың барысы: 

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1. «Ел бірлігі» Мәтінін мазмұндау.

2. Ел бірлігі, Отан туралы мақал- мәтелдер. 
Сабақтың мақсатын қою кезеңі: 
III . Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

- Сабағымыз ғасырдан ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазынамыз- батаға арналады. Бүгінгі сабағымызда батаның түрлерін қарастырып, халқымыздың өмірінде алатын орны туралы сөз қозғаймыз.

IV Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: 
1. Бата туралы презентация. 
1) Бата туралы бейнетаспа.Бата- ғасырдан-ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазына- ауыз әдебиетінің бір саласы. Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. Оған дәлел: «Бата-сөздің анасы», «Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын»,«Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас». 
2. Бата туралы ұлылардың сөзі: 
Б.Момышұлы:«Халқымыздың игі салт – дәстүрлері - біздің асыл мұрамыз»  
Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар – басы бар табақты тартуға алып келгенде де, асты жеп болғанда да бата қылады» 
3. Шәкір Әбеновтің Н. Назарбаевқа берген батасы туралы бейнетаспаны тамашалау.Бата билік басына келген хан, патшаларға, Елбасына да беріледі. Мәселен, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 1991 жылы алғаш рет Президент болып сайланған кезде өзінің таққа отыру рәсімінде Елбасымыз аты әлемге жайылған ұлы Абайдың ұрпағы Шәкір Әбенов ақсақалдан алды.

4. Аудандық «Дарын» ғылыми- практикалық конференциясының жүлдегері Ахметова Д. «Қазақ тіліндегі тілек-бата сөздерінің қолданылуы» туралы жобасы туралы.

Батаның негізгі түрлері

1.Ақ бата.

2.Теріс (қарғыс) бата.

3.Серттесу батасы (баталасу).

1)Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі береке –бірлікке шақыру.

2)Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, Отанын сатқан, ауыр қылмыс жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. «Қыз Жібек» фильмінен үзіндіні тамашалайды.( Төлегенге берген әкесінің теріс батасы туралы)

3) Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең. 
5. Жаңа сөздермен жұмыс.

Батагөй, зерделі, парасатты, жеткіншекқұт- береке

6. «Ақ бата» мәтінін оқып, талдау. 
IV.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі: 
1. 4- тапсырма .Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. 
- Адамзат болашақ ұрпағына не тілейді? 
- Алғыс сөзде қандай тілек айтылады? 
- А. Байтұрсынов бата туралы не дейді? 
2. 3- тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар.

VI.Бекіту кезеңі: Ақылдың алты қалпағы. 
Ақ қалпақ - Батаның шығу тарихы, түрлері туралы ақпарат береді.


Сары қалпақ – Батаның адамға деген әсері, бата адамдардың жолын ашуы туралы деректер. 
Көк қалпақ - Батаның түрлеріне, олардың маңызына, айтылатын орны, жастарды неге үйрететіні туралы қорытынды сөз. 
Жасыл қалпақ - «Қыз Жібек» фильмі бойынша, егер Төлеген әкесінің батасын алғанда... , мүмкін ол ... Адамдар бір-біріне түсіністікпен қараса... 
Қызыл қалпақ- Бата алған адамдардың сезімдері туралы. 
Қара қалпақ- Теріс бата алған адамдардың тағдыры,болашағы, олардың жан- дүниесі туралы. 
VII.Үйге тапсырма:

1.«Ақ бата» мәтінін мазмұндау. 2.1- тапсырма. «Қандай?»деген сұраққа жауап беретін сөздерді сөз құрамына талдау.

VIII. Сабақты қорытындылау:

Ата - бабамыздан мирас- өнеге болып қалған баталы сөздерді есімізде сақтап, қастерлеп жүрейік.

Тәуелсіздікке бата:

Уа, Жаратқан Ием!

Халқымды даласымен сақта.

Елімізді данасымен сақта,

Сәбиді анасымен сақта

Азаматты санасымен сақта

Уа, халқым бауырың бүтін болсын!

Күніміз ұлысты болсын!

Жеріміз ырысты болсын!

Елбасы бірлікке себепті болсын!

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Бұл бата қабыл болсын!

Әумин!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі